1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет90/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел

ТРЕНИНГТІК ТОПТЫҢ ДАМУ ФАЗАЛАРЫ

Конструктивті   жұмыс   тек   психологиялық   дамыған   және   дайындалған 

топта жүргізіледі. Топ терапевтикалық және түзету-дамытушылық қасиетке ие 

болу   үшін   дамуы   қажет.   Топтың   дамуы   мен   құрылу   процесінің   суреттеудің 

әртүрлі   ағымдары   бар,   топтың   құрылуы   және   даму   сценарийі,   басшының 

позициясы   мен   рөлі,   жеке   даралы   стиль   сияқты   процестерге   байланысты 

болады. Бірақ көптеген авторлар даму процесінде топ 4 негізгі фазадан өтеді 

деп көрсетеді:

1.  Бағыттылық   және   тәуелділік   фазасы.   Қатысушылар   ситуацияда   бір-

біріне   және   жүргізушіге   қарайды.   Көп   қатысушыларда   қызығушылық 

байқалады. Қорғаныс ретінде болып жатқанға күмәнмен қарау болуы мүмкін. 

Бұл кезде топ жүргізушіге бағытталып, оған тәуелді болады. Одан нұсқаулар 

мен   басқаруды   күтеді,   ол   жалғыз   ұйымдастырушысы   мен   қатысушылар 

арасындағы байланыс звеносы болады. Жүргізуші жұмыс барысында топқа да 

қарап,   оның   мүшелерінің   қызығушылықтары   мен   ұмтылыстарын   талдайды. 

Топтың   өмір   сүруі   қатысушылардың   категориясы   мен   жүргізушінің   стиліне 

байланысты болады. Топтың бұл фазаны өту нәтижесі келесі фазада байқалады. 

2.  «Притика»   және   қақтығыс   фазасы.   Қатысушылар   өзара   топта 

әлеуметтік орынды таңдайды. Бәсекелестікке ұмтылу көрінеді. Рөлдерді бөлісу 

белсенді жүреді, агрессивтілік жоғарлайды. Кей кезде топ мүшелері бір адамды 

таңдап   оған   басымдылық   жасайды,   жүргізушімен   ашық   конфронтацияның 

болуы   мүмкін.   Бұл   фаза   топта   қысымдылық   және   жоғары   қастаңдықпен 

сипатталады. Бір-біріне құрылымдық көмек әлі болмайды немесе көрінбейді. 

Бағалау   мен   кеңес   беру   көп   болады.   Бұл   кезең   басқарушы   (жүргізуші) 

тарапынан   бағалауды   талап   етеді.   Топ   көңілін   болып   жатқанды   қабылдауға 

бағыттау қажет. Неғұрлым ситуациядан шығуда көмек басым болса, соғұрлым 

әрі қарай жұмыстың мағаналы әрі терең болуына ресурстар көп болады. 

3.  Әріптестік және мақсатқа бағыттылық фазасы. Егер топ мүшелерінде 

жалпы   құндылықтар,   сенімділіктер,   сезімдердің   ашық   білдіру   және   жалпы 

«Біз» дегенді сезіну байқалса, онда топ дамып бұл фазаға жеткендігін білдіреді. 

Енді   қатысушылар   өз   проблемалары   жайлы   ашық   айтады.   Осы   кезеңде   топ 

терапевтикалық   қабілет   пен   тұлға   дамуы   қамтамасыз   ететін   қасиетке   ие 

болады.


4.  Топтың   аяқталу   фазасы.   Қойылған   міндеттерді   толық   шешіп, 

сұрақтарға   жауап   табылатын   болса,   онда   топ   өзінің   әлеуметтік-құрылымы 

ретінде   өмірін   аяқтайды.   Қатысушыларда   тренингтен   соң   қиындық   сезімі 

10


қалмас   үшін,   жүргізуші   тренингті   аяқтау   жұмысын   мақсатты   жасау   қажет. 

Қатысушылар топтан тыс өмірге эмоционалды дайын болу тиіс. Кейде жаңа 

ғана өзінің жеке тәжірибесін бастаған жүргізуші бұл фазаға көп көңіл бөлмей, 

«топтық арылу қалпында қалдырады», ол тренингтің нәтижесіне әсер етеді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет