1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы.
2.Тренингтің дамып қалыптасу кезеңдері
3.Тренингтің ерекшелігі және негізгі түсініктері.
1сұрақ
Бүгінгі күнде «тренинг» түсінігінің нақты бір анықтамасы жоқ, сондықтан бұл термин психологиялық практикада әр түрлі іс-әрекеттердің, әдіс-тәсілдер мен құралдардың ортақ термині ретінде кеңінен пайдаланылады.
«Тренинг» термині (ағылшынның train, training сөздерінен) оқыту, тәрбиелеу, жаттықтыру, үйрету сияқты бірқатар мағынаға ие. Мұндай көпмағыналық тренингтің ғылыми анықтамасына да тән. Ю.Н. Емельянов (1) тренингке іс-әрекеттің кез-келген қиын түрін игеру мен оқыту қабілеттілігін дамыту әдістерінің топтамасы деген анықтама береді.
Психологиялық тренинг дегеніміз– топтық жұмыстың белсенді әдісіне негізделе отырып, психологиялық әсер ету. Тренинг – арнайы ұйымдастырылған қарым-қатынас формасы. Онда психологиялық көмек және қолдау, араласушылық дағдылардың қалыптасуы, жеке тұлғаның дамуының ерекшеліктері туралы сұрақтар шешіледі. Тренинг –қалыптасқан стереотип және жекелей мәселелерді шешеді. Тренинг адамның потенциалын ашады және ары қарай дамытады. «Тренинг» терминін Эмильянованың ойынша оқытудың әдістерін белгілеу үшін қолданбау керек, ол оқыту мен қабілеттіліктердің даму әдістерін белгілейді немесе күрделі іс-әрекет түрін игереді. Тренингте әрбір қатысушылардың міндеті- өз-өзінің жекелей амалы арқылы көрсетуге көмектесу, яғни өзін-өзі түсіну, қабылдауға үйрену.
2 сұрақ
К.Левинің оқушыларының топаралық қатынас шеберханасындағы нәтижелі еңбектері АҚШ-дағы Ұлттық тренинг зертхананың негізін қалады.
Бұл зертханада тренингтік топтарының негізі қаланды. Нәтижесінде, оның жұмысының қорытындысы Т-топтың тәжірибесінде қолданылды.
Т-топтарында басқарушы қызметкерлерді, менеджерлер мен саяси көшбасшыларды өзара тиімді қарым-қатынасқа, ұйымдардағы қақтығыстарды шешуге, басқару шеберлігіне, топтық бірлестікті нығайтуға оқытты. Кейбір Т-топтарындағы оқытулар адам өмірінің құндылықтарын анықтауға, өзінің жеке жетілу сезімін күшейтуге бағытталған еді. Мұндай топтар 1954 жылы құрыла бастады және сенситивті топ деп аталған еді.
60 жылдардың аяғы мен 70 - жылдардың басында Т - топтары мен сенситивті топтар көптеп бой алды. Олардың негізгі мақсаты жұмысшы топтарындағы қақтығыстарды шешу және жұмысшы мен қызметкерлер арасындағы кәсіптік қарым- қатынасты нығайта түсу болды. 1964 жылы Т- тобының дамуындағы 17 жылдық тәжірибенің нәтижесі көрініс тапқан жинақ жарық көрді. Онда негізінен төрт мәселе: жаттықтырушылардың кәсіби деңгейі, Т-тобының әдістемесін жаңарту, зертханалық емес жағдайларда зертханалық әдістерді қолдану және теориялық зерттеу мен дамудың шыңдалуы жан-жақты қарастырылды.
60 - жылдары менеджерлердің кәсіби дайындығын арттыру үшін психологиялық қолдау көрсету мақсатында гуманистік психология дәстүріне сүйенген « К. Роджерстің » әлеуметтік және өмірлік қабілеттіліктердің (social/life skills training) тренингі қозғалысы пайда болды.
70-жылдары Лейпциг және Йенск университеттерінде М.Форвергтің басқаруымен әлеуметтік-психологиялық тренинг атты әдіс жетілдірілді. Тренингтің құралы ретінде тиімді қатынастық дағдыларды қалыптастыруға жағдай тудыратын драматизация элементтері бар рөлдік ойындар қолданылды. М.Форверг ұсынған әдістердің практикалық қосымшасы ретінде өндірістік кәсіпорындардың жетекшілерін әлеуметтік-психологиялық дайындау болды.
3-сұрақ
Педагогикалық тренингті көбіне студенттің мамандық сапасын, жеке қасиеттерін, өзін-өзі тануын, өзін-өзі жетілдіруін, өзін-өзі белсендіруін білуге, өзін ұжымда, көпшілік ортасында ұстауға, әріптесін тыңдауға, көпшілік алдында шығып сөйлеуге, өз ойын дәлдеп айтуға, басқалардың ойларымен санасуға үйретеді. Сонымен қатар, ұжыммен жұмыс істеуді, ұжымның жетістіктерін бағалауды, кемшіліктерін болдырмауды үйрене отырып, өз білімін жетілдіруге, өз бетінше ізденуге, шығармашылыққа жол ашады. Бұл әсіресе қазіргі кредиттік жүйемен білім беру барысында өте тиімділік көрсетеді.
Өзін-өзі басқаруға дағдылар тренингіне
әр түрлі варианттардағы аутогендік жаттығулар,
биологиялық кері байланыс тренингі жатады.
Бұл әдістер физиологиялық қызметтерді басқару және бақылау қабілеттерін дамытуға бағытталған, эмоциялық күйін қалыпқа келтіру және психологиялық күштенуді төмендетуге бағытталаған.
Араласушылық тренингіне мінез-құлықтық және әлеуметтік-психологиялық тренингтерінің топтық варианттары жатады. Олар жеке адамның жалпы араласушылық даярлығын жетілдіру және қалыптастыруға бағытталған. Мінез-құлықтық және әлеуметтік-психологиялық тренинг айырмашылықтары шартты. Айырмашылықтың мақсаттарының әр түрлілігі. Мысалы: нерв жүйесі ауыратындар клиникасында «мінез-құлықтық тренинг» жүргізіледі. «Әлеуметтік-психологиялық тренинг» дені сау адамдармен жұмыста жүргізіледі. Әдістердің өткізілуі әр түрлі болса да, бірақ олар міндетті екі компоненттен тұрады:
рольдік ойын.
топтық пікірталас.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг әр түрлі араласушылық іскерліктерінен құралады, қарым-қатынас басында керекті іскерлік (қатынасқа түсу үшін керек), қатынасты үзуге керек, психологиялық дәлелдеу іскерліктері мен дағдылары, белсенді тыңдау, қарым-қатынастағы серігінің жасырын ойын анықтау және т.б.
Жеке адамның дамуын ынталандыратын тренингтер - әр түрлі теориялық негіздері бар және жеке адамның жеке бір қасиетін дамытуға бағытталған тренингтік сабақтар жатады (өзін-өі түсіну, әлеуметтік перцепция дағдылары, мағынаны түйсіну т.б.).
Жеке адам дамуын ынталандыру тренингі
динамикалық - психодрамалық топтар.
гуманистік – Роджерс кездесу топтары, гештальт бағдарлану, әлеуметтік-психологиялық тренинг
когнитивті - өзін-өзі тану, мінез-құлықтық бейімделу стереотиптерін сезіну.
Жеке адам дамуын іске асыратын бағыттардың бірі тақырыптық тренинг, яғни топтың зейінін қандай да бір тақырыпқа шоғырландыру, тақырыптық пікірталас (өмір мәні, кәсіби қызығушылар).
Оқыту тренингтері – мамандыққа керек дағдыларды жетілдіруге бағытталған, онда шешуші фактор – қарым-қатынастық тиімділігі. Мұндай тренинг нақты топтың ұсынысымен қалыптасады. Мысалы: лабораториялық тренинг – психотерапевтер үшін, пациенттермен жұмыс дағдысын жасауға бағытталған. Әдістемелік тренинг – топтармен жұмыс істейтін тренинг – келісім процесі тренингі, басқару персоналдар үшін тренинг.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг – практикалық психологияның белсенді әдістері.
Әлеуметтік-психологиялық тренинг әр түрлі әдістемелік формалардан тұрады: видеотренинг, рөлдік оқытулар, баға және өзіндік бағаға топтық талдау, вербальды емес «әдістемелер».
Достарыңызбен бөлісу: |