1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы


Тренингте қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер. Ақмарал Хасенова



бет9/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел
тренинг билеттер түгел
10Тренингте қолданылатын негізгі әдіс-тәсілдер. Ақмарал Хасенова
Тренингтің негізгі әдіс-тәсілдері үш үлкен салаға бөлінеді – топтық пікір-сайыс және ойындар. Бейнені жобалау және психожаттығу қосалқылар болап табылады. 
Топтық пікір-сайыс тренинг әдістерінің негізгісі болып табылады. Талқыланатын пікір-сайыстың мәні негізгі үш мақсат арқылы жүзеге асады, олар: топтық процестерде кенттен пайда болатын жағдайлар топтық ойындарды өткізу нәтижесі ретінде және топтың шеңберде әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді жүргізудің нәтижелері ретінде. Сонымен қатар, «...топтың әр қатысушысына топтық үрдістер мен осы топтағы адамдардың оған деген көз-қарасы және топта болған уақыт аралығында өзінде болған белгілі бір нақты психологиялық жағдайды жан-жақты, әрі терең зерттеуге мүмкіндік беріледі» . 

В.П.Захаров пен Н.Ю.Хрящева топтағы пікір-сайысты сындарлы және бейсындарлы деп екіге бөледі. Сындарлы пікір-сайыстың іс-әрекеттік нәтижесі келесі қорытындылар арқылы жүзеге асады: өз ой-пікірін айту жағынан қатысушылар тең құқылы; әрқайсысы демографиялық атмосфераны сезінеді; әрбір қатысушы белсенділік көрсетеді; қатысушылар альтруистік және аффилиативті реакциялары басымды болады; бірлесе жұмыс жасау мен өзара қарым-қатынасқа қанағаттану. Топта орындалатын міндеттер әлеуметтік және тұлға аралық мәселелер; тұлғалық мәселелер; ақыл-ой міндеттер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелер пікір-сайыстың пәні болып табылады. Сонымен қатар, кәсіби жағдайда болатын жағдайлар «баллинттік топтар» пікір-сайыстың пәні болуы мүмкін – құлықтық тәрбиенің дамуын диагностикалау үшін қағиданы таңдау жағдайларын талдау. Топтық пікір-сайысты тиімді, әрі табысты өткізу үшін «қарым-қатынас ережелері» сияқты арнайы қағидаларды енгізу қажет. Пікір-сайыс жетекшісінің міндеті бұл қағидараларды түсіндіру мен бұлжытпай жүзеге асыру. 

Ойын әдістері. Әлеуметтік-психологиялық дайындық тәжірибесінде ойын әдістері операциондық және рольдік деп екіге бөлінеді. Операциондық ойындар (басқарушылық, іскерлі) өмірдегі тұлғалық аспектілерге қарағанда, құралды оқыту аспектісі әлдеқайда басымырақ, формальды және минималды. Мұндай ойындар экономикалық, ұйымдастырушылық және басқа да кәсіби мәселелерді шешу іскерлігін қолдануға бағытталған. 

Рольдік ойындар өз қалауына қарай белгілі бір рольді орындауға арналған. К.С.Станиславскийдіңактерлік тренинг жүйесінде рольдік ойындарды өткізу тәжрибесі жайлы көптеген пайдалы мағлұмат алуға болады. Бұл текке емес, себебі «...театр рольдік ойындардың бастамасы, символикалық ықпалдың тұжырымдамасы, адам тұлғасының үлгісі және өзін-өзі тануда қолданатын тәсілдер, сонымен қатар, психотерапевтік драматизация және инсценизация, имагопсихотерапия және топтық белсенді әдістердің рольдік варианттары сияқты психологиялық әлеуметтік- тәжірибелік лабораторияның алғашқысы деп есептеуге болады». Психология мен театрдың байланысы Я.Мореноның «психо-драма» әдісінде көрсетілген. 

Психодрамада қолданатын рольдік ойындар базалық және жағдайлық деп бөлінеді. Базалық рольдық ойындардың әмбебап психологиялық маңызы бар және олардың мазмұнына қарамастан түрлі психологиялық мәселелерде қолдануға болады.

Бұл «өзін-өзі таныстыру», «диалог», «монолог», «дубляж», «рольмен алмасу», «репликалар айту», «рольдерді орындау», «бос зал», «айна» сияқты техникалар. Жағдайлық-рольдік ойында шектеулі негіз бар, олар қарастырылатын мәселелердің ерекше мазмұнымен бір-бірімен тығыз байланысты. Оның мақсаты – сабақ барысында пайда болатын терапевтикалық қажеттіліктерді қанағаттандыру. Н.Н.Богомолованың пікірінше, жағдайлық-рольдік ойындардың мәні қатысушыларға берілген проблемалық жағдайды импровизаялап ойнау болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет