А. Н. Хасенова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты



Дата13.12.2016
өлшемі94,49 Kb.
#3712
ҚАДЫР МЫРЗА ӘЛИДІҢ «ҒИБРАТНӘМЕ» ШЫҒАРМАСЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕР ЕСІМДЕРДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
А.Н. Хасенова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты
Қазіргі тіл білімінде шығармадағы жалқы есімдердің лингвопоэтикалық және стилистикалық табиғатына үңілу үрдісінің артуы байқалады. Бұл заңды құбылыс. Себебі жалқы есімдер сөз өнері шеберінің шығармасында шығарманың құрылымын, мазмұнын, автордың психологиясын танытатын рөл атқарады.

Ономастикалық зертеулердің дербес саласы болып саналатын поэтикалық немесе әдеби ономастика көркем әдебиет мәтіндеріндегі жалқы есімдердің қолданылуын зерттейді.

Қазақстанның халық жазушысы, ақын Қадыр Мырза Әлидің «Ғибратнәмә» жинағына 160 ғибратты шағын әңгімелер енген. Ұлы қаламгердің ақындық, жазушылық шеберлігі, окказионалды тіркестері мен афоризмдері бірнеше ғалымдар мен ізденушілердің зерттеу еңбектеріне арқау болды. Атап айтқанда, З. Ерназарова, А. Әбділова, Г. Әжіғалиева, Ш. Баратова, Қ. Рамазанова, Қ. Тілеубердиев, т.б.

Қадыр Мырза Әли қазақ әдебиеті тарихында өзіндік стилімен, терең философиясымен ерекшеленетін ақын. Қаламгердің жазушылық шеберлігін, терең ойшыл, философ екенін «Ғибратнәмә» атты жинағына енген шағын әңгімелерінен аңғарамыз. Аталған жинаққа енген әңгімелерінде автор қоғамдағы өзекті мәселелерді, адам бойындағы жағымсыз мінез-құлықты, пендешілікті, сатқындықты терең астармен көрсете білген. Әр әңгімені оқи отырып сіз осы заманның бет-бейнесін көріп, өзіңізге мол ғибрат алып, ой түйесіз.Әңгіме мәтіні қысқа, бірақ берер ғибраты өте үлкен. Қысқа ғана мәтінмен терең ойды, мол ғибратты жазушының қалай жеткізіп отырғандығы сізді таңдандырады. Жазушы шеберлігінің сыры неде? деген сауал сізді мәтіннің құрылымына зейін аударуыңызға, сырына үңілуіңізге еріксіз жетелейді.

«Ғибратнәмәдағы» әңгімелерді оқып отырғанда біздің назарымызды ерекше аудартқаны автордың кейіпкерлерге есім беруі.

Бүгінгі мақаламызда біз жазушы әңгімелеріндегі кейіпкер есімдеріне тоқталмақпыз.Бұл әңгімелерден күнделікті тілімізде кездесетін антропонимдерді кездестірмейсіз.

Сөзіміз дәлелдірек болуы үшін аталған әңгімелерден мысал келтірсек:

«Опасыздық»

Бимәлім. Оның не екенін, кім екенін, өзгелер түгіл, өзі де біле қоймайтын. Білмей өтулері де мүмкін еді. Кімнің ұсынысы, кімнің қолдауы екені бір Алланың өзіне ғана аян. Бимәлім аяқ астынан қадірменді қазылар алқасына мүше боп шыға келді. Сол-сол-ақ екен ол ешкімді, ешкім оны танымай қалды. Қазылар алқасында қанша мүше болса, сонша дауыс бар. Яки әркім бір қазына! Бимәлім де солай! Дауыс болғанда, қазына болғанда қандай! Осыны сезе қойған Бимәлім дүниенің тұтқасын бір өзі ұстап тұрғандай құбылып шыға берді.

Қазылар алқасының алғашқы мәжілісінен бастап, жалаңаяқ кезінен бірге келе жатқан жалғыз жолдасының тағдыры соған қарап қалғандай болды. Қарап қалғандай емес, шынымен-ақ қарап қалды. Бимәлімнің көңілін сайтан жайлап, бүгінгі мәселенің кімнің қолында екенін жұртқа танытқысы келді. Алды да әлгі жалғыз жолдасына қарсы дауыс берді. Іштен шыққан жау жаман, бейшара досы жетіп тұрған жүлдесін ала алмай, жер соғып қала барды.

Мәжілістен кейін Сатқындық келіп Бимәлімнің қолын алды. Қолтығынан демеп машинаға мінгізді. Жолда келе жатып:



  • Оқасы жоқ... Бәріміз де солай бастағанбыз! Ең қиыны – осы бірінші күн, бірінші әрекет! Жігіттің жанына тұңғыш түнеп шыққан жас қыз сияқты, сосын оған тез үйреніп кетесің! Үйреніп қана қоймайсың... Сағат сайын біреуді сатқын кеп тұрады! Иә, сонымен қадамың құтты болсын! –деді арқасынан қағып.

Мәтінді оқып шығып ондағы кейіпкерлердің есімі дерексіз ұғымдармен аталып отырғанын көрдік. Автор бұл әңгімесінде адамдар бойында кездесіп жататын жаман қылық опасыздықтықты сөз етіп, тақырыпты жақсы ашу үшін дәл сол мінездің өзін, яғни Сатқындық атауын кейіпкер есімі ретінде алады. Дерексіз ұғымдардың кейіпкер есімі ретінде берілуі тек бұл әңгімеде ғана ұшырасатын жайт емес. Сонымен бірге мына әңгімелерінің кейіпкерлері де дерексіз ұғымдар: «Өтірік пен шындық», «Уайым мен Үміт», «Бәрінен биік көтерген».

Жазушы тек дерексіз ұғымдарды кейіпкер етіп қана қоймайды, сонымен бірге адамды қоршаған табиғаттағы аң-құс, төрт түлік мал атауларын да кейіпкер есімі ретінде алады. Оған мына әңгімелері дәлел бола алады:



«Бұған не дейсіз?»

Бұлбұл байғұстың дүние салғанына бүгін бір жыл толып, еске алу кешінде, күтпеген жерден Құзғын ұзақ сөз сөйлеп, зал толы зиялы қауымды бір сілкіндірді. Әркім өзіне өзі сенбей, біріне-бірі қарады. Қараса қарағандай... Атақты әншіні үнемі аяғынан шалып, тірлігін тірлік қылмай келген Құзғын бүгін адам таң қаларлықтай әдемі пікір айтып, марқұмның айрықша дарынын барынша басып айтты.

  • Әй, мынауың нағыз азамат екен ғой! – деді арт жақта отырған Қараторғай .

  • Сөзінің бәрі дұрыс. Бірақ тым кештеу айтып тұр! – деді Қарлығаш.

  • Құз-еке, мың да бір рақмет Сізге! – деді Бозторғай жанына келіп отыра берген баяндамашыға.

  • Шынында да неге ертерек айтпадыңыз?! Сіздің бұл пікіріңізді ел баяғыда естуі керек еді.

  • Оған мен емес, Бұлбұлдың өзі кінәлі! – деді Құзғын іштегі көне қызғанышын жасыра алмай.

  • Ертрек өлгенде ертерек айтатын едім!...

Осы әңгімеде құс атаулары мәтінде кейіпкер ретінде алынған. Қазақ халқы дауысы әдемі әншілерін бұлбұлға теңеп жатады. Ал құзғын құс халық танымында жағымсыз мәнге ие. Тойымсыздық, ашкөздік, қанағатсыздықты білдіреді. Тілімізде құзғын құлқын деген тұрақты тіркес те бар. Сондықтан да автор мәтіндегі негізгі ойды жеткізу үшін басты кейіпкер ретінде құзғын мен бұлбұлқұстарын алып отыр. Себебі бұл құстардың астарында қандай адам бейнесі жасырынып жатқаны оқырманға бірден түсінікті. Бұл құстардың атаулары тілімізде ауыспалы мәнге ие екеніне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде берілген түсініктер дәлел бола алады.

БҰЛБҰЛ Зат. 1. Орман-тоғайда болатын торғай тұқымдас, қоңыр-қызғылт түсті, даусы әдемі, кішкене әнші құс; сандуғаш. Біздің бір баһшат мысал бақшамыз бар, ішінде б ұ л б ұ л құсы сайрап тұрар (Бабалар сөзі).

2. зоол. Торғай тәрізділер отрядының сайрауықтар тұқымдасына жататын әнші құс. Ал, енді, мынау орманды дала белдеуінен бұлбұл, қара шымшық, маубас жапалақ, үкі, кептер, құр көптеп ұшырасып отырады («Лен. Жас»).

3. а уыс. Дауысы әдемі, сазды, әнші. Қазақ халқының бұлбұлы Күләш Байсейітовағанебары 24 жасында «халық артисі» деген аса жоғары құрметті атақ берілді (Ж. Рсалдин, Ахмет Жұбанов).

4. ауыс.Ақын, жыршы, өлеңші; тілге шешен, сөзге жүйрік адам. Ежелден ел бұлбұлы ақын шіркін ән салад, әңгіме айтад, жыр жырлайды (І. Жансүгіров Шығ.)[ҚТТС, 688-689 б.,Т. 3]



ҚҰЗҒЫН Зат.зоол. Қорек талғамайтын, көбіне өлексені жемтік ететін қарға тұқымдас құс.Құзғын қарғалар үлкен топ құрамай, бес-алты құстан құралған үйірмен ұшады (Р. Әлімбав, Құстар)

2. ауыс. Жауыз, озбыр, қанішер. Екі сұңқар таласса, құзғынға жем, Берекесін бұл қазақ сүйтіп құртқан (М. Дулатов, Шығ.). Арам қанды құзғындар, Тартсын, тартсын жазасын! Жәбіршіл жауыз зұлымдар, Тартсын енді сазасын (С. Сейфулин, Шығ.).[ҚТТС, 256-257 б., Т. 10]



«Бәрінен биік көтерген»

  • Адамды бірінші рет биікке көтерген мен! – деді Есек. - Ол мені ешқашан да ұмытпауға тиіс!

  • Мен оны сенен де гөрі биігірек көтергенмін! Иә, ио, Иһһ-һо! – деді Ат.

  • Көтергендерің рас. Бірақ мен көтерген биікке біреуің де көтере алған жоқсыңдар! – деп Маңғаз Түйе бәрінің басынан асырып бір түкіріп тастады.

  • Мақтаныңдар! Мақтаныңдар! Бірақ сәл ойланып көріңдер: адам баласын бәрінен биік көтерген мен! – деді Абырой.

Бұл әңгімеде автор кейіпкер ретінде адамға қызмет ететін жануарлар Есек, Ат және Түйені алып, оларды өзара айтыстырып, соңында адамның өмірде даңқын асқақтататын тек қана Абырой екенін айтады.

Мәтіндерді жіті қарай отырып, жазушының тақырыпты ашатындай кейіпкер есімдерін арнайы сараптап алғанына көз жеткізесіз. Себебі мәтіндер қысқа болғандықтан, әңгіме, повесть, роман жанрларындағыдайкейіпкергемінездеме беріп жататынмүмкіндік жоқ. Сондықтан автор халық санасында орныққан, атауын естіген кезде санамызда жағымды-жағымсыз ассоциациялар қалыптасқан атауларды алады.

Көркем мәтіндегі поэтонимдер автордың ойының жеткізілуіне, таңдаған жанрының толық ашылуына қызмет етеді. Сондықтан да шығармадағы поэтонимдер тегінен-тегін қойылмайды. Көркем мәтінде кездейсоқ кейіпкер есімдерінің болуы мүмкін емес. Бұл туралы орыс ғалымы Ю. Тынянов: «Көркем шығармада сөйлемейтін есім. Барлық есімдер сөйлейді... Шығармада аталған әр есімнің өзі мағына... » [1, 196].- деп пайымдайды. Бұл пікірдің дұрыстығына Қадыр Мырза Әли әңгімелерін оқи отырып көз жеткіземіз. Автордың шығармашылық шеберлігін онимдерді мәтін түзү заңдылығына бейімдеп, олардың мәтін ішіндегі эстетикалық маңыздылығын аша түсуінен, қажетті ақпаратты жеткізуде орынды пайдалана алуынан көреміз.Жазушы айтқысы келген ойды жеткізе алатындай етіп кейіпкерге есім беру арқылы шебер туынды тудырған. Сол арқылы әңгіме шағын ғана болса да, оқырманның бұл ғибарттардан алары мол.

Кейіпкерге есім беру оңай жұмыс емес. Себебі кейіпкер есімі шығармадағы автор айтқысы келген ойдың жүгін арқалап тұрады. Көркем шығармада қолданылатын поэтикалық есімдер атаулық функцияны ғана емес, сонымен бірге стилистикалық функцияны да атқарады. Кейіпкерге есім таңдай алу да шеберлік. Бұл туралы Л.М. Щетинин: «Көркем туынды қаһармандарының есімін таңдау екі ұстанымға бағнады: бұл есімдер берілген тілдің жүйесіне үйлесімді еніп тұруы және автордың қандай да бір кейіпкердің алдына қоятын стилистикалық міндетін шешуге көмектесуі тиіс» [2, 119].

Қадыр Мырза Әлінің «Ғибратнәмә» жинағына енген әңгімелердегі поэтикалық есімдерді семантикалық жақтан бірнеше топтарға жіктеуге болады:

Төрт-түлік мал есімдері: Қоспақ, Нар Тайлақ, Ақ Серке, Қой, Торы Бие, Қазақы Қой, Мәліш Қой, Қошқар, Момын Торы, Ат, Маңғаз Түйе;

Үй хайуанаттары есімдері: Бұралқы Ит, Төбет, тоқ Мысық, Мішім, Мысық, Ит;

Үй құстары есімдері: Ақ Тауық, Қырсық Қораз, Қораз, Күркетауық.

Аң, құс атаулары: кәрі Маймыл, Қарсақ, Түлкі, Қорқау Қасқыр, Қорқау, Ақ Тиін, Борсық, Қарсақ, Түлкі, Сасық Күзен, Тиін, Бұлбұл, Құзғын, Қараторғай, Қарлығаш, Бозторғай, Жапалақ, Сауысқан, Тоқылдақ, Бұлбұл, Шымшықұлы Шымшық, Сандуғаш, Бозторғай, дала Қыраны,Торғай, т.б.

Жиһаз, дүние-мүлік есімдері: Арқалы Орындық, Кресло, Тақ, Баланың Түбегі,Қайшы, Сыпырғыш, Шаң Сорғыш,Шаңсорғыш, Электр қуатын есептегіш,Ине, Жіп, Табурет, Орындық, Терезе Жапқыш, т.б.

Ыдыс-аяқ атаулары: қыз мінезді Кесе, Шанышқы, Штопр, Қазан, т.б.

Әшекей бұйымдар атаулары: Айна, Қолшатыр, Тарақ,Сұлу Сырға, т.б.

Дерексіз ұғым атаулары: Өтірік, Ақиқат, Шындық, Бимәлім, Сатқындық.Уайым, Үміт, Дәулет, Абырой;

Киім-кешек атаулары: Бәтіңкі, Біз Өкше Туфли, т.б.

Соматикалық атаулар: Құлақ, Тіл, Оң Қол, қоңқақ Мұрын, Көз, Бөксе, Қол, қомақты Ми,Азу Тіс, Көмей, Тырнақ, Бас Бармақ;

Жәндік, балық атаулары: Алабұға, Көлбақа, Қолтырауын, Алма Құрты, Бал Арасы, Баққоңыз, Тасбақа, Құрт,Кесіртке, Көлбақа, Пингвин, Жайра, Кірпі, Тышқан, Инелік, Көлбақа, Тышқан, Тышқан, Тасбақа, Саратан, Көк Шегіртке, Сона, Бал арасы, Сарышұнақ, Көк Шегіртке;

Құрал-сайман, қару-жарақ атаулары: Арба, Шана, Қара Құлып, Шығыршық Тұтқа, Бұрғы,Тығын, Балта, Электр Арасы, Айыр, Ұзын Шеге, Балға, Кетпен, Күрек, Ұстара, Қайрақ, Қылыш, Семсер,Бас Кесер Балта, Балтаның Сабы, Балта, Ағаш арасы;

Физикалық және табиғат құбылыстырының атаулары: Атом, Протон, Нейтрон, Ыс, Суық Жел, Өрт, Шолпан, Аспан Қақпасы, Ақша Бұлт.

Семантикалық топтастырудан көріп отырғанымыздай жазушы аталған жинаққа енген ғибратты әңгімелерінде кейіпкерге есім беруде дайын жалқы есімдерді пайдаланбайды. Жазушының неліктен осындай атауларды алғандығын, поэтонимнің мәтіндегі прагматикасы мен функциясын алдағы зерттеулерімізде қарастырамыз.

Қорыта айтқанда, жазушы әңгімелердегі кейіпкерлер адамның менмендігі, қызғанышы, күншілдігі, опасыздығы, екіжүзділігі сынды жағымсыз қылықтарды көрсетуге «қызмет істейді». Жазушының әңгімесіндегі қай поэтонимді алып қарасаңыз да, ол поэтонимдер кейіпкер мінезін ашуда, автор прагматикасын жеткізуде шебер қолданылған.
Пайдаланылған әдебиеттар тізімі:


  1. Тынянов Ю. Архаисты и новаторы. –М., 1929

  2. Щетинин Л.М. Слова, имена, вещи. – Ростов-на-Дону: Изд-во Рост. Ун-та, 1966

  3. Қадыр Мырза Әли. Таңдамалы туындыларының көп томдығы, - Алматы: Қазығұрт, 2011.

Т. 11: Алмас жерде қалмас. Үкілі үзінділер. Сөзмерген. Ғибратнәмә. -496 бет.

4. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Он бес томдық. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011.


Резюме.

В статье рассматривается поэтонимы в рассказах пистелья Кадыр Мырза Али.



Summary

The article discusses the stories poetonimy pistelya Kadyr Myrza Ali.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет