«Ахмет Байтұрсынов қазақ халқының ұлы көсемі» атты еске алу кеші



Дата15.09.2017
өлшемі155,83 Kb.
#33928
«Ахмет Байтұрсынов – қазақ халқының ұлы көсемі» атты еске алу кеші
Құрметтi ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгiн бiз қазақ халқының бiртуар ұлы Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына арналған еске алу кешіне жиналып отырмыз. Iрi ғалым-лингвист, әдебиет зерттеушi, тюрколог, дарынды ақын-аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазақ халқы, елi үшiн еңбегi зор.

Ал, қазiр Ахмет Байтұрсыновтың әруағын 1 минут үнсiздiкпен еске алып өтейiк.

Қазақ тiл бiлiмiнiң негiзiн қалаушы ғалым Ыбырай Алтынсариннен кейiнгi еңбегi ерекше ағартушы-педагог, сөз құдiретiн танытқан жаңаша ақын, қазақ баспасөз тiлiнiң ұлттық үлгiсiн көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесiн көрсетуге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткерi, жас совет үкiметiне адал қызмет еткен iрi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 28 /18/ қаңтарда сол кездегi Торғай уезiне қарасты Тосын болысының 5-шi ауылында, Сарытбек деген жерде /қазiргi Қостанай облысы Жанкелдин ауданы, Южный деген жерде/ дүниеге келген.

Ол бала кезiнен сөз танып, оны ұғып, көркем сөздiң елде жоғары бағаланатынын сезiп өстi. Саналы өмiрге аяқ басқан кезiнен бастап, халық поэзиясын, Абай, Ыбырай шығармаларын, орыс әдебиетiн оқыды. Мұның бәрi қоғамдық ой-пiкiрде тынымсыз iзденген, өмiрге құштар Ахмет үшiн текке кетуi мүмкiн емес едi. Сондықтан айналаны тану, бiлу, сезiну қалпын поэзия тiлiмен, өлеңмен жеткiзуге ден қойды. өлеңдi өзiнiң ағартушылық идеясына пайдалануды көздейдi. Осы бағытта жазылған өлнңдерін 6 –сынып оқушылары оқиды.

Сағынғалиев Ырысбай - «Қазақ салты»
Қаз едiк қатар ұшып қаңқылдаған,

Схара көлге қонып салқындаған.

iр өртке қаудан шыққан душар болып,

Не қалды тәнiмiзде шарпылмаған?

Алаштың адамының бәрi мәлiм:

Кiм қалды таразыға тартылмаған?

Дегендер: мен жақсымын, толып жатыр,

Жақсылық өз басынан артылмаған.

Тықылдап, құр пысықсып сөйлейтiн көп,

Екпiндеп, ұшқыр атша қарқындаған.

Бос белбеу, босаң туған бозбала көп,

Киiздей шала басып, қарпылмаған.

Еңкеңдеп ет аңдыған шалдар да көп,

Телмiрiп бiр тойғанын ар қылмаған.

Ақ көңiл, алаң-бұлаң адамдар көп,

Есептеп азын көпке, аңқылдаған.


Ерланова Гүлім - «Қазақ қалпы»
Қалтылдақ қайық мiнiп еспесi жоқ,

Теңiзде жүрмiз қалқып, кешпесi жоқ.

Жел соқса, құйын қуса жылжи беру

Болғандай табан тiреу еш нәрсе жоқ.

Бұл күйге бүгiн емес, көптен кiрдiк,

Алды-артын аңдамаған бетпен кiрдiк.

Шығармай бiр жеңнен қол, бiр жерден сөз,

Алалық алты бақан дертпен кiрдiк.

Бейне бiр құдiреттi сынақандай,

«Сақтар деп сақтар болса» сертпен жүрдiк.

Жат жақты жаратқанға күзеттiрiп,

Жақынмен ырылдастық, иттей үрдiк.

Бiлдiрдiк елдiң сырын, ердiң құнын,

Елiрiп ерегеске екi-үш күндiк.

Кiредi тентек есi түстен кейiн,

Мүшкiлiн халiмiздiң жаңа бiлдiк.

Әлi де саңлаусыз салтын бағып,

Түрi жоқ iс ететiн пәлен дерлiк.

«Ұлы той- көппен көрген» жалғыз мен бе,-

Деп отыр, не болса да жұртпен көрдiк.


Базарова Нұрбике - «Адамдық диқаншысы» -
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлi жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектiм,

Көңiлiн көгертуге құл халықтың.


Қор болған босқа кетiп еңбек, бейнет

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым, екi аяқты-

Адамдық айуанға қанша қажет


Жаратқан малды құдай не керекке-

Мiнуге, сою, соғу, жөндемекке.

Жорта бер қамыт киiп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.


Таяққа етi үйренген қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап.

Есептен алдағандай болғандар көп,

Жасықты, асыл ма деп, бiлмей қайрап.


Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы 8 –сынып оқушылары Жексенбаева Айзада мен Баймағанбетова Фарида әңгімелеп берді.
Тұтас буынның төлбасы, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы, ірі ғалым-тілші, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды-ақын аудармашы Ахмет Байтұрсынов қазіргі Қостанай облысы, Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде, ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы Байтұрсын шаңырағында 1873 жылы 18-қаңтарда дүниеге келген.Қалың қазақ ортасы, қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланың сезім дүниесін, ой әлемін тербеп толқытады. Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын мен оның інісі Ақтас қорлық зорлыққа шыдамай,1885 жылы 12-қазанда ояз начальнигі полковник Яковлевтің басын жарады. Мұның арты дүние- мүлікті тартып алу, түрме, абақты, Сібірге он бес жылға жер аударылумен тынады.

Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары әуелі көзі қарақты адамдардан өз үиінде хат танып, артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886-1891

Торғай қаласындағы екі класты орысша қазақша училищеде,1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып білім алады.1895 жылдың 1- маусымынан бастап мұғалім болады.

Ақтөбе, Қостанай,Қарқаралы, атырабында бала оқытады, өмір, тіршіліг күресіне араласады, әділет үшін күреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық саясатын айыптайды.

Ауылдық, болыстық, кейін екі класты мектептерде ұстаз бола жүріп, 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан алуан кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жазады, аударма жасап, өлең - жыр шығарады, ауыз әдебиеті (фольклор) нұсқаларын жинайды.Оқыған, еркін мінезділігімен, батыл да ойшылдығымен ел ішінде бедел атағы өсе бастайды. Полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор Тройницкийдің жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет 1909 жылы шілденің 1- і күні Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан-нақақ 8 ай бойы азап- қорлық көріп торығады, қинала жүріп ширайды, ақары күреске белді бекем буады. Бостандықты аңсаған, күреске шақырған өлеңдер жазады. Ақыры, Қазақстанда тұру құқынан айырылғандықтан, 1910 жылы 21- ақпанда түрмеден шығып, наурыз айында Орынбор қаласына келеді. Бұдан кейін Ахмет Байтұрсынов өміріндегі ең күрделі, қызықты, қажырлы кезендер басталып кетеді.

1913-1918 жылдар арасында (қазақ) газетінде редактор болып, орасан зор әлеуметтік тарихи қызмет атқарады, халық өмірінің сан алуан көкейкесті мәселелерін көтеред, елді прогреске, өнер білімге үндейді .

Ұлы ғұламаның ғалымдық, ақындық, қайраткерлік істері өз заманында аса жоғары бағаланған.Қазақ ортасы түркі әлемі ғана емес орыс ғалымдары берген тарихи тұжырымдардың орны ерекше.Ахмет Байтұрсыновтың тарихтағы орнын, оның әлеуметтік қоғамдық істерін бағалап, өз кезінде дұрыс көрсеткен адамдардың бірі Сәкен Сейфуллин. «Ахмет Байтұрсынұлы елуге толды» деген мақала жазған.

Алаш қозғалысы түсында ( 1918-1919 жылдың басы) Ахмет Байтұрсынов та жаңа өткел, соңы өріс іздейді. Азапты толғаныс, өзгеру эволюциясынан өтіп барып,1919 жылдың наурыз айында бұрынғы ұлт ителлигенциясының көптеген өкілдерін өзіне ілестіріп, Кеңес өкіметі жағына өтеді. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери Революциялық комитеттің мүшесі ретінде оның жұмысына белсене араласады. Респблика халық ағарту комиссары, Бүкілодақтық Ортлық Атқару Комитетінің мүшесі, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болады.

Әділет нормалары бұзылып, сталинизм қылышынан қан тамған кезеңде Ахмет Байтұрсынов әуелі 1929 жылы бір ұсталып, абақтыға қамалады да, лагерьде ұзақ азап көріп, одан1936 жылы қайтып келгенмен,1937 жылы тағы репрессияға ұшырап, 1938 жылы атылады.
Жүргiзушi: Қарқаралыда мұғалiм болып жүргенде патша үкiметiнiң әдiлетсiздiгiне қарсы наразылық бiлдiрушiлердiң қатарында болғаны үшiн, 1909 жылы Семей түрмесiне қамауға алынады. Кейiн қазақ жерiнен тысқары жерде тұруға үкiм шығарып, 1910 жылдың наурызынан 1917 жылдың соңына дейiн Орынбор қаласында тұрады. Семей түрмесiнде жатқанда анасына арнап «Анама хат» атты өлең жазды. Бұл өлеңін Кемелханова Гүлзира оқыды.
Қарағым, айналайын, қамқор анам

Арнап хат жазайын деп алдым қалам.

Сенi онда, менi мұнда аман сақтап,

Көруге жазғай едi хақ тағалам

Бара алмай, өтiрiкшi болып әбден,

Семейдiң түрмесiнде отыр балаң.

Мал ұрлап, кiсi өлтiрген айыбы жоқ,

Өкiмет- өр зорлыққа не бар шараң


«Үмiтсiз шайтан болсын» деген сөз бар,

Жолдар көп жәннетке де тарам-тарам.

Оқ тиiп он ішiмде ой түсiрiп,

Бiтпеген жүрегiмде бар бiр жарам.

Алданып тамағыма, оны ұмытсам,

Болғандай жегенiмнiң бәрi харам.

Адамнан туып, адам iсiн етпей,

Ұялмай не бетiммен көрге барам

Көп айтпай, қысқасынан сездiретiн

Балаңның мiнезi бар сөзге сараң.

Кетер деп «суға құлап, отқа түсiп»

Қайғы жеп, менiң үшiн болма алаң,


Ахметтiң ғылыми-творчестволық жұмысын негiзiнен үш салаға бөлiп қарауға болады. Олар: ағартушы, ғалым, тiлтану, әдебиеттанудың алғашқы iргесiн қалаушы, ақындық, аудармашылық творчествосы. Ол- үлкен теңiз. Ахметтің түрколог –ғалым ретіндегі еңбектерін 10 –сынып оқушысы Мақтымқұлова Марал әңгімелеп берді.
- Ахмет Байтұрсынов бай педогогикалық мол мұра қалдырды.

Ахмет Байтұрсынов өзінің ғылыми педогогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі кезеңдерін басқа құбылыстармен байланыстырып қарастырады.Олардың заңдылықтарын анықтайды.

Ғылыми философия құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттеуде педогогика этикамен, эстетикаға ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясына сүйенеді.

Педогогика ғылымы философиялық білімді басшылыққа алып, тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады.

Ахметтің жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық және ғылымды игеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп түзете білуге шақырады, бар білмнің түп төркіні ақыл деп қорытындылайды.

Ахмет Байтұрсыновтың қазақша әліппе жасауы, араб жазуына кіргізген реформасы, қазақ тіл білімінің негізгі терминдерін жұртымыздың образды ойлау мүмкіндігімен сабақтастырып өз топырағымыздан тауып, оларға тұңғыш анықтама бергені, дыбыс жүйесін «фонетика», қалыптастырып шығарған ұлы еңбегі педогогикаға қосқан үлесі екенін көруімізге болады.

«Ахметтің Октябрь төңкерісіне шейін қазақ халқын ояту ретінде көп еңбегі сіңді. Қазақ мектебі, қазақ тілі сықылды орындарда оның еңбегі мол ... Әр тілдің айдауында жүрген қазақ балаларына қазақ тілімен кітап жазған, қазақ тілінің негізін жасап, қазақ мектебінің іргесін қалаған алғашқы адам - Ахмет. Ахметтің бұл тарихы еңбегі бағаланбай қалмақ емес. Бұны пролетариат та бағалайды»,- деп жазды Сәбит Мұқанов. Ғаббас Тоғжанов пікірі де осымен сабақтас: «Бір кезде сары маса боп ызыңдап оятқан Ахметті қазақ еңбекшілеріде қадірлей біледі, сөзін оқып сүйсінеді».

1929 жылы 5-мамырда Ахмет Байтұрсыновтың өз қолымен жасап берген «Газет және журналдарда жарияланғаннан басқа ғылыми, ғылыми -методикалық еңбектердің тізімі» деген құжат ҚазПУ архивінде сақталған.)

«Тіл – жұмсар» деген еңбегінде оқушыларға практикалық граматиканы үйретеді.Сонымен қатар жастарға арналған «Әліппе»,

«Сауат ашқыш» (ересектер әліппесі), «Әліппе-астар»(әліппеге методикалық нұсқау),«Қырық мысал» (Крылов мысалдары аудармасының жинағы), «Маса» ( төлтума және аударма өлеңдер жинағы),«Оқу құрал» хрестоматия (нұсқалық)- Шонановпен бірлесіп жазылған.

Бұлар ерекше мәні бар материалдар деп білеміз. Кезінде М. Әуезов ауызға алған, қазір кейбір зерттеушілер айтып жүрген «Мәдениет тарихы» деген дүние көрсетілмеген, яғни өкінішке орай, ондай жұмыс жарық көрмесе керек.

Өз қолымен жазған «Өмірбаянында» ( 1929, 8-наурыз ) Ахмет Байтұрсынов былай дейді : «Орынборға келгеннен кейін, біріншіден, қазақ тілін фонетикалық, морфологиялық және синтаксистік тұрғыдан зерттеумен; екіншіден, қазақ алфавитін (шрифін емес ), орфографиясын жеңілдету және реттеу үшін реформа жасаумен; үшіншіден, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен;

Ақыры, ен соңында, төртіншіден, проза ( іс қағаз, публицистика, ғылыми жазба тіл) тілін кітаби тіл арнасынан стилистикалық өңдеу, қазақ сөздеріне термин жасау арқылы халықтың жанды тілінің арнасына көшіру істерімен айналыса бастадым. Бұлар өзім жасаған оқулықтар және өзім редакциялаған «Қазақ» газеті арқылы іске асты».

Бұл жолдарда ғалымның өмір бойы жасаған істері тиянақты, жүйелі түрде айтылған.

Ахмет Байтұрсыновтың тіл білімі саласындағы еңбектерін саралау, жүйелеу, оларға тарихи тұрғыдан баға беру тілші ғалымдардың еншісіндегі зор жауапкершілігі бар іс. Көп жылғы көзжұмбаудан, қиянаттан арылатын кез келді. Шолу түрінде көз жүгіртіп, атүсті қарағанның өзінде, толып жатқан мына шындық алдыңнан шығады. Бірер мысалдарға жүгінелік.

«Тіл құрал» Дыбыс жүйесі мен түрлері.І-тіл танытқыш құрал»

« Тіл адамның адамдық белгісінің зоры,

жұмсайтын қаруының бірі. Осы дүниедегі адамдар тілінен айырылып,сөйлеуден қалса,қандай қиындық күйге түсер еді, осы күнгі адамдар жазудан айырылып,жаза алмайтын күйге ұшырыса,ондағы күйі де тілінен айырылғаннан жеңіл болмас еді.

Біздің заманымыз –жазу заманы, жазумен сөйлесу ауызбен сөйлесуден артық дәрежеге жеткен заман...»

Бұдан кейін жазуға үйрету, хат таныту мәселелері сөз болады.Қазақ мектептеріндегі оқыту жайын,олардың қиындықтарын тартып айта келіп, автор өзінің әдістерін ұсынады. Жалпы ғылыми мәні бар пікірлерді де айтап отырады. Мына тұжырымға көңіл бөліп,ой жүгіртіп көрелік:

-Дүниедегі жұрттардын тілі үшке бөлінеді:

1. Түбіршек тіл.

2. Жалғамалы тіл.

3 Қопармалы тіл.

1 Түбіршек тіл - түбкі қалыбынан өзгерілмей жұмсалады,мәселен қытай , жапон тілдері.

2.Жалғамалы тіл- сөздің аяғына жалғау қосылып өзгертілетін тіл, мәселен түрік ,финн тілдері.

3 Қопармалы тіл- сөз түбірімен қопарылып, өзгертілетін тіл, мәселен орыс тілі, араб тілі.

Ал « Біз де тіліміз бүлінбей сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі өз тілімізбен оқытып, сонан сон басқаша оқытуымыз тиіспіз.Қазақтың бастауыш мектебінде басқа білімдермен қатар тілінің дыбыс, сөз, сөйлем жүйелерінде үйрету керек» деген пікірлер ешқашан өз маңызын жоймақ емес.

« Сөздердің кейбіреуі нәрсенің өзін айтады мәселен, жер, тау, су,ағаш, шөп, жапырақ, күн, ай, жұлдыз, бұлт, қар, жаңбыр, жел, бу, сағым, кісі, мал, аң, құс, бақа, шаян, шыбын, біркей, құрт, құмырсқа, қала, ай, төсек -орын, аяқ- табақ, киім, қазан- ошақ, арба, шана, жеміс, бақан, сойыл, құрық, таяқ, табақ, асық, топай, доп, қобыз, домбыра, сыбызғы, ақша, киіз, қадақ, мылтық, найза, қылыш, қанжар, оқ, Осындай нәрсенің өзін айтатын сөздерді зат есім дейміз. Зат есім туралы «Кім?» «Не?» деп сұраймыз. «Кім?» деп адам туралы сураймыз. «Не?» деп басқа заттар туралы сураймыз»

Осындай тілдік ұғымдар берілген анықтамалардың дәлдігі, ғылыми тереңдігі түрлі категорияларды сұрыптаған, жіктеген кезде, оларға қазақша термин, атау берген кездерде, тіпті айқын көрінеді. Қазіргі қазақ тілі ғылымының түп қазық ойлары тіпті әріде жатқанын, оларды бірінші болып Ахмет Байтұрсынов тұжырымдағанын көреміз.

Табиғаттың санадан тыс тәуелсіз өмір сүруді өмір ақиқатын түйсік пен қабылдануын адамдар жаратылысының бірдей еместігін түсіндіреді.

А.Байтұрсыновтың «Тіл құрал» атты еңбегі бүгінгі түркі тұқымдас халықтардың сөйлеу, жазу, тіл ұстарту білімінің бастау бұлағы саналады. Осы заманда қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, шылау, үстеу, ілік, жатыс, бастауыш, баяндауыш, септеу, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз, қыстырма сөз деген атауларды ойлап тауып, ғылыми бір ізге салған Байтұрсынов болды.

А. Байтұрсынов - қазақ музыкасы мен ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В. Затаевичтің айтуынша ол шебер домбырашы, әрі әнші болған. «Қазақ халқының жүз әні» атты еңбегінде А.В.Затаевич былай деп жазды: «А.Байтұрсынов өз халқының әндерін жақсы біледі және оларды тамаша орындайды, ол - жақсы домбырашы»- деген.
Ахмет тек өзi ғана жазып қоймай, аудармашылықпен де айналысқан. Ол «Қырық мысал» 1909 жылы Петербург қаласында бастырады. Орыстың классик мысалшысы И.А. Крылов мысалдарының бiр тобын аударған. Крыловтан аудармалары өз елiне тән, жақын екенiн сезiп отырып таңдаған. Бұл тұңғыш аударма едi.

Ол «Замандастарыма» деген кiрiспесiнде


«Орыстың тәржiме еттiм мысалдарын,

Әзiрге қолдан келген осы барым.

Қанағат азға деген, жоққа- сабыр,

Қомсынып қоңырайма, құрбыларым»- дейдi.

«Қасқыр мен қозы» мысалынан 5 –сынып оқушылары Жексенбай Меруерт, Ақылбек, Қартқожақова Ырысжан көрініс көрсетті.
Автор:

Бұлаққа су iшуге келдi Қозы,

Жанында серiгi жоқ, жалғыз өзi.

«Бәрi жоқ, десең шығар, бөрiк астынан»,

Пәле мен қаза алыс па келсе кезi.

Қаңғырған тамақ iздеп бiр аш бөрi

Қозыға жетiп келдi жайнап көзi.

Жемекке кiнә қойып сол арада,

Жала ғып, мiне, Қасқыр айтқан сөзi:
Қасқыр:

«Сен, Қозы, текке қарап жүре алмайсың,

Соқтықпа маған десем, тiл алмайсың.

Мойныңды қазiр жұлып алайын ба,

Суымды неге былғап, лайлайсың»
Қозы:

«Қасқыр, тақсыр, тоқта азырақ

Тергеңiз кiнәм болса ғадiл бiрақ.

Iзiңiз жатқан жерден төмен келiп,

Iштiм мен жүз қадамдай қашығырақ.
Бұл жерден ең аз болса бiр жүз қадам,

Мүмкiн бе лайлауға осы арадан

Сiз түгiл, өзгеге жоқ қиянатым,

Не шара жеткен болса бүгiн қазам»


Қасқыр:

Бекер ме, менiң сөзiм

Бiлесiң жалғаншы деп кiмдi өзiң

Әкеңдi алдыңдағы танимысың

Балам, сен байқап қара, ашып көзiң
Осындай сөздер менi күйдiредi,

Десем де шыдайын-ақ етiп төзiм.

Есiмнен өле-өлгенше кете қалмас

Былтырғы осы арада сөккен сөзiң.


Қозы:

«Кезек бер бiразырақ сөзге, тақсыр

Келемiн жарты жасқа күзге, тақсыр

Жаралып дүниеге биыл келсем,

Тиемiн былтыр неғып, сiрә, тақсыр»
Қасқыр:

«Ол енше сен болмасаң, сенiң ағаң,

Ойларың менi жоймақ, келсе шамаң.

Ит болсын, қойшың болсын, қожаң болсын,

Жауыздық ойлайсыңдар бәрiң маған»
Қозы:

«Нансаңыз ағам да жоқ, iнiм де жоқ,

Уа, қайыры нашарлықтан мiнiм де жоқ.

Нақақтан менi тақсыр күйдiресiз,

Жауыздық сiзге ойлаған күнiм де жоқ».
Қасқыр:

«Ол саған әлде күйеу, әлде құда,

Сүймейдi қой атаулы менi жүдә..

Иә бөлең, иә жиенiң, иә нағашың,

Әйтеуiр, саған ұқсас едi о да.

Қой заты талай жәбiр бердi маған,

Соларын мен де iстеймiн ендi саған.

Кегiмдi қойдан алмай кiмнен алам

Тауыспа о деп, бұ деп сөздi оған».

Қозы:


«Тақсыр-ай, еш жазығым жоқ қой менiң,

Жәбiр қой бiреу үшiн күйдiргенiң»


Қасқыр:

«Үндеме! Жетер! Қазiр мұрсатым жоқ

Тұруға ақ-қараңды тергеп сенiң.

Алыпсың жаман әдет қарсыласып,

Сенiмен тұрам ба мен мылжыңдасып.

Айтайын, бiлгiң келсе, Қозым, саған,

Кiнәң сол- жегiм кеп тұр қарным ашып».
Автор:
«Шошиды Қозы байғұс құлқын танып,

Құтылар бiлгенменен онан нағып

Болсын ба Қозы жұмыс Қасекеңе,-

Жөнелдi иығына салып алып.

Орманға Қасқыр кеттi Қозыны алып,

Белгiлi етер iсi алып барып.

Осындай жазықсызды жазғыратын

Әр жерде күштiлер де бар ғой қалып.

Қасқырдың зорлық болды еткен iсi,

Ойлаймын – оны мақтар шықпас кiсi.

Нашарды талай адам талап жеп жүр,

Бөрiден артық деймiз оның несi».


10- сынып оқушылары Өтебаева Сәлима мен Жанжігітова Айзада Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығына бүктеме жасап әкеліп түсіндіріп өтті.

Кітапханашы:

Ахмет- қазақ музыка өнерiне де терең көңiл бөлген ғалым. Әрi өзi композитор да болған. Оның «Аққұм», «Iңкәр» әндерi куә. Домбыра тарта бiлген

Сонымен құрметті оқушылар кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынов есімін атаудың өзі қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр.Тау сілеміндей мол мұра оқырман қолына тие бастады.Қазақстан Республикасының арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың әр жерінде шаруашылықтарға, мектептерге, көшелерге және Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Тіл білімі институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілді. Сөйтіп, тарихи әділет, шындық салтанат құрды; халқының бостандығы, тәуелсіздігі, еркіндігі үшін тар заманда жан аямай күрескен ұлы азамат Ахмет Байтұрсынов ұлт күрескерлерінің сапына келіп қосылды.



Құрметтi оқушылар! Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 140 толуына арналған тақырыптық кешіміз осымен аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.
Каталог: ld
ld -> Шпаргалка на казахском языке по истории Казахстана 100 м қашықтыққа ұшатын, орақ тәрәздә құрал-бумеранг
ld -> Қош келдіңіздер!
ld -> Қазақ әдебиет пәніне тест сұрақтары
ld -> Сабақ: ана тілі Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы «Әліпенің атасы»
ld -> Қазақстан тарихы бойынша Ұбт шпаргалкалары а а. Иманов көтерiлiс отрядтарын қаруландыру үшiн – қару-жарақ шығаруды ұйымдастырды
ld -> Ақтқбе облысы Байғанин ауданы №3 Қарауылкелді орта мектебі
ld -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин "Өзен" Мұғалімі: 3 "
ld -> Әнші- ақындар шығармашылығы
ld -> Есмағамбет Ысмайлов Баласы Қожағұлдың Біржан салмын, Адамға зияным жоқ жүрген жанмын
ld -> Өмірбаяны Хронология Қорытынды пайдаланған әдебиеттер


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет