Дамытушылық—оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету; тәрбиелік



бет1/2
Дата02.07.2018
өлшемі0,76 Mb.
#45360
  1   2
Елін сүйген, елі сүйген елбасы

Ақпараттық сағат



Мақсаты: білімділік—оқушыларға Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру; дамытушылық—оқушыларға Президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету; тәрбиелік—оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Нұрсұлтан Назарбаевтың түрлі сипатта түскен суреттері,кітап көрмесі, нақыл сөздер, слайдтар.

Барысы:

Ұйымдастыру.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.



Кіріспе

1-жүргізуші:

Желтоқсаннан бастау алған егемен,

Егеменді елде берік керегем.

Қазақстан—бірлігімнің айғағы,

Әлем білген басшысымен көреген.

2-жүргізуші:

Қазақ бүгін бар әлемнен баға алған,

Құт қонған ел қасиеттен жаралған.

Бірлігімнің туын биік ұстаған,

Жаңарған ел Желтоқсаннан нәр алған.

1-жүргізуші:

Бірлігімнің бұзылмаған қаймағы,

Бейбіт күнде желбіреген байрағы.

Барлық ұлттар бақыт тапқан өзіңнен,

Қазақстан—ынтымақтың айғағы.

2-жүргізуші: Былтыр ел тәуелсіздігінің мерекесі қарсаңында Қазақстан Парламенті «1-желтоқсан—Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні» мемлекеттік мерекесін бекіткен заңын қабылдағаны баршаға мәлім. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні барша қазақстандықтарға құтты мереке болғай. Халық үшін қызмет етуді бақыт санайтын Елбасымыз тұрғанда Қазақстан келешекте дамыған, өкениетті ел боларына кәміл сенеміз.

1-жүргізуші: Бұл—еліміздің жаңа тарихындағы ерекше күн. Нақтырақ айтсақ,1991 жылғы 1-желтоқсанда бүкілхалықтық сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы болып сайланды Сөйтіп,ғасырлар бойы халқымыздың асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі ата-бабаларымыздың тарихи аманаты орындалды. Бірауыздан Мемлекет басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды жарқын болашаққа батыл бастады.

2-жүргізуші:Құрметті ұстаздар мен оқушылар, 6 «Б» сыныбының «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» тақырыбындағы ақпараттық сағатына қош келдіңіздер!

Кітапханашы:

Шығындап қиыр шеттің танып бәрін,

Уа жұртым, шартарапқа шарықтадың.

Бұл әлемд қашан тұтас біліп еді

Қазақтай жер бетінде халық барын.

Әр сөздің астарына осы арада,

Ағайын,ой жіберіп жете қара.

Тәуелсіз Қазақстан тарихында

Тұлғасы Елбасының жеке дара!

Бүгінгі ақпараттық сағатымыз елін сүйген, елі де оны сүйетін Елбасына арналмақ.



1-оқушы: Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағынан үзінді:

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылдың 6-шілдесінде Алматы облысына қарасты Қарасай батыр ауданының Шамалған ауылында туды.Шығыс күнтізбесі бойынша ұлу жылы дүниеге келген. Тағдыры күнмен тығыз байланысты.Бұл жылы туған кісілердің ерекше күш-қуатқа ие екендігін,олардың арасынан ерекше іскер мемлекет басшылары шығатынын айтады. Енді Президенттің туған күні 6 саны шындықты,ашықтықты және сенімділікті бейнелейді. Бұл күні дүниеге келген адамдар бейбітшілік пен тыныштықты сақтау жолында аянбай қызмет етіп, халықтың тұрмыс жағдайларынжақсартуға бар күш-жігерін жұмсайды екен.



2-оқушы:Нұрсұлтан аға орта бойлы,жазық маңдайлы,ақсары бала болатын. Сырттай момақан көрінгенімен, көзінің оты бар, ұстамды,байсалды еді.Сабаққа алғын,елгезек, дене бітімі қайратты,күшті,қағылез, сергек бала болатын.Сол кездің өзінде ұйымдастырушылық қабілеті байқалып қалатын. Балаларды үйіріп, артынан ертіп жүретін.

3-оқушы: Нұрсұлтан аға Шамалғаннан аудан орталығындағы бірден-бір тасы өрге домалап тұрған жалғыз қазақ орта мектебіне келіп оқиды. Нұрсұлтан ағаның білім жолындағы өршілдігі өзгеше еді. Білгенінн өзгелерге айтып отыратын.Тереңдей білгісі келген балаларға өзі оқыған кітаптарынан әкеп беріп оқып шығуын қадағалайтын.Соңынан бірге талқылауға шақыратын. Мектептегі барлық қоғамдық жұмыстарға жетекшілік ете жүріп оқушылардың да белсенділігін арттыруға, олардың қабілетінің ашылуына ықпал етіп қана қоймай, өзінің жеке дара ізденуіне ауқыт тауып отырды. Мектепті барлық пәндерден үздік аяқтады.

4-оқушы: Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды. Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург-жұмысшы мамандығын меңгерді. Шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді (слайд).

5-оқушы: Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді. Қалалық, облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды. Металлургия комбинатында партком хатшысы, Теміртау қалалық, Қарағанды облыстық және республикалық партия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

5-оқушы: Н.Назарбаев—бәрінен бұрын өз міндетін, өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам. Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу—бойға біткен дарынмен қатар күн сайынға аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

6-оқушы: Нұрсұлтан ағаның сөзінен үзінді

Мені құлқын сәріден оятар еді.Мен арбаға есек жегіп, жұмысшы қалашығындағы ертеңгі сағат алтыда ашылатын дүкенге ауқтылы жетіп үлгеру үшін ауылдан асыға шығатынмын. Шұбатылған ұзақ кезекке тұратынмын. Қап-қара нан, салмақты, қолды сәл батырсаң қабығында саусақтардың ізі қалатын. Үйге бірден он бөлке әкелу үшін кезекке екі, кейде үш рет қайтара тұратын едім.

Мұндай нанды ұзақ сақтауға болмайды. Бөлкелерді турап-турап кептіру үшін күн көзіне қоятынбыз. Бұл бәріміз үшін зор қуаныш болатын. Анда-санда сиыр бұзаулағанда нағыз мейрамға кенелетінбіз.Біздің үй ғана емес, айнала бәрі осылай тірлік ететін.

7-оқушы: Елбасының өмір жолдарынан қысқаша деректер

1969-1973 жылдары Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

1973-1977 ж.- Қармет комбинатының партком хатшысы.

1977-1979 ж.—Қарағанды облыстық партия комитетінің 2-хатшысы.

1979-1984 ж.—Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің хатшысы.

1984-1989 ж.—Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы.

1989-1991 ж.—Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы.

1990 жылы ақпан-сәуір аралығында КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы болды.



8-оқушы: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды. Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты республикамыздың Президенті етіп сайлады.



9-оқушы: 1991 жылы 1-желтоқсанда жалпы халықтық сайлау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Назарбаев 98,7%,1999 жылы 10-қаңтарда79,78%,2005 жылы 4-желтоқсанда 91,5%,2011 жылы сәуір айының үшінші де басым дауыспен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Кітап көрмесіне тоқталу









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет