Нұрсұлтан Назарбаев—бірқатар ғылыми кітаптардың, әлеуметтік-экономикалық даму проблемалары мен қоғамдық-саяси еңбектердің авторы:
Қазақстанның егеменді мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы.—Алматы,1992дағы бірден-бір тасы өрге домалап тұрған жалғыз қазақ орта мектебіне келіп оқи.
Қазақстанның болашағы қоғамның идеялық бірлігінде.—Алматы,1993.
Ғасырлар тоғысында.—Алматы,1996.
Тарих толқынында.—Алматы,1999.
Бейбітшілік кіндігі.—Астана,2001.
Сындарлы он жыл.—Алматы:Атамұра,2011.
Тәуелсіздік белестері.—Алматы:Атамұра,2003.
Еуразия жүрегінде—Астана,2003.
Қазақстан—2030.—Алматы,1997.
Кітапханашы: Кезінде Нұрсұлтан Назарбаев «Егер келешекте қолымнан келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүние жүзіне танытып, терезесін тең етер едім» деп армандаған болатын.
Жасыратыны жоқ,бүгінде асқақ арманы орындалды. Қазақты дүние жүзі таныды. Оның кең байтақ даласын, қазынасы мол жерін,дархан жатқан бейбіт елін дүниенің төрт бұрышы біледі.
1-жүргізуші: Ендігі кезекте Елбасымыздың қанатты сөздеріне тоқталайық.
1-оқушы:...Тәуелсіздік—ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетін арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты.
2-оқушы: Өз тарихын сыйламаған халық өзін де сыйламайды.
3-оқушы: Елдің бетінде, желдің өтінде жүрген адамға сынақ көп.
4-оқушы: Менің атам да, анам да—қазақ.Қазапын деп айтуға ешқашан намыстанған кезім жоқ.Намыстанбаймын да. Қайта маған тіл,діл,өмір,тіршілік сыйлаған Туған халқыма бар есті тірлігімде қарыздар болып өтуге бармын. Ұлттың ұлы болмай тұрып адамзаттың перзенті болу мүмкін бе? Мүмкін емес.
5-оқушы: Құдай қазаққа қырын қарамаған: пейіліне сай етіп ұланғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген,мейірбан ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген.
6-оқушы:
Сөз бостандығы шексік емес.
Ол табындыратын ғана емес,
талқандайтын да қуатты күш.
1-жүргізуші:Елбасының «Жан шуағы» атты жыр жинағындағы халқына арнаған өлеңін тыңдайық.
7-оқушы:
Тәуелсізбін! Бар ма мұн?
Тәләйлі болсын талғамың!
Өркені өссін қазақтың,
Осы—менің арманым!
Күн тұрғанда тұратын,
Жұрты сайран құратын
Қала болсын Астана,
Осы—менің мұратым!
О,Ақорда,Ақ шатыр,
Ұлысыма бақ шатыр.
Баянды болсын Азаттық,
Осы—менің мақсатым!
Халқым—менің тірегім,
Құрбан жаным,жүрегім!
Атымыз озсын бәйгеде,
Осы—менің тілегім.
2-жүргізуші: Елбасына арналған жыр-шумақтарға кезек берейік.
8-оқушы: «Елбасына»
Ауыр күнді артымызға тастауы—
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім,дінім,ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы.
Туды ұстап тура жолға түсіріп,
Жас Отанның өмірін де түсініп,
«Елім,жерім» деп ұрандап тайсалмай,
Бір керемет жасады-ау кісілік!
Елбасымыз, саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар—бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де әніміз.
Халқым айтқан «Жер көтерер ел даңқын»,
Елім айтқан «Ел көтерер жер даңқын».
Президентім Елбасы аман болғай,
Мәңгі жаса,жас қазағым,өр халқым!
9-оқушы: «Нұр аға»
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма
Халық сіздей тұлғасын.
Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам.
Көбейткен достың қатарын
Нұр аға—біздің ұлы адам.
10-оқушы:
Міне осындай егеменді еліміз,
Кең жазира, ұлан байтақ жеріміз.
Туған елін, туған жерін сүйетін
Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.
1-жүргізуші:
Қазақ елі желбіреп көк байрағың,
Гүлге оранды ауылың мен аймағың.
Нұрсұлтаның биіктерген бастады,
Ол көрсеткен нұрлы жолдан таймағын.
2-жүргізуші: Көгімізде көк туымыз мәңгі желбірей берсін деп ақпараттық сағатының соңында «Көк тудың желбірегені» әні шырқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |