11Тренингтің негізгі әдістері. Ақмарал Хасенова
Топтық пікірталас бағытының негізгі үш типін бөліп
көрсетуге болады:
Кәсіби — тұлғалық бағыт. Бұл пікір-талас типінде топ тұлғаның
қиындықтары жөнінде немесе бір қатысушының кәсіби өмірін талдайды. Топ
мүшелері берілген проблемаға өз ойларын білдіріп, өз сезімдерін білдіреді де
кері байланыс ұсынылады.
Тақырыптық бағыт. Талқылау сұрақтармен проблемаларға арналады,
оның шешімі барлық топқа қатысты болады. Тақырып жұмыс процесі
барысында белсендірілуі немесе алдынала жоспарланып дайындалуы мүмкін.
Кейбір жағдайларда тақырыптық пікірталас алдынала анықталынып алынады.
Бұл жағдайда қатысушыларға берілген тақырып бойынша дайындалуларына
мүмкіндік беріледі.
Өзара әрекет етуге бағыттылық. Бұл пікірталас типі топтық динамикаға
бағытталған, яғни топ мүшелерінің қарым-қатынасы, қатысушылардың өзара
реакциялары. Бұл пікірталаста «қазір және осында» принципін ұстанған дұрыс.
Пікірталастың жоғарылығы топтың бірігу деңгейін көтереді, бірақ ол
тақырыпты таңдау мен сұрақтың дұрыс қойылуына тікелей байланысты
екендігін естен шығармау қажет. Сондықтан да сұрақты дұрыс қою және оны
дұрыс жеткізу өте жоғары талапты қажет етеді. Сонымен қатар кейбір
жағдайларда қатысушыларды белсендіру үшін шеңбер бойынша барлық топ
мүшелерін өз ойларын айтуларын өтінуге болады, бұл барлық топ мүшелерін
белсендендіру мүмкіндігін артырады.
Топтық жұмыс өткізудің бір нұсқасы келесідей (топ ішінде барлығы танысқаннан кейін).
Әр топ мүшесіне топ үшін өзекті тақырыпта қысқаша мәліметтермен сөйлеу ұсынылады. Қалған мүшелері тыңдаушы рөлін атқарады, олар мәліметтерді сенімділігіне және қызықтылығына қарай бағалайды. Студент — психологтарға тапсырма ретінде, олар психологияны не үшін оқиды және қандай мақсатпен институтқа түсетіндіктерін әңгімелеу ұсынылады. Сөйлеу уақыты шектеулі, қысқа. Мысалы, бір минут. Көпшілік жағдайларда жаттығу басталмас бұрын барлық топ мүшелері айтатын еш нәрсе жоқ және барлығы бір –бірінің пікірін қайталайтындығына сенімді болады. Бірақ, бұл пікір әдетте теріске шығады. Сонымен қатар, тағы бір мәселе барлық қатысушылар дерлік бір минуттан артық уақыт сөйлейді, ал серіктестері уақыт жайлы айтқанда (жүргізуші әдетте қатысушыларды бөлмейді, ол қатысушылардың белсенділігін, қызығушылығын жоғалтпауға тырысады), олар тағы біраз уақыт сұрап, өзінің топ үшін маңызды ақпараттар сөйлеуші адамның өзі үшін ғана маңызды болып табылады.
Үшінші жағдай, қатысушылар көбінесе бір-бірінің сөзін қайталамайды, ол қайталаған жағдайда түзетулер мен қосымша толықтырып ақпарат береді. Бірақ, бірінші сөйлеген адам оның мәліметтерін қате санап, дауласуы мүмкін.
Осы үш жағдайды топ мүшелеріне айту, ескерту ары қарайғы коммуникативті тренингтің жүруіне септігін тигізеді. Топ мүшелері осы ережелерді ескере отырып, бірін-бірі тыңдауға, өз пікірін нақты жеткізе білуге, сендіруге қызықтыруға тырысады.
Мұндай жаттығудың нәтижесінде: қатысушылар әр адамның ерекшеліктерін және қайталанбайтындығын түсінеді, әр адам өз пікірін қорытындылауға, нақтылауға үйренеді, себебі сөйлер алдында өз ішінен анализ жасап отырады; сөйлеп болған соң өзі босаңсу жағдайында болады; өзінің сенімді пікірінің, баасқаның ойынша қате болу мүмкіндігін сезінеді.
Пікірталастың басқаша түрі, топ ішінде проблемалық мәселе туғызу, проблемалық жағдай жасау. Психолог топ мүшелерін сөйлетуге, олардың белсенділігін оятуға тырысады. Бірақ, пікірталастың жарты сағаттан аспауына тырысу керек. Өзі сөйлей отырып, жүргізуші белсенділік эстафетасын, сөзді басқаға беруге дайын болуы керек. Қатысушылардың ойы басқаға кетсе де, ойын бөлу орынсыз. Мақсат басқада. Мұндай практикалық сабақта пікірталас тақырыбы, мазмұны, әрине мәні бар, бірақ, топ үшін ең маңыздысы пікірталас фактісі.
Достарыңызбен бөлісу: |