1. Психологиялық тренинг туралы жалпы түсінік, пайда болу тарихы



бет50/97
Дата29.12.2021
өлшемі0,74 Mb.
#128979
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97
Байланысты:
тренинг билеттер түгел

Топтық пікір-сайыс тренинг әдістерінің негізгісі болып табылады. Талқыланатын пікір-сайыстың мәні негізгі үш мақсат арқылы жүзеге асады, олар: топтық процестерде кенттен пайда болатын жағдайлар топтық ойындарды өткізу нәтижесі ретінде және топтың шеңберде әлеуметтік-психологиялық зерттеулерді жүргізудің нәтижелері ретінде. Сонымен қатар, «...топтың әр қатысушысына топтық үрдістер мен осы топтағы адамдардың оған деген көз-қарасы және топта болған уақыт аралығында өзінде болған белгілі бір нақты психологиялық жағдайды жан-жақты, әрі терең зерттеуге мүмкіндік беріледі» .

В.П.Захаров пен Н.Ю.Хрящева топтағы пікір-сайысты сындарлы және бейсындарлы деп екіге бөледі. Сындарлы пікір-сайыстың іс-әрекеттік нәтижесі келесі қорытындылар арқылы жүзеге асады: өз ой-пікірін айту жағынан қатысушылар тең құқылы; әрқайсысы демографиялық атмосфераны сезінеді; әрбір қатысушы белсенділік көрсетеді; қатысушылар альтруистік және аффилиативті реакциялары басымды болады; бірлесе жұмыс жасау мен өзара қарым-қатынасқа қанағаттану. Топта орындалатын міндеттер әлеуметтік және тұлға аралық мәселелер; тұлғалық мәселелер; ақыл-ой міндеттер мен ұйымдастырушылық-басқарушылық мәселелер пікір-сайыстың пәні болып табылады. Сонымен қатар, кәсіби жағдайда болатын жағдайлар «баллинттік топтар» пікір-сайыстың пәні болуы мүмкін – құлықтық тәрбиенің дамуын диагностикалау үшін қағиданы таңдау жағдайларын талдау. Топтық пікір-сайысты тиімді, әрі табысты өткізу үшін «қарым-қатынас ережелері» сияқты арнайы қағидаларды енгізу қажет. Пікір-сайыс жетекшісінің міндеті бұл қағидараларды түсіндіру мен бұлжытпай жүзеге асыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет