№1. Құрамында 92% кальций карбонаты бар әктасты өртегенде бөлінетін көмірқышқыл газының



Дата14.12.2021
өлшемі19,45 Kb.
#127131
түріҚұрамы
Байланысты:
есептер жинағы тесттерден


Қоспаларға есеп

№1. Құрамында 92% кальций карбонаты бар әктасты өртегенде бөлінетін көмірқышқыл газының (қ.ж) көлемі (л)

А) 33,6 б) 11,2 с) 22,4 д) 44,2 е) 41,2

№2 Құрамында 2% қоспасы бар 190 г хлорсірке қышқылын аммиакпен әрекеттестіргенде 80 г аминсірке қышқылы түзілсе, өнімнің шығымы(%) :

А) 79,6 б) 81,5 с) 73,5 д) 54,1 е) 84,3

№3 Түзілетін тұз шығымы 80 болса, 126 г азот қышқылы аммиакпен әрекеттескендегі аммиак селитрасының массасы:

А) 118 г б) 128 г с) 124 г д) 138 г е) 168 г

№4 Массасы 50 г магний, алюминий, кремний құймасын (қ.ж) күкірт қышқылының (концентрлі) артық мөлшерімен өңдеу нәтижесінде көлемі 5,6 л (қ.ж) күкіртті сутек түзілді. Реакция мына теңдеу бойынша жүреді: Құймадағы магнийдің массалық үлесі:

А) 0,6 б) 0,48 с) 0,78 д) 0,3 е) 0,24

№5 5,6 г КОН 13,7 г бромбутанмен әрекеттескенде бөлінетін бутеннің көлемі:

А) 2,24 л б) 22,4 л с) 224 л д) 448 л е) 449 л

№6. Азот бойынша тығыздығы 2,5-ке тең циклоалканның 14 г жаққанда түзілетін көмірқышқыл газының көлемі (қ.ж) :

А) 11,2 л б) 179,2 л с) 44,8 л д) 89,6 л е) 22,4 л

№7. Массасы 64,8 г крахмалдан алынған глюкозаның шығымы 80% болса, осы глюкозаны күміс (І) оксидінің аммиактағы ерітіндісімен тотықтырғанда тұнбаға түсетін күмістің массасы:

А) 69,18 г б) 69,16 г с) 69,95 г д) 68,13 г е) 69,12 г

№8. 15 г сірке қышқылынан алынатын құрамы C4H8O3N2 дипептидтің массасы:

А) 10,5 г б) 12,5 г с) 16,5 г д) 18,5 г е) 14,5 г

№9. Егер орташа молекулалық массасы 1200 екені белгілі болса, поливинилхлоридтегі хлордың массалық үлесі (%):

А) 55,8 б) 58,8 с) 58,0 д) 57,8 е) 56,8

№10. 245 г бертолле тұзын термиялық ыдыратқанда түзілетін оттектің көлемі (қ.ж)

А) 44,8 л б) 224,0 л с) 89,6 л д) 67,2 л е) 112,0 л

№11. 10 т ортофосфор қышқылы аммиакпен өзара әрекеттескенде түзілген диаммофостың

((NH4)2HPO4) массасы :

А) 11,52 г б) 12,35г с) 13,47 г д) 15,71 г е) 18,92 г

№12. 53 г натрий карбонаты мен 38 г магний хлориді ерітінділерін араластырғанда түзілетін магний карбонатының массасы:

А) 34,2 г б) 31,6 г с) 33,6 г д) 32,6 г е) 33,9 г

№13. 31 г кальций фосфатын алу үшін жұмсалатын негіз бен қышқылдың массалары (г) :

А) 25,2; 39,6

б) 22,2; 19,6

с) 31,2; 15,6

д) 28,2; 22,6

е) 15,2; 33,6

№14. 0,5 көлем газ тәрізді көмірсутектен және 1,25 көлем оттектен тұратын қоспа жарылғанда 1 көлем кміртек (IV) оксиді және 0,5 көлем су буы түзілді. Көмірсутектің формуласы:

А) C4H10 б) C3H8 с) C3H6 д) C2H2 е) C2H4

№15. Глюкозаны спиртке дейін ашытып, түзілген этанолды қышқылға дейін тотықтырды. Осы алынған қышқыл натрий гидрокарбонатының артық өлшерімен әрекеттескенде көлемі 8,96 л (қ.ж) газ бөлінді. Ашыған глюкозаның массасы(г):

А) 33 б) 36 с) 34 д) 35 е) 37

№16. Егер құрамында 20 % изопрен бар 1кг көмірсутектер қоспасынан 0,06 кг каучук алынғаны белгілі болса, изопренді каучуктың шығымы:

А) 40% б) 30% с) 90% д) 50% е) 60%


№17. Мыс (ІІ) хлориді ерітіндісінің электролизі кезінде катодтың массасы 3,2 г артты. Осы кезде анодта бөлінген газдың көлемі(қ.ж) және құрамы:

А) 0,56 л СІ2 б) 1,12 л СІ2 с) 0,56 л О2 д) 1,12 л О2 е) 1,12 л Н2

№18. 320 г мысты концентрлі күкірт қышқылында еріткенде түзілген мыс (ІІ) сульфатының зат мөлшері:

А) 5 моль б) 1 моль с) 2 моль д) 4 моль е) 3 моль

№19. 28г кальций оксиді 2 моль азот қышқылымен әрекеттескенде түзілетін кальций нитратының массасы тең:

А) 182 г б) 164 г с) 64 г д) 82 г е) 48 г

№20. Массасы 20 г мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы сутекпен толық тотықсыздандырылды. Түзілген мыстың массасы:

А) 128 г б) 16 г с) 18 г д) 15 г е) 12 г

№21. 2-метилпропен-1-дің 42 г алатын көлемі(қ.ж)

А) 22,4 л б) 33,6 л с) 44,8 л д) 16,8 л е) 11,2 л

№22. Кәдімгі терезе шынысының құрамында 13% натрий оксиді, 11,7% кальций оксиді және 75,3% кремний оксиді бар. Шынының құрамын формуламен көрсетіңіз ( оксидтерінің қосылысы түрінде):

А) Na2O CaO 6SiO2

б) Na2O 2CaO 3SiO2

с) Na2O 6CaO SiO2

д) 2Na2O 2CaO 2SiO2

е) 2Na2O CaO 2SiO2

№23. Қанықпаған екі көмірсутектің массасы бойынша элементтік құрамы бірдей 85,714 С және 14,286 Н. Ал неон бойынша салыстырмалы тығыздықтары – 2,8 және 3,5. Көмірсутектердің молекулалық формулалары:

А) С4Н8 ; С5Н10

б) С3Н8 ; С5Н12

с) С3Н6 ; С3Н8

д) С3Н6 ; С4Н8

е) С2Н6 ; С4Н10

№24. Сутек бойынша тығыздығы 49-ға тең 19,6 г циклоалканды жаққанда жұмсалатын (қ.ж) ауаның көлемі (ауадағы оттектің үлесі 20%):

А) 235,2 л б) 242,7 л с) 220,6 л д) 230,7 л е) 225,8 л

№25. Егер практикалық шығымы 80% болса, 200 г глюкозадан алынатын сүт қышқылының массасы:

А) 140 г б) 180 г с) 170 г д) 160 г е) 150 г

№26. 50 л метиламиннің жануына жұмсалатын ауаның көлемі ( ω(О2)-20%):

А) 535,7 л б) 637,2 л с) 472,7 л д) 562,5 л е) 517,9 л

№27. 9,8 г күкірт қышқылы ерітіндісін натрий гидроксиді ерітіндісінің артық мөлшерімен бейтараптағанда түзілген тұздың зат мөлшері:

А) 0,05 моль б) 0,1 моль с) 1 моль д)0,2 моль е)0,01 моль

№28. 5 л азот сутегімен әрекеттескенде 8л аммиак түзілді. Аммиактың шығымы (%):

А) 8 б) 80 с) 32 д) 64 е) 16

№29. 25 г еківалентті металл карбонатын қыздырып толық ыдыратқанда 5,6 л (қ.ж) көмірқышқыл газы бөлініп шықты. Белгісіз металл:

А) Ba б) Mg с) Zn д) Be е) Ca

№30. Массасы 16 г мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы сутекпен толық тотықсыздандырылғанда түзілген мыстың массасы (г):

А) 1,58 г б) 128 г с) 1,28 г д) 15,8 г е) 12,8 г

№31. Диэтилбензол буының ауа бойынша салыстырмалы тығыздығы:

А) 2,96 б) 2,68 с) 2,74 д) 2,90 е) 4,62

№32. Температураны 400С-ға көтергенде реакция жылдамдығы 81 есе артты. Реакцияның температуралық коэффициенті :

А) 1 б) 3 с) 5 д) 4 е) 2

№33. 2 моль KMnO4- пен әрекеттесуіне қажет тұз қышқылының зат мөлшері:

А) 6 моль б) 7 моль с) 16 моль д) 5 моль е) 10 моль

№34. Егер дегидрлегенде 56 л сутек бөлінген болса, жұмсалған циклогексанның, түзілген бензолдың массалары:

А) 30 г; 25 г

б) 60 г; 55 г

с) 70 г; 65 г

д) 40 г ; 35 г

е) 50 г; 45 г

№35. Егер шығымы 75% болса, 1620 г крахмалды гидролиздегенде түзілген, глюкозаның спирттік ашуынан түзілетін этанолдың массасы:

А) 630 г б) 720 г с) 690 г д) 650 г е) 700 г

№36. Алмасу реакциясы кезінде артық мөлшердегі концентрациялы күкірт қышқылы 34 г натрий нитартымен әрекеттескенде 22,7 г азот қышқылы алынса, оның теориялық шығымы(%):

А) 70 б) 98 с) 85 д) 75 е) 90

№37. 6,5 г мырыш пен 6,5 г күкіртті қыздыру нәтижесінде түзілген мырыш сульфидінің массасы:

А) 8,7 г б) 9,7 г с) 9,6 г д) 8,6 г е) 7,6 г

№38. 33,75 г метиламмоний хлоридін алу үшін қажет тұз қышқылының массасы:

А) 17,75 г б) 19,50 г с) 18,25 г д) 17,25 г е) 18,50 г

№39. 300С кезінде химиялық реакцияның жылдамдығы 0,01 моль/л*мин-қа тең. Егер темпеоатураны 100С-қа көтергенде , ол 3 есе артатын болса, 600С кезіндегі осы реакцияның жылдамдығы:

А) 0,27 моль/ л*мин

б) 0,24 моль/ л*мин

с) 0,26 моль/ л*мин

д) 0,25 моль/ л*мин

е) 0,28 моль/ л*мин

№40. 0,1 моль темір 75 г 20%-ті мыс(ІІ) сульфаты ерітіндісімен әрекеттескенде түзілетін мыстың массасы (г):

А) 8 б) 6 с) 7 д) 9 е) 5

№41. 34,8 г бутанды толық жағуға жұмсалатын ауаның көлемі( ауадағы оттектің үлесі 20%):

А) 436,8 л б) 336,8 л с) 636,8 л д) 536,8 л е) 236,8 л

№42. Шығымы теориялық мүмкіндікке қарағанда 80% болса, натриймен әрекеттескенде 50 л (қ.ж) сутек алу үшін 70%-тік фенол ерітіндісінің қажет массасы:

А) 536 г б) 470 г с) 580 г д) 749 г е) 620 г

№43. Массасы 45 г глюкозаны толық тотықтыруға ( құрамында оттектің көлемдік үлесі 21%бар) қажет ауаның (қ.ж) көлемі:

А) 120 л б) 130 л с) 150 л д) 160 л е) 140 л

№44. Темірдің 18,06*1023 атомының зат мөлшері:

А) 1,0 моль б) 2,0 моль с) 3,0 моль д) 4,0 моль е) 0,5 моль

№45. 14 г темірді 6,4 г күкіртпен балқытып, түзілген өнімді тұз қышқылымен өңдегенде бөлінген газдың (қ.ж) көлемі:

А) 4 л б) 4,48 л с) 5,6 л д) 3,36 л е) 1,12 л

№46. Құрамында көлемдік үлесі 94% қарапайым алканы бар 33,6 л (қ.ж) табиғи газды жаққанда түзілген өнімді толық бейтараптау үшін жұмсалған 20%-дық натрий гидроксидінің ерітіндісінің массасы (г): (табиғи газдағы қосындыларды инертті деп есептеңіз)

А) 584 б) 574 с) 564 д) 544 е) 534

№47. Құрамында 30% крахмалы бар , картоптың 1 тоннасынан 100 л этил спирті (ρ- 0,88 г/мл) алынса, өнімнің шығымы (%)

А) 40 б) 50 с) 55 д) 65 е) 52

№48. 15,6 г бензолды нитрлегенде шығымы 90 нитробензол алынды. Оны әрі қарай тотықсыздандырғанда шығымы 75 анилин түзілді. Түзілген анилиннің массасы:

А) 12,5 г б) 12,3 г с) 10,5 г д) 11,8 г е) 11,5 г

№49. Егер реакция нәтижесінде 11,2 л сутек бөлініп шықса, сумен әрекеттескен литийдің зат мөлшері:

А) 0,25 моль б) 0,50 моль с) 1,00 моль д) 1,25 моль е) 0,75 моль

№50. Құрамында 20% қоспасы бар пиритті өртеу арқылы алынған күкірт (IV) оксидінің (қ.ж) көлемі:

А) 179,2 л б) 44,8 л с) 238,9 л д) 22,4 л е) 89,6 л




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет