1 раздел Основные понятия информатики


Smart-қызметтерді пайдалану



бет49/72
Дата11.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#174148
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Smart-қызметтерді пайдалану
Smart ағылшын тілінен аударғанда «ақылды» деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық сипатта да осы мағынада жұмсалады. Яғни, ақылды технология, ақылды техника, пайдалануға ыңғайлы, мейлінше ықшам, көп функциялы құрылғыларды атаймыз. Ал педагогикалық үдеріс тұрғысынан қарастыратын болсақ, оқытудың бұл түрі электронды оқыту, мобильді оқыту, кез келген жерде, кез келген ортада оқыту деген мағынада жұмсалады.
Қазіргі заманда әлемде жүйелі түрде болып жатқан сан алуан өзгерістер тұрақты үрдіс. Әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірге ақпараттық-коммуникациялық өнімдер мен қызметтердің рөлі артып келеді.
Ақпараттық жүйелер және технологиялар адам қызметінің барлық салаларында инновациялық даму мақсатында серпінді қалыптасуда. Соңғы уақытта ақпараттық қоғам келесі деңгейге көшіп эволюцияға ұшырайды деп пайымдауға барлық негіз бар, ол Смарт-қоғам.
Смарт-қоғамда оқытудың дәстүрлі үлгісінен, яғни, Е-learning-тен көшіп, одан кейін smart-білім беру деп көзделеді. Бұл білім беру мекемелерінің рөлі «Біліммен қамтамассыз етумен» шектелмейді, студенттердің өз тәжірибесі мен дағдыларын қамту үшін жақсы жағдай жасау. Осыған орай, оқытушының негізгі функциясы «Дайын материалды» беру емес, ақпараттық және компьютерлік технологиялар мен әлемдік ақпараттық ресурстардың сапалық навигациясы болып табылады.
Smart-білім студенттерің жаңа білімді дамытып, смарт-адам тұлғасын қалыптастыру, ақпараттық-компьютерлік технологиясымен ақпараттарды іздеу, өңдеу, талдау және инновация қалыптастырумен ерекшеленеді.
Электрондық білім беру технологиялар даму қарқыны мен деңгейі жаңа әлемдік феноменге жол ашты ол smart-education. Бұл инновациялық технологиялық шешімдердің жүйесі ғана емес, сондай-ақ білім берудің жаңа философиясы. Смарт-технологияларды пайдалану білім беру жүйесі үшін жаңа мүмкіндіктер жасайды, оның негізінде:
• Халықаралық білім беру кеңістігінде білім беру мекемелерінің интеграциясы;
• қосымша студенттер санаттарын қамтиды, соның ішінде шетелдік те бар;
• жаңа құралдар мен инновациялық білім беру технологияларын пайдалану;
• оқытушыларға, оқыту және бағалау үшін жаңа нұсқаулар құрастыру;
• ғылыми-зерттеу жұмыстарын нығайту;
• әкімшіліктік және басқарудың тиімді модельдерін енгізу.
Smart технологиясы оқу бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолданылады, ол тек қана оқыту үрдісін құралдық технология бойынша жүргізу емес, сондай-ақ инновациялық оқу бағдарламалар мен пәндерді қамтиды. Сонымен қатар, Smart технологиялар оқу-әдістемелік материалдарды жаңаша құрастырып әзірлеуге, сондай-ақ студенттерді белгілі бір бағытта оқытуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні, Қазақстанның білім беру жүйесінде сабақ барысында мультимедиялық презентацияларды қолдану, Microsoft Power Point сияқты бағдарламалық пакеттер арқылы жұмыстану жалпы құбылыс болып табылады. Әдеттегі презентациялық технологиялардан (Microsoft Power Point) бөлек, білім беру саласына интерактивті технологиялар еніп, әдеттегі слайд-шоу презентациясынан жаңашыл үрдістік бағытқа көшуге мүмкіндік береді.
Smart білім беру тұжырымдамасы – үлкен көлемдегі әр түрлі білім ресурстарының(аудио, видео, графика) тыңдаушыға қажетінше оңай әрі жылдам, ыңғайлы түрде жеткізілуі. Сонымен қатар Smart білім беру оңай басқарылатын және әрдайым сыртқы білім ресурстарымен толығып отыратын болуы тиіс.
Smart education немесе ақылды білім беру – бұл ыңғайлы түрде интерактивті ортада жүзеге асырылған әлемдік деңгейдегі қолжетімді контент арқылы білім беру болып табылады. Smart education түсінігінің негізі ол кең ауқымды қол жетімді білім ресурстары.
Smart education барлық білім беру үдерістерін және осы үдерісте қолданылатын барлық әдістер мен технологияларды түгелдей жаңаруын жүзеге асырады және де ақылды тақта, ақылды экран, кез-келген жерден интернетке қосылу сияқты жаңа технологиялардың туындауына себеп болады. Осы пайда болған жаңа технологиялар контентті жасақтап, жүйелеп, пайдаланушыға жеткізеді. Соның арқасында білім беруді жүзеге асыру тек сыныпта ғана емес, кез-келген жерде: үйде немесе мұражай, кафе сияқты қоғамдық жерлерде де мүмкін болады. Яғни білім беру үдерісінің кез келген қатысушысы(оқушы немесе мұғалім) интернет желісі арқылы ортақ контентті белсенді пайдалана алады. Бұл өз кезегінде білім беру үдерісінің уақытқа немесе орынға(сынып, аудитория) тәуелділігін жояды.
Жаңа білім контенті оқушыларға жаңа дағдылар мен жаңа білімдер алуына көмектеседі. Оқытушы Smart education шеңберінде пәндерге бөлу арқылы әрбір оқушыға жеке білім беруді ұйымдастыра алады. Боллондық оқыту жүйесі де осыған негізделген. Сонымен қатар оқушы өзі жаңа пән жасауға қатысу мүмкіндігі де бар. Smart education оқытушыға курстың техникалық жасақталуына уақыт кетірмеуіне мүмкіндік береді. Мұғалімге мұндағы арнайы модульдерге бөлінген контенттерді пайдалануына болады. Осы модульдерді технологиялар арқылы өзімізге ыңғайлы етіп жинақтауға және автоматтандыруға болады.
Smart тұжырымдамасының енуіне байланысты оқушының да, мұғалімнің де білім беру жүйесіндегі рөлдері өзгереді. Бұрын оқушы үшін жалғыз білім ресурсы сабақтағы дәріс болғандықтан оқушы сабаққа қатысуға міндетті болатын. Ал қазір ақпараттық технологиялардың негізін меңгерген оқушы интернет құралдары арқылы өзіне қажетті кез-келген ақпаратты таба алады. Сондықтан қазір білім алушының дәріске қатысуының қажеттілігі шамалы. Бірақ оқушыға бағдар беруші қажет. Ол – мұғалімнің міндеті. Оқытушы жаңа білім контенттерін жасақтап, оқушыны соған бағыттауы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет