Блокчейн технологиясы
Блокчейн (BIockchain) - биткойн (Bitcoin) немесе оның баламасы жүйесінде транзакциялары тобын жазуға арналған арнайы құрылым. Қарапайым тілмен айтқанда, сіздің өміріңізге қатысты барлық шынайы дерек, жазбаларды тізбектеп сақтау технологиясы. Туған сәтіңізден бастап ешбір дерек тыс қалмайды. Тіпті бір кезде жол ережесін бұзғаныңыз, досыңызға шотыңыздан ақша аударғаныңыз, интернет дүкеннен жасаған саудаңыз, үйленгеніңіз, барлығы блоктарда тізбектеліп сақталады. Қысқаша айтқанда қағазға жазылатын деректердің барлығын blockchain-ге де жазуға болады.
Blockchain деректерін яғни, блоктарды және олардың мазмұнын иесі рұқсат етсе, кез-келген адам көре алады. Демек blockchain желісінің пайдаланушысына оның деректерін растайтын нотариус, тіркеуші, аудитор, сақтандыру агенті, бақылаушылар сияқты делдалдар қажет болмайды. Бұл жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғаларға да қатысты. Blockchain технологиясы арқылы келісімшарттар, сатып алу-сату операцияларын жасауға болады. Еш жасырын сұлбасыз, айқын түрде мемлекеттік сатып алу операцияларында, тендерлерде өткізіледі. Бұл жүйе жемқорлықты, бюрократиялық созбалаңды жоюға пәрменді. Банк жүйелеріне енсе, тіпті бірнеше бөлімдерді толығымен қысқартуға, банк операцияларының бірнеше кезеңін азайтуға мүмкіндік береді. Ипотекалық пәтерлер, жылжымалы мүлікті сатып алу, сату кезіндегі алаяқтық мүлдем жойылады дейді мамандар.
Жасанды интеллект
Жасанды интеллект – бұл адам ойын компьютерде бейнелейтін бағдарламалық жүйе. Яғни, адамның логикалық ойлау қабілетін әртүрлі машиналарда іске асыру, оларды дербес ойлай алатын ету дегенді білдіреді. «Жасанды интеллект» сөзін алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде өткен конференциясының преамбуласында Джон Маккарти қолданған.
Жасанды интеллект жұмысы екі бағытқа бөлінеді:
Сонымен бірінші бағыт адамның интеллектуальды әрекетінің өнімін қарастырады, оның құрылысын меңгереді(есептерді шешу, теоремаларды дәлелдеу, ойындар) және бұл өнімдерді қазіргі техника көмегімен жасайды.
Жасанды интеллектінің екінші бағыты интеллектуальды іс-әрекетінің нейрофизиологиялық және психологиялық механизмі туралы мәліметтерді, дәлірек айтқанда адамның саналы іс-әрекетін қарастырады.
Жасанды интелект информациялық жүйесі алға қойылған мақсатпен оны шешудің міндеттері және талдауға тиіс ретінде оқуға және өздігінен оқуға қабілетті жүйе болуы тиіс. Алғашқы кезде зерттеушілер жасанды интелект жүйесімен адам "миы" жұмысының көшірмесі арқылы ғана құруға болады деп түсінді. Ол үшін арнайы жүйке жасушалары мен олардың өзара күрделі байланысын моделдеуші электронды жобалар құрылады. Зерттеушілер ми жұмысын моделдеу арқылы бір-бірімен миллиондаған байланыста болатын 200-250 мыңға жуық қарапайым микропроцессорлар қолданылатын электронды жүйелер құруға үлкен жетістіктерге жетті. Мұндай жүйелер арқылы оқуға қабілеттілік сияқты "ойлау операцияларының" шешімін табуға болатынына көз жеткізді.
Пролог – логикалық бағдарламалау тілі (logic programming language), XX ғасырдың 70-жылдары компьютерде жасанды интеллект жүйесін, яғни, сарапшылық жүйе, аудармашы – программа, интеллектуалдық ойындар тағы сол сияқты құруға арналған. Осы тілдің ұғымдары мен принциптері математикалық логика ұғымдарына және «жасанды интеллектіні» зерттеу бойынша жасалған теоремаларды автоматты түрде дәлелдеу аппаратына негізделген. Сондықтан, Пролог тілі формальды түрде әртүрлі бекітілімдерді, ой қорыту ережелерін сипаттауға мүмкіндік береді және ЭЕМ-ді ойқорытуға және берілген сұрақтарға жауап беруге көндіреді.
Жасанды интеллект бұл модель мен тиісті бағдарламалық құралдар жасайтын ЭЕМ көмегімен семантикаға жүгінуді талап етілетін үдерісте есептеу сипатындағы шығармашылық міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін ғылыми зерттеу бағыты.
Жасанды интелект пайда болуымен байланысты жаңа ғылыми пән инженерлік білім пайда болды, бұл білімдерді беру және қалыптастыру саласында зерттеулермен, оларды өңдеу және жасанды интелект қолданумен айналысады.
Зерттеулер нәтижесінде жасанды интелектіні құруда күрделі "ойлауды" қамтамасыз ететін – экспертті жүйелер, оқыту жүйесі, кескінге талдау жасау жүйесі, автоматтандырылған программалау жүйесі секілді кешенді программалар жүйесі жасалады. Эксперттік жүйені халық шаруашылығының барлық саласына қолдану кеңінен зерттелді.
3. а) 11010110010(2)=Х(8)= Х (16); б) 4543 (8)= Х (2); в) А5АС (16)= Х (2);
Кафедра меңгерушісі _________________М.М. Коккоз
Әзірлеген ____________________ Жаркимбекова А.Т.
Әзірлеген ____________________ Кадирова Ж.Б.
Бекітілген: 12.11.2019 ж. № 7 хаттама
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті
Достарыңызбен бөлісу: |