ҚР преезидентінің алғашқы жолдауы «Тәуелсіздік шежіресі. Жасампаздықтың әр жылы: 1997 жыл - «Қазақстан-2030» стратегиясы - ұлттың ұлы мақсаттары межеленген жыл».Осы жылды Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Жарлығымен «Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» деп жариялаған болатын.
«Қазақстан-2030» стратегиясы
Жалпы, «Қазақстан стратегиясы-2030» төрт кезеңге бөлінді:
1997-2000 жылдар - дайындық кезеңі
2000-2010 жылдар - бірінші кезең
2010-2020 жылдар - екінші кезең
2020-2030 жылдар - үшінші кезең.
Осы кезеңдер аяқталған кезде Қазақстан дамыған елдер санатына енуі керек.
Дәл 1997 жылы ел астанасын Алматыдан Арқа төсіндегі Астанаға көшіру туралы қаулы қабылданды.
«Қазақстан-2030» стратегиясы
1997 жылғы Президенттің халыққа жасаған тұңғыш Жолдауы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиясына арналып, бұның өзі ұлтымыздың болашаққа деген сенімін нығайта түсті. «Қазақстан-2030» стратегиясы - шын мәнісінде тарихи оқиға, тарихи меже болып қалыптасты. Бұл өз кезегінде келешекке көз жүгірту ғана емес, елдік діттеген мақсат-мұраттарды орындауға деген үлкен құлшыныс болатын. «Қазақстан-2030» стратегиясы жарияланған жылдан бері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында алғашқы бекіген міндет пен алға қойған нақтылы мақсаттарды кезең-кезеңімен іске асырудың тетіктерін бір-бірімен ұштастыра ұсынып келеді.
«Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында »- жолдауы
2006 жылы 1 наурызда қабылданған.
«Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»-болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінің басталуы.
Жолдау бірнеше басымдылыққа бөлінді,
1. Бірінші басымдық: Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кірігуі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі
2.Екінші басымдық: Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру
3. Үшінші басымдық: Халықтың неғұрлым “әлжуаз” топтарын қорғайтын және экономиканың дамуына қолдау көрсететін осы заманғы әлеуметтік саясат
4. Төртінші басымдық: Осы заманғы білім беруді дамыту, кадрлардың біліктілігі мен оларды қайта даярлауды ұдайы арттыру және Қазақстан халқы мәдениетінің одан әрі өркендеуі
5. Бесінші басымдық: Демократияны одан әрі дамыту және саяси жүйені жаңарту
6. Алтыншы басымдық: Осы заманғы қауіп-қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы бара-бар ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыру
7. Жетінші басымдық: Қазақстанның мүдделерін, өңірлік және әлемдік дамудың серпінін ескеретін теңдестірілген және жауапты сыртқы саяси бағытты одан әрі іске асыру