Айнымалы ток тізбегі: активтік, индуктивтік және сыйымдылықты кедергілер
Синусоидалық тоқтың электр тізбегі тұрақты тоқ тізбегіне ұқсас, энергия көздері, өлшегіш аспаптар, коммутациялық аппараттар жəне т.б. сияқты электротехникалық құрылғылармен қатар синусоидалық тоқ тізбектеріне ғана тəн аспаптар - Трансформаторлар, конденсаторлар, индуктивтілік катушкалары жəне басқалары кіреді..
Айнымалы тоқ параметрлері (активті кедергі R, индуктивтілік L L жəне сыйымдылық C) айнымалы кернеу кезінде тізбекте пайда болатын айнымалы тоқтың мəніне жəне бастапқы фазасына əсер етеді. Активті кедергісі бар тізбектің элементтерінде электр энергиясы жылуға түрлендіріледі. Индуктивтілігі жəне сыйымдылығы бар тізбек элементтерінде энергия жылу түрінде шығарылмайды. Мезгілді түрде магниттік жəне электр өрістерінде жинақталады, содан кейін электр энергиясының көзіне қайта оралады. Тізбектің осындай элементтері реактивті деп аталады. Осындай элементтердің айнымалы тоққа əсері реактивті деп аталатын кедергілермен ескеріледі. Айнымалы тоқтың электр тізбегінің кейбір параметрлерін кейбір жағдайларда ескермеуге болады. Мысалы, қыздыру шамдары, резисторлар, қыздырғыш аспаптар əдетте активті кедергімен R, жүктелмеген трансформаторлар — индуктивтілікпен L, ал жүктемесі жоқ кəбіл желілері — сыйымдылықпен С сипатталады.
Кедергісі БАР тізбек. Қандай да R кедергісі бар тізбек (1, а-сурет) кернеуі синусоидалық өзгеретін қуат көзіне жалғанған делік.
1.5 -сурет. Активті кедергісі бар электр тізбегі:
а — схема; б — тоқ пен кернеудің уақыт диаграммасы; в — векторлық диаграмма
Активті кедергісі бар тізбектегі кернеу мен тоқ фаза бойынша сəйкес келеді (ф = 0). Кернеу мен тоқ графиктері жəне кедергісі бар тізбектің векторлық диаграммасы 1, б, В-суретте көрсетілген:
𝐼 = 𝑈𝑎 /𝑅 (1)
(1) формуласы Ом заңының кедергісі бар тізбекке арналған математикалық өрнегі болып табылады, оның тұрақты тоқ формуласынан еш айырмашылығы жоқ. Бірақ (1) формулаға айнымалы тоқ пен кернеудің тұрақты емес, ағымды мəндері кіреді. Период ішіндегі орташа қуатты активті деп атайды жəне Ра деп белгілейді. Активті кедергісі бар тізбектегі активті қуат лезде қуаттың тұрақты қосылғышына тең:
Ра =𝐼* 𝑈𝑎 (2)
Достарыңызбен бөлісу: |