1 раздел Основные понятия информатики


Дата орталықтар. Қазіргі инфрақұрылым шешімдерінің даму үрдістері



бет18/72
Дата11.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#174148
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Дата орталықтар. Қазіргі инфрақұрылым шешімдерінің даму үрдістері
«Бұлт» (cloud) сөзі 1990 жылдары Интернет сөзінің баламасы ретінде қолданылған. Ол кезде ғаламтор өзіне тән ерекше, ортақ қолданыста болмаған, ішкі элементтеріне сәйкес өзі де құпия ұғым болатын. «ORGs for Scalable, Robust, Privacy–Friendly Client Cloud Computing» мақаласында «бұлттық есептеуге» келесідей анықтама берілген: «Бұл ерекше жағдай, ақпарат арқашан Интернет желісінде сақталып, тек белгілі уақытқа ғана қолданушы тұсына беріледі – мысалы, дербес компьютеріне, планшеттерге, ноутбуктарға, қалта компьютерлеріне және тағы да басқа құрылғаларға». «Бұлттық есептеулер» идеясын алғаш рет 1960 жылы, есептеу техникасының маманы, өзінің жасанды интеллект теориясы бойынша әйгілі болған Джон Мак–Карти ұсынған болатын. Ол болашақта есептеулер коммуналдық қызметпен ақылы түрде ұсынылатын болатындығын болжап кеткен. 1993 жылы «бұлт» термині алғаш рет коммерциялық мақсатта үлкен ірі желілерді сипаттау мақсатында қолданылды.
Ол өзіне жылдамдығы аса жоғары бір мезетте трафик арқылы қызметтің барлық түрін (бейне, дауыс және мәліметтер) жібере алатын, желіде өзара байланысқа түсетін каналдар жиынтығын білдіруші еді. Ол желілерде жіберуші мен қабылдаушы арасында мәлеметтерді жіберуді жеңілдететін бір мезеттік виртуалды байланыс пайда болды. Оны анығырақ 1–ші суретте көрсетілген.
XXI ғасырдың басында «бұлттық есептеулер» термині жаңадан шыққан SaaS (бағдарламалық қамтама қызмет ретінде) бағытта келісімді түрде қолдана бастады. Алғаш қолданушы ретінде Amazon интернет–дүкені көзге түсті. Осылайша өзінің дата–орталықтарын Open Source–қа аудару жолымен сол кездегі дотком дағдарысынан тез арада құтылды. Кәсіпорынның 90% серверлері Red Hat Linux басқару жүйесінде Stronghold веб–сервер бағдарламсымен және Apache–дің жинақы нұсқасымен жұмыс істесе, ал темірін Intel мен HR чипсет негізіндегі серверлер моделімен ауыстырылды. 2002 жылы Amazon–ның веб–сервері жарық көрді. Оны бес жыл өткен соң «бұлт» деп атап кетті. Яғни, алыстатылған серверлерге кез–келген ғаламтор бар жерден браузер көмегімен қол жеткізе алатын сервистер жиынтығы.
2007 жылы осыған ұқсас жобаға (Academic Cluster Computing Initiative) сол кездің алып компаниялары Google, IBM және америкалық бірнеше университеттер қатысуымен өтті. Олар үшін 1600 серверден тұратын және оларға сәйкес оларды басқаруға оңай, әрі алыстан қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін арнайы бағдарламалық қамтамамен жабдықтады. Осыған қоса «бұлт» атты жарысқа алып компаниялардың бірі – Yahoo кірісті. 2008 жылы «Google Docs» атты браузер арқылы офистік құжаттармен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін интернет қызметімен компьютерлік индустрияның «бұлт» бөліміне өз үлесін қосты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет