Аналық тақта (плата материнская; motherboard) – дербес компьютердің негізгі платасы. Ішкі байланыстарды басқарады және басқа құрылғылармен әрекеттеседі.
Процессор – бұл ДК-дің орталық блогы (ядросы) және негізгі микросхема;
Математикалық сопроцессор үтірі ауысып отыратын екілік сандармен орындалатын амалдарды жылдамдатуға арналған. Математиалық сопроцессор негізгі МП-мен қатар, бірақ оның басқаруымен орындалады.
Микропроцессорлық жиынтық (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиынтығы. Аналық платаның негізгі қызметтік мүмкіндіктерін анықтайды.
Шиналар – компьютердің ішкі құрылғылары арасындағы сигналдармен алмасу орындалатын өткізгіштер жиынтығы.
Жедел (оперативті) жады (жедел есте сақтау құрылғысы, ЖСҚ-ОЗУ) – мәліметтерді уақытша сақтау үшін арналған микросхемалар жиынтығы.
ТСҚ (ПЗУ) (тұрақты есте сақтау құрылғысы) – мәліметтерді ұзақ уақытқа дейін (компьютер сөндірілген кезде де) сақтау үшін арналған микросхема.
Тактілік импульстер генераторы – жиілігі компьютердің тактілік жиілігін беретін электрлік символдардың тізбегін генерациялайды. Көрші импульстар арасындағы уақыт ағымы машина жұмысының тактісін анықтайды.
Таймер – ағымдағы уақытты автоматты түрде түсіріп алуды қамтамасыз ететін, машина ішіндегі электрондық сағат. Таймер автономды қорек көзіне қосылады және компьютерді желіден сөндіргенде де жұмысын жалғастыра береді.
Сыртқы құрылғылар контроллері. Слоттар(Slot) – қосымша құрылғыларды (видеокартаны, дыбыстық платаны, ішкі модемдерді, желілік адаптерлерді) қосуға арналған ажыратқыштар.
Сокет (Socket) – микросхема орнатылатын ұяшықтан тұрады. Оның байланыстары штырькалы шығыстардан тұратын микросхемаларға арналған.
Орталық микропроцессор – барлық есептеулерді (математикалық және логикалық амалдарды) және ақпараттарды өңдеуді орындайтын шағын микросхема, сонымен қатар барлық блоктардың жұмысын басқарады.
Процессор өте кішкентай өлшемді кремний кристаллдан тұрады. ОП регистрлер деп аталатын арнайы ұяшықтардан тұрады. Регистрлерде процессормен орындалатын командалар, сонымен қатар командалар әрекет жасайтын мәліметтер орналасады. Процессор жұмысы жадыдан нақты бір тізбектегі командалар мен мәліметтерді таңдаудан және оларды орындаудан тұрады.
Микропроцессор компоненттері:
· АЛҚ (АЛУ) логикалық және арифметикалық амаладарды орындайды;
· Басқару құрылғысы ДК-дің барлық құрылғыларын басқарады;
· Регистрлер мәліметтерді және адрестерді сақтау үшін қолданылады;
· Шинаны және порттарды басқару схемасы – микропроцессор және енгізу-шығару порттары арасындағы мәліметтермен алмасуға құрылғыны дайындайды, сонымен қоса адрестік және басқару шинасын басқарады.
Процессордың негізгі сипаттамалары:
· тактілік жиілік;
· разрядтылық;
· жұмыс кернеуі;
· ішіне салынған математикалық сопроцессордың бар болуы;
· кэш-жады өлшемі.
Тактілік жиілік уақыт бірлігінде процессормен орындалатын қарапайым амалдардың санын (тактісін) анықтайды. Қазіргі кездегі процессорлардың тактілік жиілігі МГц-пен өлшенеді (1 Гц бір секундта бір амалды орындаумен сәйкес келеді, 1 МГц=106 Гц).
Разрядтылық процессордың бір тактіде өзінің регистрінде қанша бит мәліметті қабылдай және өңдей алатындығын көрсетеді. Процессордың разрядтылығы командалық шинаның разрядтылығымен, яғни шинадағы өткізгіштер санымен анықталады. Қазіргі заманғы процессорлар 32 – разрядты болады, 64 – разрядты процессорлар да бар.
Процессордың жұмыс кернеуі аналық платамен қамтамасыз етіледі, ол 3В-тан аспайды.
Кэш-жады. Процессор ішіндегі мәлімет алмасу процессор мен жедел жады арасындағы мәлімет алмасуға қарағанда әлдеқайда жылдам орындалады. Сондықтан жедел жадыға жету санын азайту үшін процессор ішінде жедел жадыдан жоғары немесе кэш-жады болады. Процессорға мәліметтер керек болған жағдайда ол алдымен кэш-жадыға көңіл бөледі, егер онда қажетті мәліметтер болмаса, жедел жадыға ауысады.
Кэш – бағдарлама кодын және мәліметтерді уақытша сақтауға арналған жылдам әрекет жасайтын жады. Ол баяу жұмыс жасайтын жедел жадыдағы мәліметтерді алу уақытын азайту үшін керек. Онда процессорға жылдам берілетін мәліметтер сақталады. Кэш-жады бірінші және екінші деңгейдегі болады және ол процессорда немесе жүйелік платада орналасады.
Контроллер (адаптер, карталар) – жедел жады және сыртқы құрылғылар арасында ақпарат алмасуды орындайтын құрылғы. Контроллердің, адаптерлердің немесе карталардың өзінің процессорлары және өзінің жадысы болады, яғни арнайы процессорды береді.
Контроллер немесе адаптерлер (компьютердің сыртқы құрылғыларын басқаратын схема) аналық плата слотына орнатылатын жеке платаларда орналасады.