Қазақстанның ішкі сулары



Дата19.02.2023
өлшемі15,01 Kb.
#169368
түріБағдарламасы
Байланысты:
document name



Автор: Сыздық Айна Жаңбырбайқызы
Пән: География
Сынып: 9-сынып
Бөлім: Гидросфера
Тақырып: Қазақстанның ішкі сулары

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды және сипаттайды: өзендер мен көлдер, мұздықтар мен мәңгі тоң, жерасты сулар

Сабақтың мақсаты:

Қазақстанның ішкі суларының түрлерімен танысып, ерекшеліктерін талдайды. 

Тілдік мақсаттар:

Оқушылар ішкі су түрлерін анықтау үшін топпен жұмыс істейді (айтылым, оқылым, жазылым дағдылары) Пәнге қатысты лексика мен терминология: Өзен, өзен бастауы, көл, батпақ, мәңгі тоң, мұз жамылғысы, жер асты сулары, адам әрекеті, грунт, артезиан, Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер: Пайдалы сөзорамдар келесілерді кіріктіре алады: Бұл мәліметтер жаңылдыру мүмкін, себебі… Бұл мәліметтер …екендігін айғақтайды Өзгерістер кеңістікте де, уақыттада жүріп жатады, өйткені… …байланысты.

Күтілетін нәтиже:

 Қазақстанның ішкі суларының түрлерін ажыратады. Су көздерінің басты көрсеткіштерін анықтайды Қодану: Ішкі сулардың түрлерін картада белгілейді. Зерттеу және талдау Қазақстанныі ішкі сулары туралы мәліметтерді шығармашылық және академиялық түрде талдап ұсынады.

Бағалау критерийлері:

Білу және түсіну Қазақстанның ішкі суларының түрлерін ажыратады. Су көздерінің басты көрсеткіштерін анықтайды Қодану: Ішкі сулардың түрлерін картада белгілейді. Зерттеу және талдау Қазақстанныі ішкі сулары туралы мәліметтерді шығармашылық және академиялық түрде талдап ұсынады.

Құндылықтарды дарыту:

Оқушының бойына қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік құндылықтарын дарыту барысында еліміздің, дүниежүзі елдерінің ішкі сумен қамтамасыз етілуіне баға береді, оқушының өзара әркет ету және түрлі елдердің статистикалық мәліметтерімен жұмыс жасауда құрмет, ынтымақтастық, ашықтық, еңбек және шығармашылық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту.Ынтымақтаса оқу, көшбасшылық, сындарлы ойлау.

АКТ-ны қолдану дағдылары:

Оқушылар АКТ қолдана отырып статистикалық мәліметтермен жұмыс жасайды, картамен жұмыс түрлерін көрсетеді. Берілген сілтемелер бойынша кестелермен жұмыс жасай алады, ішкі сулардың пайда болуын анықтап, себептері туралы айта алады Қосымша ақпараттардан негізгі түйінін ажырата алу және оны пайдалана алу

Пәнаралық байланыс:

Биология,экология, экономика,қазақ тілі 

Бастапқы білім:

Ішкі сулар

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы
(10 минут)

Оқушылардың зейінін шоғырландыру. Тақырыпқа шығу. Бейнефильм көру арқылы Қазақстанның өзендерімен танысу. Мұғалім іс-әрекеті: -Бүгінгі сабақ не туралы болмақ? Сабақтың тақырыбы анықталады. Сабақтың мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстырылады.
Оқушы іс-әрекеті: Терминдерді ауызша қайталап өту. Жұптық жұмыс Тапсырма №1. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс Тақырыбы: Қазақстанның өзендері Мақсаты: Қазақстанның ішкі суларының түрлерімен,ерекшеліктерімен, өзен суының шығыны мен жылдық ағыны және қоректенуімен танысу.
1: Өзен жүйелері мен өзен алаптары 2: Көл жүйесінің ерекшелігі 3: Өзен суының шығыны мен жылдық ағыны 4: Өзендердің қоректенуі мен режимі Бағалау критерийі: Білу және түсіну, Қолдану Бағалау дескрипторы: Қазақстанның ішкі суларына түсінік береді. Көл жүйесінің ерекшелігін сипаттайды. Өзен суының шығыны мен жылдық ағынын есептейді Өзендердің қоректенуі мен режимін анықтайды Бағалау жұптар бірін- бірі галерея әдісі бойынша бағалайды. Кері байланыс.

http://bilimland.kz/upload/content/lesson/14642/media/c77a0582ba5ce318224e0970d
Презентация

Сабақтың ортасы
(15 минут)

Тапсырма №2. Кестемен жұмыс (Жұптық жұмыс) Тақырыбы: Қазақстанның көлдері Мақсаты: Ғаламтор желісіндегі ақпарат көздерін пайдалана отырып Қазақстанның ірі бес көліне кесте арқылы сипаттап, талдау жасау.(Каспий,Арал,Балқаш,Зайсан,Алакөл)№ Көл атауы
Географиялық орны мен ерекшелігі,
көлемі
Пайда болу жолы
Халық шаруашылығындағы маңызы
Бағалау дескрипторы: Көлдердің географиялық орны мен ерекшелігін анықтайды Көл жүйесінің пайда болу жолдарын сипаттайды. Шаруашылығындағы маңызын атайды Бағалау. Жұптар бірін- бірі бағалайды. Мәтінді жақсылап оқи отырып, грунт, артезиан, минералды суларды түсіндіріп беру және төмендегі сұрақтарға ауызша жауап береді. 

Кесте, оқулық

Сабақтың соңы
(10 минут)

Жер асты суының пайдаланылуы деген тақырыпта интеллект карта құрастыру
Кері байланыс

Плакат, түрлі түсті қағаз

Рефлексия
(5 минут)

БББ кестесі

БББ кестесі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет