1 раздел Основные понятия информатики



бет25/72
Дата11.04.2023
өлшемі1,69 Mb.
#174148
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72
Байланысты:
билет по ИКТ каз для ДОТ ответы

Бір рангілік желілер. Мұнда файл-сервер немесе баспа сервері ретінде пайлаланылатын жеке компьютерлер болмайды. Кез-келген станцияда отырған адам өз компьютерін сервер ретінде пайдаланып, басқа компьютерлермен мәліметтер алмаса береді. Бір рангілік желілер әдетте, 10-нан аспайтын компьютерлерді біріктіреді. Оларды жұмыс тобы, яғни қолданушылардың кішігірім ұжымы деп те атайды.


Сервер негізіндегі желілердің құрамында бір немесе бірнеше компьютерлерде арнайы желілік операциялық жүйе іске қосылады. Олардың негізгі қызметі - әрбір жеке компьютер иесіне желі ресурстарын пайдалануды қамтамасыз ету. 
Компьютерлік желілермен жұмыс істеу кезінде қолданылатын негізгі түсінік және анықтама
Компьютерлік желі (КЖ) немесе ЭЕМ желісі деп ақпаратты–есептеуіш жұмыстарын орындаған кезде есептеуіш дәрменділігін және есте сақтаушы құралдарын тиімді қолдану үшін желілік программалық қамтамасыздандару және өзара деректерді беру каналдарымен байланысқан ЭЕМ-дың территориялық кешенін айтады. Сондықтан компьютерлік желілерді аппараттық, пограммалық, ақпараттық территориясы бойынша бөлінген жүйе ретінде қарастыруға болады, сонымен бірге техникалық құралдар компьютерлік желінің потенциалын, ал прогаммалық қамтамасыздандару нақты мүмкіндігін ашып береді.

Жалпы жағдайда компьютерлік желілер бір біріне енгізілген үш ішкі жүйелердің жиынтығын құрайды:



  • жұмысшы станциялар желісі 

  • серверлер желісі 

  • деректерді берудің негізгі желісі 



Жұмысшы станциялар желісі – жұмысшы станцияларды олардың арасындағы желі арқылы сервермен және өзара байланыстыратын желі. Жұмысшы станция дегеніміз (клиенттік машина, жұмыс орны, абоненттік орын, терминал)–компьютерлік желінің абоненті жұмыс істейтін компьютер.


Серверлер желісі – серверлерді олардың арасындағы желі арқылы негізгі желімен және өзара байланыстыратын желі. 
Деректерді тасымалдаудың негізгі желісі – серверлер арасында мәліметтер тасымалдау жиынтығы. Ол байланыс каналдары мен түйіндерінен тұрады. Байланыс түйіні деп коммутация құралдары мен бір пунктте мәліметтерді тасымалдау жиынтығын айтады. Байланыс түйіні байланыс каналы арқылы түскен мәліметті қабылдап алады да оны абонентке баратын каналға жібереді. Байланыс түрінің мысалы ретінде телефон станцияларын алуға болады. Желі түйіндерін байланыстырудың симметриялық сызбасын желі тапологиясы деп атайды. Желі топологиясының түрлері көп, олардың ішіндегі негізгілері: шиналық, сақиналық, жұлдыз тәрізді түрлері болып табылады.
Желі тапологиясын таңдау өте жауапты жұмыс, оны компьютерлік желінің жобасын жасамас бұрын анықтап алу керек. Желі тапалогиясы компьютерлік желі жасаудың соңғы кезеңінде өзгерту өте күрделі және қымбат тұратын мәселе. Жұмысшы станциялар желісінде моноканалдар (жалғыз канал), ал деректерді жіберудің негізгі желісінде – поликаналдар (моноканалдар жиынтығы) жиі қолданылады. 
Компьютерлік желілерді ұйымдастырудың негізгі принциптері оның басты сипаттарын анықтайды:

  • операциялық мүмкіндіктері;



  • өндіргіштігі; 

  • хабарды жеткізу уақыты 

  • ұсынылатын қызметтердің құны. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет