Емтихан билеті №18
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пәні
Барлық білім беру бағдарламалары үшін
1. Деректер қорын жобалау және құру.
Мәліметтер базасы түсінігімен мәліметтер базасын басқару жүйесі түсінігі тығыз байланысты. Бұл жаңа базасының құрылымын құру, оны мәліметтермен толтыру, мәліметтерді редактрлеу мен ақпараттарды визуалдау үшін арналған программалық жабдықтар кешені. Керектi ақпараттарды жинау ғана емес, оларды жақсылап құрылымдау да маңызды. Кез-келген ақпараттық құрылым келешекте қажеттi ақпаратты ‑
алу үшiн құрылады. Сондықтан да ол мәлiметтердiң құрылымын жасау мына әдiстерге сүйену арқылы жасалады:
1 объектiнiң сипаттамаларын анықтау;
2 осы объектiлердiң атрибуттарын (атрибут – қатынас бағандары) анықтау;
3 объектiлердiң арасындағы байланысты көрсететiн құрылым типтерiн таңдау (кесте, иерархиялық, желiлiк).
МБ жобалау процесі алдын – ала пәндік облыстағы объектілер классификациясын жасауға, жүйеге келтіргенде объектілер және олардың арасындағы бойынша туралы ақпаратты береді.
Жобалаудың бастапқы кезеңдерде МБ –ның тізімі анықталуы керек. ДБ логикалық құрылымын жобалауда инфологиялық модельдің деректер моделіне ауысып кетуіне жағдай жасайды және нақты МББЖ қолданылады да тексеру болғаннан кейін даталогиялық модель пәндік облыста суреттеледі.
Кез – келген пәндік облыстың даталогиялық модельде суреттеудің көптеген жобалаудың шешімдері бар.
Жобалау әдісі ең кішкентай логикалық бірлігі (олардың әртүрлі аталуына қарамастан ) барлық МББЖ семантикалық тең болады және объектің идентификаторына сәйкес келуі керек немесе объектің қасиетіне немесе процеске.
Жобалаудың жеті кезеңі
Жобалау - үлкен көлемді құжаттар кұру емес, оның негізгі мақсаты- қажетті қосымшаны іске асырудың айқын жолын анықтау.
1-кезең: Концепциядан бастап іске асуға дейінгі жалпы жобалау
Программалаушылар мен қолданушылар арасында ұқсас мәселелер кездесуі мүмкін. Мәселелердің алғашқы тобы соңғы қолданушының талаптарына қатысты. Құру әрекеттерін бастамай тұрып, жүйеге қойылған жалпы талаптарын айқын анықтап алу керек. Жобалау әрекеттері итеративтік процесс: әр кезең біткеннен соң, анықталған жобадан ауытқып кетпеу үшін алдыңғы қадамдарды мұқият тексеріп, қарап шығу қажет.
2-кезең. Қорытынды есепті жобалау: өрістерді орналастыру
Көрсетілген жобалау концепциясында, өрістердің орналастырылуы қорытынды есепке айтарлықтай әсер етпейді. Кейде болашақ қорытынды есептің бетіне тор салып, әр өрістің орнын дәлме-дәл анықтап шығуға болады.
3-кезең: Деректердің кұрылымын жобалау: кестенің кұрылымында қандай өрістер болуы қажет
Сонымен, келесі қадам - қорытынды есептерге кіретін өрістердің тізімін кұру. Ең оңай жолы - әр қорытынды есептің элементтерін анықтап, тізімін құру. Содан соң кұрылған тізімдердегі екі немесе бірнеше қорытынды есептерге қатар кіретін элементтерді анықтап алу керек. Ескерту: бірнеше қорытынды есептердегі деректердің элементтерінің аттары бірдей болса, онда оларды бір элемент деп санауға болады. Осы кезеңде деректердің элементтері үшін логикалық топтастыру әрекеттері орындалады.Өрістерді кестелерге үлестіру әрекеттері функционалдық негізінде жүзеге асырылады.
4- кезең. Кестелерді жобалау және біріктіру
Деректердің құрылымын жобалау әрекеттері орындалғаннан кейін, кестелердің құрылымы айқындалады. Жобаланған кестелерді бір бірімен байланыстыру барысында қайталананып келетін деректерді қалай өңдеу жайында шешім алдын- ала қабылдануы керек.
5-кезең. Өрістерді жобалау: деректерді енгізу және олардың мүмкін мәндерін тексеру ережелері
Келесі кезең кестелер мен өрістерді толық анықтауды қажет етеді. Әрбір өріске және кейбір жаңа кестелерге деректерді қатесіз енгізу үшін, деректердің мүмкін мәндерін тексеру ережелерін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |