Анестезия түріне қарай жергілікті анестетиктердің қолданылуы
№
|
Жергілікті анестетик
|
Анестезия түрі
|
Беткейлі
|
Өткізгіш
|
Инфильтрациялық
|
Жұлынға
|
1
|
Дикаин (Тетракаин)
|
0,25% -1% -3%
|
|
|
0,3% өте сирек
|
2
|
Анестезин (Бензокаин)
|
5-10% жағылма, 1-2% майлы ерітінді
|
|
|
|
3
|
Новокаин (Прокаин)
|
|
1-2%
|
0,25-0,5%
|
2,5-5%
|
4
|
Тримекаин (Мезокаин)
|
2- 5%
|
2%
|
0,125- 0,5%
(1сағат)
|
5%
|
5
|
Лидокаин (Ксикаин)
|
1-4% ерітінді, 10% спрей
|
1 -2%
|
0,125%- 1%
(1сағат)
|
1 -5%
|
6
|
Бупивакаин (Маркаин)
|
|
0,25- 0,5%
|
0,125- 0,5%
(2-3сағат)
|
0,25%- 0,75%
|
7
|
Пиромекаин (Бумекаин)
|
0,5-1-2% ерітінді,
5% жағылма
|
1 -2%
|
|
|
8
|
Артикаин (Ультракаин Д)
|
|
2- 4%
|
0,25- 1%
|
1 - 5%
|
2-Бырыстырғыш (тұтастырғыш)дәрілер(вяжущие): Танин, Bi, Ag, Al, Cu, Zn тұздары, қорғасын ацетаты-свинца ацетат, ашутас- квасцы, ксероформ, дерматол, емен- дуб, түймедақ- ромашка, жалбыз- шалфей, итошаған- череда, шайқурай- зверобой
Әсері: сілемей қабықша мен терінің бетіндегі ақуыздың бірігуіне әкеліп, қабынуды басады.
3-Бүркеуші заттар (обвалакивающие): Крахмал шырышы-слизь, зығыр дәні (лён), алмагель. Әсері:сілемей қабықшаларды бүркеп, тітіркенуіне кедергі жасайды.
4-Сіңіргіш дәрілер(адсорбенттер): белсендірілген көмір, смекта, қантоқтатқыш сорғыш Тахокомб.
Белсендірілген көмір, смекта дәрілерін іш өткенде ,іш кебуде, тамақпен, алкалоидтармен, металдармен уланғанда қолданады.
5-Тітіркендіргіш дәрілер: мүсәтір спирті, Валидол, Ментол, қыша-горчица, скипидар, этил спирті, жылан уы қосылған жағылмалар, құстыратын және қақырық түсіретін дәрілер.
№32Холиномиметиктер, түрлері, фармакодинамикасы, қолданылуы, жанама әсерлері.
М - холиномиметиктер: Пилокарпин, Ациклидин. Жүрек соғуын баяулатады, артериялық қысымды төмендетеді, бронхтарды тарылтып, асқазан бездерінің секрециясын күшейтеді, ішек пен қуықтың тонусын жоғарылатады.
Қолданылады: ішек және қуық атониясында және көз ішіндегі сұйықтықтың бөлінуін жеңілдететіндіктен глаукомада (суқараң) көз ішілік қысымды төмендетуге қолданады.
Қарсы көрсеткіштері: брох демікпесі, миокардтың өткізгіштігінің бұзылыстары, миокард инфарктысы, жүктілік, эпилепсия, гиперкинездер.
М- хлоиномиметиктерді тамыр арқылы енгізілгенде кенеттен жүрек тоқтауы мүмкін. Бронх демікпесі бар пациенттерде бронхтардың тарылуынан тұншығу болады.
Н - холиномиметиктер: Цититон, Лобелин. Тыныс алу орталығын рефлекторлы қуаттандыратын шектеулі қолданылатын аналептиктер болып келеді. Улануларда, асфиксияда, тыныс бұзылыстарында жедел көмекке 1%- 0,2-0,5мл ерітіндіні тамыр арқылы енгізеді. Аналептиктерді жасанды дем беру тиімсіз болған жағдайда ғана қолдануға болады. Н- холиномиметиктер тобына жататын Табекс, Лобесил таблетка және шайнама сағыз түрінде темекіден арылуға (20-25күн) қолданады.
№33Антихолинэстаразды дәрілер, фармакодинамикасы, қолданылуы, уланудағы шұғыл көмек. Антихолинэстеразды дәрілер (Холинэстеразаға қарсы): Прозерин, Физостигмин, Галантамин, Оксазил. Ацетилхолинді жоятын фермент холинэстеразаға тежегіш әсер етеді. Жүйке - бұлшықет өткізгіштігін жақсартады
Қолданылады: глаукомада, ішек атониясында, бұлшық ет әлсіздігінде (операциядан кейін), миастенияда, полимиелит пен инсульттан кейін.
Қарсы көрсеткіштері: брох демікпесі, миокардтың өткізгіштігінің бұзылыстары, миокард инфарктысы.
Антихолинэстаразды заттарға қайтымсыз әсер ететін фосфорорганикалық қосылыстар жатады. Фосфорорганикалық қосылыстар инсектицид зат (хлорофос, дихлофос) ретінде қолданылады және әскери уландыратын заттар болып табылады. Әскери уландыратын заттар қолданылмайды, бірақ кездейсоқ уланулар болуы мүмкін.
№34Холиноблокаторлар, түрлері, фармакодинамикасы, қолдану көрсеткіштері, қарсы көрсеткіштері.
Достарыңызбен бөлісу: |