β 1 және β2 - адреномиметиктер: Изадрин, Орципреналин. Жүрек жұмысын күшейтеді, бронхтарды, шеткері тамырларды кеңейтеді, қан қысымын төмендетеді. Бірақ тахикардия (минутына 120-130рет соғу), аритмия дамиды. Бронх демікпесінде қолданылады.
β2- адреномиметиктер: Сальбутамол, Беротек, Астмопент. Бронх демікпесінде аэрозоль түрінде қолданылатын тиімді препарат. Жатыр тонусын төмендететін әсері түсік тастау қаупінде, кезексіз болған толғақты басуға қолданылады..
α және β- адреномиметиктер: Адреналин, Норадреналин, Дофамин.
Адреналин жүрек тоқтағанда, артериялық қысым төмендегенде, инсулиннің мөлшерін асырғанда, бронх демікпесінде және жергілікті анестетиктердің әсерін ұзарту үшін қолданылады. Қант диабетінде, артериальды гипертонияда қолдануға болмайды. Арденалин ішуге қолданғанда ыдырап кетеді, сондықтан оны парентеральды немесе жергілікті қолданады.