Артериялық гипертензиямен ауыратын пациентті оқыту Орындаған



Дата20.10.2022
өлшемі494,97 Kb.
#153993
Байланысты:
Артериялық гипертензиямен ауыратын пациентті оқыту

Артериялық гипертензиямен ауыратын пациентті оқыту

Орындаған:

Қабылдаған:Салтанат Садуановна

Жоспары:

Жоспары:

Кіріспе

1. Артериалдық гипертензия

2. АГ синдромының белгілері

3. Артериялық гипертензия дамуының қауіп факторлары

4. Емдеу тактикасы

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Артериалдық гипертензи́я (АГ) немесе гипертония, гипертониялық ауру, жоғарғы қан қысымы (ЖҚҚ) (көне грекше: ὑπέρ «үстінде, жоғары» + τόνος «керу; тон») — артериялық қан қысымының ұзақ уақыт бойы тұрақты түрде көтерілуімен сипатталатын медициналық жағдай. Жоғары қан қысым кезінде көп жағдайда симптомдар байқалмайды. Алайда, АҚ-ның ұзақ мезгілде тұрақты түрде көтерілуі тәждік артерия ауруы, инсульт, жүрек жетіспеушілігі, жүрекшелер фибрилляциясы, перифериялық тамырлық ауру, соқырлық, бүйректің созылмалы ауруы және деменцияның пайда болу қауіпін жоғарылатыды.


АГ синдромының белгілері:
Бастапқы кезеңдерінде науқастар
еңбекке қабілеттіліктің төмендеуіне,
жалпы әлсіздікке, жұмысқа ден қоя
алмауына, ұйқысыздыққа, өтпелі бас
ауруына, бас айналуға, құлақтың
шуылдауына, бастағы ауырлық
сезіміне, кейінірек физикалық
жүктеме кезіндегі ентігуге, бас ауруы
мен бас айналудың тұрақты сипат
алуына шағымданады.
Ағымының 4 нұсқасын ажыратады:
1 - қатерлі (тез өршитін); 2 – баяу өршитін; 3 - өршімейтін; 4 – қайтымды дамуымен;
Артериялық қан қысымы дәрежелерінің классификациясы(алдын алу, диагностика, емі бойынша нұсқаулар, 2002)

Артериялық қысым

Систолалық
АҚ. (мм.с.б)

Диастолалық
АҚ (мм.с.б.б(

Қалыпты

<130

<85

Жоғарғы қалыпты

130-139

85-89

Гипертензияның I дәрежесі (жеңіл)

140-159

90-99

Гипертензияның II дәрежесі (шамалы)

160-179

100-109

Гипертензияның III дәрежесі (ауыр)

≥180

≥110

Артериялық гипертензия дамуының қауіп факторлары
Басқарылмайтын факторлар: Адам жасы; Тұқымқуалаушылық; Қоршаған орта; Басқарылатын факторлар: Гиподинамия Психоәлеуметтік факторлар Семіздік Шылым шегу Ас тұзы
Артериялық гипертензия диагностикасы
Симптоматикалық АГ жоққа шығару не оның түрін анықтау АҚ дәрежесі және тұрақтылығын анықтау Алғаш қарағанда қан қысымы екі қолда және аяқта өлшенуі керек АҚ науқас 5-10мин демалғаннан кейін өлшенуі керек Арасы 30сек үш рет қайталап өлшеу керек, себебі қайта өлшегенде АҚ төмен болады. Бір рет қана өлшенген АҚ 20-30% жағдайда гипердиагностикаға, 30% жағдайда АГ анықталмауына әкеледі
Артериялық қан қысымы дәрежесі және тұрақтылығын анықтау Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының қауіп факторларын анықтау Нысана ағзалардың зақымдануын диагностикалау Қосымша клиникалық жағдайларды анықтау Қауіп тобын анықтау

Емдеу тактикасы

Емдеу тактикасы


Дәрі-дәрмексіз ем - емделушінің өмір салтын өзгерту: 1. Дәрі дәрмексіз ем АГ барлық науқастарға ұсынылуы қажет, дәрілік терапияға зәрулерді қоса. 2. Дәрі дәрмексіз терапия дәрі дәрмектік терапияға қажеттілікті төмендетеді және гипотензивтік препараттар тиімділігін арттырады. 3. Өмір салтын өзгерту бойынша шараларды АГ барлық емделушілерге, сонымен қатар АҚ «қалып шеңберінде артқан» науқасатрға ұсыну қажет (130139/85-89 мм.с.б.). 4. Темекі тартатын емделушілерге оны тастауды ұсыныңыз. 5. Алкоголь пайдаланатын емделушілерге, оны ерлер үшін 20-30 г этанол/тәулігіне көп емес, әйелдер үшін 10-20 г этанол/тәулігіне көп емес шектеу ұсынылады. 6. Дене салмағы жоғары емделушілерге (ДСЖ 25,0 кг/м2) салмақты төмендетуді ұсыну қажет. 7. Тұрақты жаттығулар көмегімен физикалық белсенділікті арттыру қажет.

Қорытынды


Артериялық гипертензия профилактикасы популяциялық және жанұялық деңгейде жүргізіледі. Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру, қауіп қатер факторын анықтап, жою, жанұяда жанға жайлы психологиялық атмосфераны қалыптастыру. Еңбек және демалыстың дұрыс режимін сақтау, адекватты физикалық жүктеме. • Баланы әрбір қарау барысында артериялық қан қысымын өлшеп тұрған жөн. • Артериалдық гипотензияның Қазақстанда мектеп жасындағы балалар арасында таралу жиілігі 3.3%. Статистика бойынша артериалды гипотензия жиілігі кейінгі жылдарда жиілей түсті. Ересек адамдар арасындағы гипотензиялар мен олардың асқынулары бала кезінен басталатын артериалды гипотензияның салдары екені анық болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
• 1. Артериальная гипертония. Седьмой доклад Объединенной комиссии по выявлению и лечению артериальной гипертонии при поддержке национального института патологии сердца, легких и крови.2003. • 2. Европейское общество по артериальной гипертензии Европейское общество кардиологов 2003. рекомендации по диагностике и лечению артериальной гипертензии. J.hypertension 2003;21:1011-53 • 3. Клинические рекомендации плюс фармакологический справочник. И.Н. Денисов, Ю.Л. Шевченко.М.2004. • 4. Окороков А.Н. Диагностика болезней внутренних органов, том 7.

Назарларыңызға Рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет