Кардиотоникалық дәрілер:
А) Жүрек гликозидтері Б) Гликозидті емес кардиотоникалық әсерлі дәрілер.
Жүрек гликозидтері қолданылады:
Созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде және оның алдын алу үшін;
суправентрикулярлы тахикардияда;
жыпылық аритмиясында;
пароксизмальды тахикардияда;
жүрекше (трепетание предсердий) дірілінде;
Дәрілері: Ұзақ әсерлі жүрек гликозидтері: Дигитоксин (Digitoxinum)-әсері 2-3сағаттан соң басталып, 14 күнге дейін созылады; 0,0001таблетка; 0,00015г ембалауыз түрінде шығарылады.
Орташа әсерліжүрек гликозидтері: Дигоксин (Digoxinum) әсері 30минут\ -1 сағатта басталып, 2-4 күнге созылады. Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,025%- 1мл ампула. Целанид (Celanidum) әсері 10-20минутта басталып, 2 сағатқа созылады. Дәрілік түрлері: 250мкг таблетка және 0,02%- 1мл ампула. Ұзақ және орташа әсерлі жүрек гликозидтері созылмалы жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |