1 Рецепт. Бланк түрлері. Рецепт жазу, рәсімдеу ережелері



бет50/87
Дата18.06.2020
өлшемі124,41 Kb.
#73983
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87
Байланысты:
farma emtikhan suraktary docx

Резорбтивті әсерлі қақырық түсіретін дәрілер: калий йодид, натрий гидрокарбонат, аммоний хлорид, тасшөп (чабрец), андыз ағаш майы (анис), қараандыз (девясил), киікоты (душица). Әсері: ішекте сіңіп, бронх бездері шырышымен бөлініп, бронх секрециясын күшейтеді, қақырықты сұйылтып, шығуын жеңілдетеді.

Рефлекторлы әсерлі қақырық түсіретін дәрілер: Термопсис шөбі, жалбызтікен (корень алтея), қызыл мия (корень солодки), өгейшөп, терпингидрат, натрий бензоат.

4-Бронхолитиктер бронх бұлшық еттерін босаңсытады, бронхтарды кеңейтеді.

Бронх демікпесінде қолданылады. Бронхолитикалық әсерлі дәрілер:

Адреномиметиктер - Изадрин, Астмопент, Сальбутамол (Вентолин), Сальметерол (Серевент), Беротек, Адреналин гидрохлорид (Эпинефрин), Эфедрин гидрохлорид.

β2-адренорецепторларды қуаттандырғанда бронх бұлшық еттері босаңсып, бронхолитикалық әсер береді. Сальбутамол β2-адренорецепторларды қуаттандырады.Адреналин мен Эфедрин кардиотоникалық әсері болғандықтан бронх демікпесінде сирек қолданылады. Эфедрин наркотикалық дәрі, дәріге тәуелділік туғызады.



М-холиноблокаторлар: Метацин, Ипратропий бромид (Атровент), Тровентол, Атропин.

Бронх демікпесі ұстамасының алдын алуға Ипратропий бромиді жиі қолданылады.



Миотропты спазмолитиктер (метилксантиндер): Эуфиллин (Аминофиллин), теофиллин.

Біріктірілген препараттар: Беродуал (беротек+атровент), Теофедрин (құрамында эфедрин бар), Бронхолитин (құрамында эфедрин бар).

Бронх демікпесінде қосымша қолданылатын дәрі топтары:



Мес жасушаларының стабилизаторлары: Кромолин- натрий (Интал), Недокромил-натрий Кетотифен. Бронхоспазманыңалдын алуға қолданылады.

Глюкокортикоидты гормонды препартаттар: Преднизолон, Беклометазон дипропионат, Симбикорт (құрамы: глюкокорткоид-Будесонид+β2-адреномиметик-Формотерол), Флунизолид. Бронх бітелуінде бронхтарды кеңейтіп, ісінуді басады.

Лейкотриенді рецепторлардың блокаторлары: Зафирлукаст, Монтелукаст.Сүйемелдеуші дәрі ретінде ингаляциялық глюкокортикоидтармен және β-адреномиметиктермен бірге әсіресе аспиринді бронх демікпесінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   87




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет