Бронх демікпесі Шағымдар және анамнез



Дата28.04.2020
өлшемі23,24 Kb.
#64990
Байланысты:
5 обиож


Ситуациялық есеп

  • Ер адам 28 жаста тұншығу ұстамасымен, ұстама тәрізді жөтелге шағымданады. Соңғы аптада екі рет тұншығудан оянып, беротек қолданған. Күніне 10 мг преднизолон үнемі қолданады. Жалпы қарауда ТЖ – 22 рет минутына. ТЖШ - 68%.  Диагнозды тұжырымдаңыз

Бронх демікпесі
Шағымдар және анамнез
Ентігу көріністері, ысқырықты сырылдар, жөтел және\немесе кеуденің бітеліп қалуы, әсіресе аллергендермен немесе бейспецификалық ирританттармен (түтін, газ, ауа температурасымен ылғалдылығының өзгеруі, мұрынды жаратын иістер, физикалық белсенділік және т.б.) жанасудан соң. Жөтел 3 аптадан асатын «созылған» суық тию ауруларына мән берген қажет.
Ауырлаған отбасы аллергиялық анамнездің болуы.
Науқаста атопия көріністерінің болуы: аллергиялық ринит, атопиялық дерматит, есекжем.
 
Физикалды зерттеулер
Клиникалық симптомдардың ұстама тәрізді көрінісі көп мағлұматты: дем шығарғандағы ысқырықты сырылдар, экспираторлы ентікпе, тыныс алу кезінде қосымша бұлшықеттердің қатысуы, тахикардия. Симптомдардың болмауы диагнозды жоққа шығармайды.
 
Зертханалық зерттеулер
Жалпы қақырық талдауында эозинофильдердің болуы.
 Қан сарысуында IgE жалпы деңгейінің жоғарылауы.
Бұл зерттеулер нәтижелерінің теріс болуы бронх демікпе диагнозын жоққа шығармайды.
 
Аспаптық зерттеулер:

Спирометрия – тыныс жолдарының бітелу дәрежесін бағалауға арналған (ФДШК1 және ФӨӨС өлшеу) басқаларынан артығырақ біріншілікті тестілеу болып табылады. БД көпшілік мақұлдаған критерийлері бойынша ҮДШК1 ≥ 12% немесе ≥ 200мл, 200-400 мкг сальбутамол ингаляциясынан соң. ҮДШК1 80% артық өсу болмауы мүмкін. Бұл жағдайда ДШЕЖЖ-ң мониторингі көрсетілген.

Пикфлоуметрия – ДШЕЖЖ анықтау әдісі. Бронхолитикті 60л\мин ингаляциядан соң ДШЕЖЖ-ң өсуі немесе 1 тәулік ішінде ДШЕЖЖ 20% өзгеруі БД бар екенін көрсетеді.

Аллергиялық мәртебені (статустың) бағалау – БД себепті-маңызды және  тәуекел факторларын анықтайды. Негізгі диагностикалық әдіс аллергендермен тері сынамасы. Қан сарысуында арнайы IgE анықтау әдісі қолданылуы да мүмкін. Тесттердің оң көрсеткіші БД симптомдарымен және анамнез мәліметтерімен міндетті салыстырылуы тиіс.

Өршіту аллергенімен қоздыратын ингаляциялық сынамалар кәсіптік БД, спортшыларда, күрделі диагностикалық жағдайларда диагностикалау үшін қолданылады. ҮДШК1≥80% бастапқы көрсеткіші кезінде жүргізіледі. Өмірге қауіпті бронхоспазм қауіпінің алдын алу үшін кеңінен қолдану ұсынылмайды.
 

37 - жастағы ер адам, тыныштықта пайда болатын ентігу, бастың ауыруы, массивті ісіну, шөлдеуге шағымданып түсті.  Екі апта бұрын баспамен ауырған. Объективті: терісі бозғылт, бетінде, аяғында, бел аймағында айқын ісінулер. Жүрек үндері тұйықталған, ұшында систолалық шуыл. АҚҚ - 180/100 мм с.б.б. Зәрінде: салыстырмалы тығыздығы – 1028, белок – 4,2 г/л, лейкоциттер – 10-15 к/а, жаңа және  негізденіп өзгерген эритроциттер  1-3 к/а, гиалинді цилиндрлер -  3-4 к/а, тәуліктік диурез 300 мл. Диагнозды тұжырымдаңыз

Ревматизм

Диагностика критерилері

В-гемолиттік стрептококкты инфекция туындататын, екі үлкен немесе бір үлкен жəне 2 кіші критерилердің болуы (аңқадан алынған позитивті А- стрептококкты культура немесе А-стрептококкты антигенді анықтауға оң тест, жоғары немесе жоғарылап жатқан стрептококкқа қарсы АСЛ-О, анти-ДНК-аза В антитденелерінің титрі аурудың жоғары ықтималдылығын дəлелдейді.


 

Аурудың басы, бұрынғы стрептококкты мұрынжұтқыншақ инфекциясымен байланысты, уыттану симтомымен бірге жүреді, активті жəне пассивті қозғалыстардың шектелуімен артралгиялар, жиірек ірі буындар зақымдалады, зақымдалудың ұшпалылығы, симметриялылығы тəн. Жіті ревматизмдік қызба кезінде: қызба 90% науқастарда, тері асты түйіндері, сақинатəрізді эритема, хорея, ревмокардит кардиалгиялармен, ентікпемен, ортопноэмен, аритмиямен көрініс табады, аускультация кезінде – жүректің белгілі ақауы үшін мінезді шулық көрініс.


 

Шағымдар мен анамнез: жүрек тұсындағы ауырсынулар жəне қолайсыздық, ентікпе, жүректің қағуы, тахикардия.
 

Физикалық тексеру:

1. Үлкен критерилер - кардит, полиартрит, хорея, сақинатəрізді эритема, тері асты ревматизмдік түйіндер.

2. Кіші критерилер - клиникалық: артралгиялар, қызба.
 

Инструменталдық зерттеулер:

1. ЭКГ: өтімділіктің баяулауы, прекордиальді бөліктерде Т амплитудасының жəне S-T интервалының төмендеуі, аритмиялар.

2. Допплер-ЭхоКГ кезінде митралды жəне аорталық регургитации белгілері.

3. Жүрек рентгенографиясы: жүрек көлемінің ұлғаюы, жиырылғыштық қасиеттің төмендеуі.



Лабораторлық зерттеулер:

1. ҚЖА: ЭТЖ жоғарылауы, лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға жылжуы.



2. ҚБА: α2- жəне γ-глобулиндер, серомукоидтар, гаптоглобин, фибоин деңгейінің артуы.

3. Қан ИИ: Т-лимфоциттер санының төмендеуі, Т-супрессорлар функциясының төмендеуі, иммуноглобулиндер деңгейінің жəне антистрептококкты антидене титрінің артуы

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет