Қабылдаған:Шалхарова Ж.Н Орындаған:Төлжанқызы И. Тобы: ЖМ-005
Түркістан 2023
Жоспар:
І Кріспе
Аллергия туралы түсінік, жіктемесі, патогенезі
ІІ Негізгі бөлім
Аллергияға қарсы қолданылатын препараттар
Препараттардың клиникалық фармакалогиясы
ІІІ Қорытынды
Аллергия Бөгде заттармен, яғни аллергендер жанасқаннан кейін, оларға организмнің арнайы аса жоғары сезімталдығы дамумен көрінетін, өзгерген иммундық жауап. Аллергендер экзогенді және эндогенді деп бөлінеді. Эндогенді аллергендер әр түрлі зақымдаушы факторлар әсерінен организмде түзіледі, нәтижесінде меншікті жасуша мен антигендік табиғаты бар бөгде заттардан тұратын кешен түзіледі. Экзогенді аллергендер организмге түсу механизмі бойынша: жанаспалы, ингаляциялық, алиментарлық, парентералды. Шығу тегі бойынша: тұрмыстық, эпидермалды, тозаңдық, химиялық заттар, тағамдық, дәрілік аллергендер, бактериялық.
Кук 1930 ж. барлық Аллергиялық серпілістерді екі түрге бөледі: Дереу дамитын аллергиялық серпілістер. Бұлар организмнің сезімталдығын көтерген аллерген организмге қайталап т.скеннен кейін бірнеше минуттың ішінде байұалады және иммундық глобулиндер қатысатын организмнің сұйықтық жүйесі арқылы дамиды деп есептеледі Баяу дамитын аллергиялық серпілістер, сезімталдығы көтерілген Т-лимфоциттер қатысатын, организмнің жасушалық иммундық жүйесі арқылы дамиды және аллерген организмге қайталап түскеннен кейін 24-48 сағат қткен соң байқалады деп есептеледі. 1968 жылы П. Джелл, Р.Кумбс аллергиялық серпілістерді 4 түрге ажыратты: