аллергияның клиникалық көрінісі: а) жеңіл: есекжем,қышыма, қызба, поллиноз; ә) орташа дәрежесінде: сарысу ауруы, Квинке ісімуі; б) ауыр дәрежесінде: анафилактикалық шок
бет 4/6 Дата 13.11.2023 өлшемі 5,09 Mb. #191278
Байланысты:
GVFVLKCYRONF02112023012144 аллергияның клиникалық көрінісі: а) жеңіл: есекжем,қышыма, қызба, поллиноз; ә) орташа дәрежесінде: сарысу ауруы, Квинке ісімуі; б) ауыр дәрежесінде: анафилактикалық шок
аллергияда глюкокортикоидтар, мес жасушаларының бұзылуына кедергі жасайтын дәрілер, антигистаминдер. симптоматикалық (адреномиметиктер, бронхолитиктер, миотропты дәрілер) дәрілер белгіленеді.
АЛЛЕРГИЯҒА ҚАРСЫ ЗАТТАР
Гистаминді және серотонинді рецепторларды тежеуші заттар.
Оксатомид Хлоропирамин (супрастин)
Азеластин Диазолин
Терфенадин Клемастин (тавегил)
Прометазин Квифенадин (фенкарол)
Дифенгидрамин Ципрогенптадин (перитол)
(димедрол) Дименгидрилат.
Мембрананы реттеуші және антимедиаторлы заттар.
Кромоглицы қышқылы (натри хромолині, гептал)
Кетотифен (задитен)
Фенспирид (эреспал).
Глюкокортикостероидтар
Преднизолон (деперзолон)
Будезонид ( пульпикорт)
Гидрокортизон бутират (латикорт)
Триамцинолон ацетонид (фторокорт, азмакорт)
Мометазон фуроат (назопекс)
Дексаметазон (фортекортин)
ӘСЕР ЕТУ МЕХАНИЗМІ:
- Н 1 гистаминді рецепторларды тежейді : оксатомид, азеластин, лоратадин, терфенадин, диазолин, кетотифен, кларинаде.
- Н 1+Н 2 : прометазин, дифенгидрамин, хлоропирамин, клемастин, дименгидринат, колдрекс.
- серотонинді рецепторларды тежейді : ципрогептадин.
гистаминді, серотонинді тежейді цитокиндердің өнімін азайтады : кромоглици қышқылы, фекспирид.
- иммунды реакциялардың дамуын төмендетеді, гистаминдің бөлінүін азайтады, қарсы денешіктердің өнімін төмендетеді : преднизолон, будезонид, гидрокортизон бутират, триамцинолон ацетонид, мометазон фуроат, дексаметазон.
- селективі Д 4 лейкотриенді рецепторларды тежейды: зафирлукаст, монтелекаст натриі.
ФАРМАКОЛОГИЯЛЫК ЭФФЕКТЕР
Аллергияға қарсы: оксатомид, азеластин, лоратадин, терфенадин, прометазин, дифенгидрамин, супрастин, диазолин, тавегил, фенкарол, перитол, дименгидрилат, кромоглици қышқылы, кетотифен, фенспирид, преднизолон, будезонид, гидрокортизон бутират, трамцинолон ацетонид, мометазон фуроат, дксаметазон, зафирлукаст, монтелукаст, клариназе, колдрекс.
Капиллярлардың өткізгіштігін бронх салалы бүлшық етінің жиырылуын төмендтеді: оксатомид, азеластин, лоратадин, терфенадин, прометазин, димедрол, супрастин, диазолин, тавегил, фенкарол, перитол кромоглицы қышқылы, кетотифен, фенспирид, преднизолон, будезонид, гидрокортизон бутират, триамцинолон ацетонид, мометазон фуроат, дексаметазон, монтелукаст натриі.
Седативті : оксатомид, прометазин, димедрол, супрастин, тавегил, перитол, кетотифен, фенспирид, колдрекс.
Құсыққа қарсы : дименгидрилат.
Қабынуға қарсы: прометазин, димедрол, кромоглицы қышқылы, кетотифен, преднизолон, будезонид, гидрокортизон бутират, триамцинолон ацетонид,Мометазон фуроат, дексаметазон, зафирлукаст, колдрекс.
Иммунодепрессивті : преднизолон, будезонид, гидрокортизон, триамцинолон, мометазон фуроат, дексаметазон.
Потенцирлеуші: прометазин, димедрол, супрастин, перитол.
Қолдану қөрсеткіштері:
Квинке ісінүі, анафилактикалық шок : лоратидин, терфенадин, супрастин, фенкарол, перитол, преднизолон, будезонид, гидрокортизон триамцинолон, дексаметазон.
Бронх демікпеде : оксатомид, лоратадин, терфенадин, супрастин, кромолицы қышқылы, кетотифен, фенспирид, преднизолон, будезонид, гидрокортизон, триамцинолон, дексаметазон, зафирлукаст, монтелукаст.
Аллергиялық дерматит, ринит , ревматизм. Оксатомид, азеластин, лоратадин, терфенадин, прометазин, димедрол, супрастин, диазолин, тавегил, фенкарол, перитол, дименгидрилат, кромолин қышқылы, кетотифен, преднизолон, будезонид, гидрокортизон, триамцинолон, мометазон фуроат, дексаметазон, клариназе.
Гистаминге қарсы заттар: (H1-гистаминдік рецепторлардың тежегіштері)
Н1-рецепторларды тежейтін гистаминге қарсы заттар гистаминнің әсердерінің келесі түрлерін: бронхтың, ішектің, жатырдың, тегіс салалы бұлшық еттерінің, тонусының жоғарылауын, артериялық қысымның төмендеуін, капиллярдың өткізгіштігінің ісінуді дамытып жоғарылауын, гиперемия және гистаминді интрадермалды енгізгенде немесе терідегі эндогенді гистамн босап шыққанда қышыну пайда болуын жояды немесе азайтады.
Аса кең тараған бұл топтың препараттары химиялық құрылысы бойынша келесі қатарларға жатады:
Этоламиндер- димедрол (дифингидрамин гидрохлориді), тавигил Этилендиаминдер- супрастин Фенотиазиндер- дипразин Хинуклидин туындылары- фенкарол Тетрагидрокарболиндер- диазолин Пиперидин туындылары- лоратадин
Келтірілген препараттар энтеральды және парентаральды енгізгенде жақсы сіңіріледі. Фенкарол, дипразин, супрастин, димедролдың әсер ету ұзақтығы 4-6 сағат, тавегил-8-12сағат, лоратадин-24 сағат, диазолин 2 тәулікке дейін.
Осы топ препараттары негізінен терінің және шырышты қабаттың әртүрлі аллергиялық зақымдануларында: есекжемде, ангионевротикалық ісінуде, шөп қызбасында, ренитте, коньюктивитте, антибиотиктерді немесе басқа медикаменттерді қолдануға байланысты аллергиялық жағдайларда, қолданады. Бронхиальды демікпеде және анафилаксикалық шокта олардың тиімділігі аз.
Достарыңызбен бөлісу: