Өт айдайтын дәрілер-Бауырдан тәулігіне 0,5-1,5 л дейін өт бөлініп, өт қабына жиналады. 12 елі ішекке тамақ түскенде өт қабынан 12 елі ішекке құйылады. Өттің 12 елі ішекке құйылуының азаюы бауырдан аз бөлінуіне немесе өт қабатынан шыға алмауына байланысты. Өт айдайтын дәрілер өттің бауырдан бөлінуіне және өт қалтасынан шығуын жеңілдетуге гепатит, холецистит, холангит, өт қалтасы қабынуы, т.б. асқорыту мүшелері ауруларында қолданылады.
Холеретиктер (холесекретиктер) өттің пайда болуын күшейтеді және оларды сұйылтып, айдалуына алып келеді.
А) Жануралардан алынған холеретикпрепараттар: Аллахол, Холензим (жануар өтінен тұрады).
Б) Өсімдіктен алынған холеретик препараттар: Фламин, Берберин, Танацехол, Холосас, Холагол.
В) Синтетикалық холеретик препараттар: Оксафенамид, Одестон (Гимекромон), Никодин, Циквалон.
Г) Холеретик әсерлі өсімдіктер:салаубас, түймешетен (пижма), жүгері шашақтары (кукурузные рыльца), итмұрын, бөрі қарақат (барбарис), жалбыз (мята).
Холеретиктер қолданылады: созылмалы гепатит, холецистит, холангитте.
Холеретиктереқарсы көрсеткіш: бауырдың жіті қабынуы мен дистрофиясы, өт тас ауруы.
Холекинетиктер өт жолдарында спазманы төмендетіп, 12 елі ішекке өт шығуын жеңілдетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |