2.Ату орны ретінде – ор, жыра, тас, ағаш арты не өз қалауы бойынша таңдалынып алынады. Елді мекендерде атыс орны үшін ғимарат терезелері, шатыр, құрылыс іргетастары таңдалынуы мүмкін.
3. Жергілікті жер жағдайы мен ерекшелігіне байланысты автоматшы (пулеметші) жүгіріп, шапшаңдатылған адыммен жүгіре өтумен немесе жер бауырлай жылжиды.
4. Жер бауырлап жылжығанда, автомат (пулемет) оң қолмен жоғарғы антабкадағы баудан немесе құндақтан ұсталынады.
5.Жаяу тәртіпте орнынан атыс жүргізу кезінде автоматшы (пулеметші) ату үшін тұрып, тізерлей немесе жатып ату жағдайын қабылдайды. Қозғалыста автоматшы (пулеметші) жүріп келе жатып және қысқа аялдама жасау арқылы атыс жүргізе алады.
6. Егер автомат (пулемет) «белдікке» қалпында болса, онда нысана бағытына қатысты оңға жартылай бұрылу керек, сол аяқты баспай жатып, оны иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, осы қалыпта дене салмағы екі аяққа тең түседі. Бір мезгілде оң қолмен бауды сәл көтере ұстап, автоматты иықтан алады да, сол қолымен құндақ пен ұңғы бастырмасынан ұстап, ауызғы бөлігін нысана жаққа тез бағыттау қажет.
Егер автомат «кеудеге» қалпында болса, онда автоматтың құндағынан және ұңғы бастырмасынан ұстап, біршама көтере отырып, баудан оң қолды босатады да, басынан асыра лақтырады. Сонымен бір мезгілде оңға жартылай бұрылу керек, сол баспай тұрып, оны сол иық деңгейінде жылжытып, автоматшыға ыңғайлы қалыпқа келтіреді, автоматты қарқынды түрде нысанаға қаратады.