51.Тиімді перинатальды технологияға сәйкес босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізуде окситоцинді енгізуді қарастырады:
A) Нәресте туылған соң алғашқы 1-ші минутта;
B)Нәрестенің иығы туылғанда;
C) Басы кіргенде/шыққанда;
D)Нәресте туылған соң алғашқы 5 минутта;
E)Баланың жолдасы туылған соң.
52.Қайта босанушы Д., 33 жаста, мезгілі жеткен жүктілікпен перзентханаға түсті, ретті түрдегі толғақ 30 минут бойы және шарана маңы суы кетпеген. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ырғақты, минутына 140 рет. Босанушыдағы босану қарқынын анықтау үшін қынапты тексеруді қаншалықты жиі өткізу керек?
A.Әрбір 4 сағатта;
B.Әрбір 3 сағатта;
C.Әрбір 2 сағатта;
D.Әрбір 5 сағатта;
E.Әрбір 6 сағатта.
53.Мезгіліне дейін жеткен жүктілік үшін перзентхана бөлімшелерінде ұстанатын температура қандай?
A. 25 градус;
B.20-22 градус;
C.22-24 градус;
D. 17-18 градус;
E.28 градус.
54.Партограмманы толтыруды қашан бастау қажет?
A. Ретті түрдегі толғақпен босану бөлімшесіне түскенде;
B. 15-20 минуттық реттілікпен жатыр жиырылуы басталғанда;
C.Шарана маңы су кеткенде;
D.Тек мезгілі жеткен жүктілікте;
E.Толғақ күшенісі басталғанда.
55.Алғаш жүкті болушы Л., 29 жаста, жүктілік мерзімі 38 апта, жүкті әйелді 6 сағаттан бері іштің төменгі жағының ауыруына мазасыздандырған, ауыру жиілігі, ұзақтығы және қарқындылығы бойынша ретті емес. Қынапты тексергенде: жатыр мойны "жетілмеген". Диагноз қойыңыз?
A. Жалған толғақ.
B.Белсенді фазаның ұзаруы;
C.Босанудың алғы белгілері;
D.Босанудың бірінші кезеңі;
E. Латентті фазаның ұзаруы;
56.Госпитальды инфекцияның төмендеуі үшін жасалатын алғашқы іс-шаралар?
A. Қолды мұқият жуу және бір реттік сүлгілерді қолдану;
B.Қызметкер мен келушілердің киімдері мен аяқ киімдерін ауыстыру;
C. Мекемені циклді түрде дезинфекциялау;
D.Палатаны кварцтау;
E.Маскалық тәртіпті қолдану.
Достарыңызбен бөлісу: |