Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
Ақын шығармасында нені жеткізгісі келді?
Қандай риторикалық сауал қояр едің?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№8-тапсырманы орындатады. Қарқыны баяу оқушыларға жетелеуші, түрткі сұрақтар қояды. Қарқыны жылдам оқушыларға бағыттаушы сұрақтар қойып қолдау көрсетеді. Нұсқау береді.
|
Жеке жұмыс:
ЭССЕ.
Ақтанға өздерің қандай өсиет айтар едіңдер? Ойларыңды қағазға түсіріңдер.
|
Дескриптор: Жалпы – 10 балл.
- Ақтанға қандай өсиет айтқысы келетінін айтады.
- Ойларың қағазға түсіріп, шағын эссе жазады.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
|