Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1. Экожүйе қандай компоненттерден
тұрады?
2. «Пайдалы» және «зиянды» организм болу деген не? Осы түсініктер барлық жерде қолданыла ма? Барлығы үшін қолданыла ма?
3. Адамға керекті организмдердің барлығын кез келген жерге орналастыруға бола ма?
Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады
|
|