|
№2-тапсырма:
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1. Суретке қарайды. Экожүйені анықтайды. Оның негізгі компоненттерін атайды. Оларды қандай шартты топтарға бөлуге болады? Экожүйеде өндірушілер қандай функция атқарады? Тұтынушылар мен бүлдірушілер ше? Экожүйенің кез келген бір компонентін алып тастайды. Осы компонентсіз экожүйе өзгере ме? Өзгерсе, қалай өзгереді? Осы өзгерісті үлгілейді. Экожүйені жанды және жансыз табиғаттың «бірлігі» деуге бола ма? Неліктен?
2. Суреттерді пайдалана отырып, экожүйедегі «өндіруші», «тұтынушы», «бүлдіруші» ұғымдарына анықтама береді. Осы компоненттердің байланысын сызба түрінде көрсетеді. Өз суретің түсіндіреді.
3. Мағынасы бойынша берілген сөздерге байланысты экожүйе бөлігін
атайды.
1. Тыныс алу, жел, мөлдірлік, газ – ... .
2. Құю, ағыс, мөлдірлік, сұйықтық – ... .
3. Мөлдірлік, қатты дене, пайдалы қазбалар – ... .
4. Жасыл түс, оттегін бөлу, өсу – ... .
5. Құнарлылық, қоспа, түбір – ... .
6. Организмдердің өлі қалдығы, топырақ, қоректену – ... .
7. Қозғалыс, қоректену, тыныс алу, өсу – ... .
|