Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау.
2.3.7.1 - сөйлем түрлерін айтылу мақсатына сәйкес тыныс белгілерін (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі) қою.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар: Тірек сөздер мен суреттерді пайдаланып сөйлем құрастыра алады.
Көптеген оқушылар: Тірек сөздер мен суреттерді, сөйлемдерді пайдаланып мәтін құрастыра алады, тыныс белгілерін қояды.
Кейбір оқушылар: Тірек сөздер мен суреттерді, сөйлемдерді пайдаланып постерлер мен мәтіндер құрастырады және оның негізгі ойын анықтайды.
|
Бағалау критерийлері
|
Сөйлемдерді дұрыс құрастыра алады.
Тыныс белгілерді дұрыс қояды.
Тірек сөздерді пайдаланып мәтін құрастыра алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Білім алушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, жауапкершілікке үйрету.
|
Пәнаралық байланыстар
|
әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану,
|
АКТ қолдану дағдылары
|
ноутбук, таныстырылым
|
Бастапқы білім
|
Диалог жаза аламын. Сөйлем дегеніміз не?
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 мин
|
Ұйымдастыру кезеңі:
Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
-
Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Қазақ үшін қымбат қазақ тілі сабағында сендерге сәттілік тілеймін. Іске сәт!
«Хан жарлығы» әдісі
-
Оның авторы Н.Назарбаев және Ж. Нәжімеденов – Әнұран.
-
Ол үнемі көкте қалықтайды. Ол не? – Ту.
-
Ол еліміздің нышаны – Елтаңба.
Апталығымздың тақырыбы қандай еді?
«ҚР Мемлекеттік рәміздеріне 25 жыл»
Ұранымыз: Ту, Елтаңба, Әнұран – тірегіміз,
Туған ел деп соғады жүрегіміз!
|
Суреттер
Топ аттары жазылған қағаздар
|
|
Топқа біріктіру: 1-топ: «Әнұран»
2-топ: «Ту»
3-топ: «Елтаңба»
Бүгінгі сабақта мен сендерді жұлдызшалармен бағалап отырамын.
«Қызыл» - «Ғажапсың!»
«Көк» - «Жарайсың!»
Үй тапсырмасын пысықтау:
«Бұл кім? Ол не?» әдісі (стикер)
1. Сөйлем дегеніміз не?
2. Диалог дегеніміз не?
3. Мәтіннің түрлерін ата.
4. Мәтін неше бөліктен тұрады?
5. Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?
|
слайд
|
Сабақтың ортасы
30 мин
|
Оқылым, тыңдалым. 29-жаттығу
Сәуле – сынып ұжымының ұйымдастырушысы. Ол үзілісте кезекшілердің терезені ашып, тақтаны сүртіп қоюын ескертеді. Тақта сүрткішті үнемі дымқылдап қояды. Балалардың үзіліс кезіндегі тәртібін қадағалайды.
Бірде Сәуле:
-Үзіліс кезінде дұрыс демалуға тиіспіз, ол үшін не істеу керек, әркім өз ойын айтсын, - деді.
(Балалардың ойын тыңдау)
(ТЖ) «Постер қорғау»
1-топ: «Үзіліс деген не?»
2-топ: «Үзіліс не үшін беріледі?»
3-топ: «Үзіліс кезінде қандай ережелерді сақтау керек?»
Сыныпқа кезекші кіріп келеді:
- 2-сыныптардың апталығы басталды. «Менің елім –Қазақстан» атты шығармалар байқауына қатысуларыңыз сұралады. 2-сынып бірлестігі.
- Хабарды қайдан естиміз, оқимыз?
ХАБАР
Теледидар Газет Хат Телефон
Ереже
Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады: Оқушылар мұражайға барды.
«Жалғасын тап» (Мәтін құрау)
Мектеп - ... ... орын. Мектепте оқушылар ... ... . Уақытты ... ... .
Мектепте оқушылар дем алу үшін ... ... . Үзіліс уақтында оқушы ... ... сақтауы керек. Оларға мына ережелерді жатқызуға болады.
(білім беретін, білім алады, тиімді өткізеді, үзіліс берілген, тәртіп ережелерін)
Сол ережелерді қазір дәптерге жазамыз.
|
А3 қағаз, маркер, стикер
слайд
|
|
Жазылым. 30-жаттығу
Үзіліс кезінде сыныпта жүгірмейді. Айқайлап сөйлемейді. Әрдайым әдеп сақтау керек.
- Мәтіндегі негізгі ой не?
- Мәтінге қандай ат қоюға болады?
Дескриптор:
- Мәтіндегі сөйлемдерді толықтырады.
- Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды
- Мәтінге ат қояды.
-Балалар, сабақ уақытында дем алу жаттығуын жасауға бола ма?
-
/Иә, сергіту жаттығуы арқылы/
-Ендеше, бәріміз орынымыздан тұрып, сергіту жатты-ғуын жасайық.
Сергіту сәті: « Қызыл гүлім-ай »
Айтылым. 31- жаттығу
«Суреттер галереясы» әдісі
-
Кім үзілісте өзін жақсы ұстады?
-
Қай оқушы өз тәртібін өзгертуі керек?
Дескриптор:
-
- Суреттер бойынша сөйлем құрастырады.
-
- Сөйлемді қатесіз жазады.
«Ұйқасын тап» ойыны (ТЖ)
Знай – біл Расческа – тарақ
Язык – ... (тіл) Урок – ... (сабақ)
Вода – су Прибавь – қос
Флаг – ... (ту) Друг – ... (дос)
Үй жұмысы: 32-жаттығу 90-бет
|
дәптер
суреттер
таратпа қағаз
|
Сабақтың соңы
5 мин
|
«Нысана» әдісі
Белсенді қатыстым Қызықты өтті
Түсінікті болды Меңгердім
|
стикер
|
Саралау – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау - оқушылардың ма-териалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлай-сыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техника-сының сақталуы
|
А деңгей – Кітап сөзімен сөйлем құрастырып жаз.
В деңгей – Берілген сөздерден сөйлем құрастырып жаз.
тартады Болат домбыра
С деңгей – Сөйлемді толықтырып жаз. Мен ... мектепке бардым.
(Жазда, күзде, қыста)
|
Жұлдызшалар арқылы бағалау
|
Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қа-уіпсіздік техникасын сақтау
|
Сабақ бойынша рефлексия
|
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқыту атмосферасы қандай болды?
Оқушылар ОМ қол жеткізді ме?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Мен уақыттық кестені ұстандым ба?
Мен жоспардан қандай ауытқушы-лықтар жасадым және неліктен?
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|