САБАҚ: Математика
|
Мектеп: Краснознаменное орта мектебі.
|
|
Мұғалімнің аты-жөні: Алибекова Гулнара Турсынхановна.
|
СЫНЫП: 1
|
Қатысқандар:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақтың тақырыбы: Сандарды салыстыру
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
1.1.1.2** бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу жəне салыстыру
1.5.1.2** сандарды салыстыру кезінде қолданылатын ұғымдарды пайдалану
1.5.2.2** «+», «-», «=»,«>», «<»таңбаларын, цифрларды қолдану
|
|
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар орындай алады:
10-ға дейін сандар қатарын біледі.
|
|
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Сандардың қайсысы көп, қайсысы аз екенін ажырата алады.
|
Кейбір оқушылар орындай алады:
Сандарды салыстыру кезіндегі қолданылатын ұғымдарды біледі.
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар орындай алады:
Сандар мәнінің сәйкестігін талқылау үшін салыстыру терминдерін пайдалана алады.
|
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:
Тең-равно-equally.сонша-столька-somany, тең емес-не равно-not equal.
|
Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:әдеби сөйлеу.
|
Талқылауға арналған сұрақтар:
Мына заттарды салыстырғанда қандай айырмашылықты байқадыңдар?
3 саны 2-ден артық па?
Не себепті олай ойлайсыз?
ишара: смайлик, от шашу, бас бармақ
|
Алдыңғы оқу:
|
Күнделікті өмірде сандар ретімен санауды үйрену тәжірибесі бар.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт есебі
|
Сабақ барысы
|
Ресурстар
|
Басы
|
Психологиялық дайындық:
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берсең басыңнан.
Барлық ғылым бізге үйір болады,
Досың олар, табылатын қасыңнан.
|
|
Ортасы
Тапсырма 1
|
Оқушылар арасында жұппен жұмыс ұйымдастыру. Әрқайсысы бірнеше асық алады. Әр жұп қолдарындағы асықтарды салыстырады. Басқа жұптармен салыстырып, ең көп асық санының қай жұпта екенін табады.
«Артық», «кем» ұғымдарын тексеріңіз. Сандарды салыстыруда демонстрациялық сандық түзуді қолданыңыз. Оқушылардың түсінгенін тексеріп, сұрақ қойыңыз: 3 саны 2-ден артық па? Мұны қалай түсіндіреміз? Салыстыру нәтижесін таңбалар арқылы қалай жазып көрсетуге болады деп ойлайсыздар?
Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|
|
Сергіту сәті
|
«Ханталапай» ойынын ойнату.
Оқушылар шеңбер бойымен отырады. Мұғалім асықтарды «ханталапай» деп ортаға қарай шашып жібереді. Отырғандар тез-тез жиып алуы керек. Қолдарындағы асықтарды салыстырады, кімнің асығы аз\кем болса,сол жеңілген болады.
|
|
Тапсырма 2
|
Оқулықпен жұмыс.
Суреттегі заттар қатарын салыстыру.
Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
|
|
Соңы
Рефлексия
|
«Айға ұшу» ойын
(Әр оқушыға тапсырма жазылған зымыран суретін тарату) Жылдам шығарған оқушылар өз зымырандарын Айдың суреті тұрған магнит тақтасына жапсырады.
Сандарды салыстыру < > =
5 * 5 8 * 2 4 * 9
3 * 6 3 * 3 10 * 6
|
|
Қосымша мәліметтер
|
Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?
|
Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс –
Денсаулық және қауіпсіздік,
АКТ-мен байланыс.
Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі).
|
Тапсырмаларды күрделеніре отырып
|
Смайликтер арқылы,мадақтау
|
Көркем еңбек, АКТ,өзін-өзі тану
|
Рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары қолжетімді болды ма?Бүгін оқушылар нені үйренді?
Оқыту ортасы қандай болды?
Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба?
Мен жоспардан қандай ауытқулар жасадым және неге?
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Оқушылар төмендегі бос орынға + белгісін қою арқылы сабаққа деген және сабақтың деңгейін білдіре алады.
1. Маған сабақ
қызықты ___________________қызықсыз.
2.Мен үйрендім
Көп нәрсе_______________________аз .
3. Мен жолдастарымды тыңдадым
Зейін қойып _________________ зейін қоймай.
4. Мен дау дамайларға қатыстым
жиі_________________________арасында.
5. Өз жұмысымның нәтижесіне
ризамын_____________________риза емеспін.
|