1-сабақ. Бөлім: 4а экология және тұрақты даму


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Тиімділігі



бет3/40
Дата24.01.2023
өлшемі10,48 Mb.
#166272
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Байланысты:
5 сынып қмж жаратылыстану

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.

1-тапсырма:
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
Тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

1. А. Тенсли еңбегін сипаттайды.

2. Суреттерді пайдаланып, саңырауқұлақ, өсімдіктер мен жануарлар қай жерде өмір сүретінін түсіндіреді. Олардың экожүйедегі орны қандай?





Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Суретпен жұмыс жасайды;
-Тапсырманы түсіндіреді.



6-сынып оқулығы, жұмыс дәптері




2-тапсырма:
Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1. Суретке қарайды. Экожүйені анықтайды. Оның негізгі компоненттерін атайды. Оларды қандай шартты топтарға бөлуге болады? Экожүйеде өндірушілер қандай функция атқарады? Тұтынушылар мен бүлдірушілер ше? Экожүйенің кез келген бір компонентін алып тастайды. Осы компонентсіз экожүйе өзгере ме? Өзгерсе, қалай өзгереді? Осы өзгерісті үлгілейді. Экожүйені жанды және жансыз табиғаттың «бірлігі» деуге бола ма? Неліктен?

2. Суреттерді пайдалана отырып, экожүйедегі «өндіруші», «тұтынушы», «бүлдіруші» ұғымдарына анықтама береді. Осы компоненттердің байланысын сызба түрінде көрсетеді. Өз суретің түсіндіреді.


3. Мағынасы бойынша берілген сөздерге байланысты экожүйе бөлігін


атайды.
1. Тыныс алу, жел, мөлдірлік, газ – ... .
2. Құю, ағыс, мөлдірлік, сұйықтық – ... .
3. Мөлдірлік, қатты дене, пайдалы қазбалар – ... .
4. Жасыл түс, оттегін бөлу, өсу – ... .
5. Құнарлылық, қоспа, түбір – ... .
6. Организмдердің өлі қалдығы, топырақ, қоректену – ... .
7. Қозғалыс, қоректену, тыныс алу, өсу – ... .




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет