Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№2-тапсырма:
Мәтінді оқы. Үйде отбасы күнін атап өтесіңдер ме? Отбасы күнін атап қту қажет пе? Отбасылық құндылықтарға не жатады деп ойлайсың? Сызбаға түсір.
|
Сұрақтарға жауап береді. Өз ойын сызбаға түсіреді.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл.
- Мәтінді оқиды.
- Отбасылық құндылықтарға не жататынын сызбаға түсіреді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК
|
|
№3-тапсырма:
Мәтінді тыңдап, стилін анықта. Сұрақтарға жауап бер.
|
1.Мәтінде не туралы айтылады?
2.Әлеуметтік-демографиялық құрылым немен айқындалады?
3. Әлеуметтік-демографиялық құрылым тұрғындарды қандай белгілері бойынша сипаттайды?
4.Тұрғындардың құрамын, өзгеруін зерттеу не үшін қажет?
5.Мәтін стилін анықтауда неге сүйендің?
|
Дескриптор:
Жалпы – 4 балл.
- Мәтінді тыңдайды.
-стилін анықтайды.
-Сұрақтарға жауап береді.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК.
|
|
№4-тапсырма:
Мәтіннен түсіндірмелі салалас сөйлемді тауып, жасалу жолын айтып бер.
|
Мәтіннен түсіндірмелі салалас сөйлемді тауып, жасалу жолын айтып береді.
|
|