Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
№1 - тапсырма:
1.ГМО-ның екіжақтылығы (қажеттілігі мен қаупін) түсіндіріңдер.
2.Мәтіндегі ГМО-ның қауіптілігі жайлы мәліметті есте сақтап, өмірден мысал келтіріп түсіндіріңдер.
|
Тыңдалым-айтылым:
Өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасады. Бір-біріне сұрақтар қойып, білімдерін толықтырады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- өз ойымен бөліседі.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
«Түртіп алу» әдісі.
|
№7-тапсырма.
Мәтіннен термин сөздерді тауып, оларға түсініктеме беріңдер.
|
6-тапсырмада берілген мәтінді оқып, термин сөздерді тауып, оларға түсініктемелер береді.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
- өз ойымен бөлісіп, пікір алмасады.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
|
|
№8-тапсырма.
Мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, қарсылықты бағыныңқылы сөйлем құрыңдар.
|
Мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, қарсылықты бағыныңқылы сөйлем құрастырады.
|
|