Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
26 мин.
|
№11-тапсырма:
«Мен үшін құндылық деген...» - сөйлемін қолданып, бүгінгі сабақтан алған білімдеріңді, әсерлеріңді өз ойларыңмен жеткізіңдер. Сөйлемдегі интонация мән беріңдер.
|
Жеке жұмыс:
Мәтінді тыңдап, берілген уақыт ішінде тапсырмалар-ды орындаңдар.
|
Дескриптор:
Жалпы – 3 балл.
-Сабақтан алған әсерлерін жеткізеді.
- Сөйлемдегі интонация мән береді.
|
Оқулық.
|
|
№9-тапсырма:
Төмендегі нақыл сөздерге айтылған ойға сәйкес ана тілінің азаматтық құндылық екенін дәлелдеп айтыңдар.
Ана тілі......- жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірн, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына. (Жүсіпбек Аймауытов)
|
Ана тілі......- жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірн, қысқасы, жанның барлық толқындарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, сақтап отыратын қазына деген нақыл сөздерге азаматтық құндылық екенін дәлелдеп айтыңдар
|
|