1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет25/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

1-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыз.

1. Я был В Таллине. 2. Он когда-то давно учился в институте. 3. Вы, оказывается, раньше делали зарядку. 4. Мы когда-то давно катались на лыжах. 5. Оля когда-то давно жила в Алматы. 6. Ты, оказывается, родилась в Алматы. 7. Они, оказывается, написали письмо учителю. 8. Вы, оказывается, когда-то говорили по – казахски. 9. Мы когда-то писали стихи. 10.Мой друг когда-то жил в Ташкенте.




2- тапсырма. Өткен шақтың үш түріне қойып аударыңыз.

Образец: Ол онда болады. «Он там будет». –Ол онда болды «Он там был». Ол одна болыпты. «Он там, оказывается, когда-то был». Мен онда болғанмын «Я был там когда-то давно».


1.Мен концертке қатысамын. 2. Менің досым Ташкентте тұрады. 3. Мына жерде аудитория болады. 4. Оң жақта шкаф, сол жақта кереует тұрады. 5. Менің танысым Жапонияда тұрады. 6. Сендер паркте қыдырасыңдар. 7. Жазда сенің ағаң Қырымда демалады.


3-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз, мазмұнын айтып беріңіз.

Қазақстандағы экологиялық ұйым


«Экология » гректің үй және ғылым деген екі сөзінен құралған. Экология ғылымы табиғат пен адам арасындағы байланысты зерттейді. Экология тек табиғат емес, ол қоғам, ол болашақ.


Адам ертеден-ақ табиғатқа, табиғи өмір сүру ортасына тәуелді еді. Бірақ өндіріс күшінің дамуымен адам осы тәуелділіктен біршама құтыла бастаған да сияқтанды. Мәселен, адам киім түрлерін жетілдірді, зәулім үйлер көтерді, су тасқынынан қорғайтын бөгеттер салды. Жердің қойнауындағы кенді игерді. Нәтижесінде, көп қалдықты технологияға негізделген адамның әрекеті табиғи қорлардың шектелуіне, айналадағы ортаның ластануына алып келді. Ауаның, судың, топырақтың ластануынан адамдардың денсаулығына, оның өмір сүру ортасына зор қауіп төне бастады.
Ғалымдардың айтуына қарағанда, табиғатты қорғаудың бүгінгі басты стратегиялық бағыты - өндіріске қалдықсыз технологиялық процестерді енгізу. Бұл қоршаған ортаның ластануын азайтады немесе оны мүлдем жояды.
1988-жылы Орталық Азия аймақтық экология орталығы құрылды /Орталық Азия АЭО/. Ол- Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан мемлекеттеріне ортақ халықаралық ұйым. 1999-жылы Орталық Азия мемлекеттері үкіметтерінің ұсынысымен бұл орталықтың штаб-пәтері Алматыда ашылды. Филиалдары әр елде ашылмақ. Бұл Орталыққа ҚР Үкіметі арнайы ғимарат, ал Еуропалық комиссия грант бөлді.
Орталық Азия АЭО-ның негізгі қызметі – қоршаған ортаны қорғауға байланысты іс-шараларды жүзеге асыру. Ұлттық және халықаралық тәжірибелерді пайдаланып, аймақтық және шекаралы жобаларды әзірлеу. Сол жобаларды мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес экологиялық ұйымдардың, кәсіпкерлер мен мүделі топтардың қатысуымен іске асыру. Қоршаған ортаны қорғауға байланысты қабылданатын түрлі шешімдермен жұртты таныстыру, экологиялық деректер мен ақпараттар тарату. Бұған қоса, экологиялық мәселелерге арналған ғылыми тұрғыда дөңгелек үстел, семинарлар мен конференциялар ұйымдастыру.
2003-жылы Орталық екі жобаны қолға алды. Біріншісі, Қазақстанның ірі кәсіпорындарында озық технологиялар мен ғылыми-техникалық жаңа әдістерді енгізу арқылы қалдықсыз таза өнім шығару технологиясы. Екіншісі, адамдарға экологиялық білім беріп, оқытуға арналған жоба. Осы мақсатта мектеп оқушыларына арналған экологиялық оқулық дайындалды.

Сөздік :
Озық – передовой, прогрессивный


Қалдықсыз – безотходный
Таза өнім - чистый продукт




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет