1-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз.
2-тапсырма. Сұрак бойынша өз ойыңызды ортаға салыңыз.
Қазіргі кезде Қазақстанда экономиканың қандай салалары жақсы дамыған деп ойлайсыз?
Бүгінде Қазақстан экономикасының қай саласын дамытуға басты назар аудару керек деп айтар едіңіз? Неге?
3-тапсырма. Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз. Қандай жаңа мәліметтер алдыңыз? Оларды оқып беріңіз.
Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктері
Қазақстанның өркендеуі, оның азаматтарының әл-ауқатының артуы, ел қауіпсіздігінің нығаюы, экологиялық, демографиялық мәселелердің жақсы жолға қойылуы, Қарулы Күштерінің күшеюі — экономика саласына тікелей байланысты. Сондықтан Қазақстанның басты стратегиясы — ашық экономика және еркін сауда саясатын ұстану.
Қазақстанның жерінің байлығы оның экономикалық мүмкіндіктерін көрсетеді. Ғалымдардың есебінше, Қазақстан минерал қоры бойынша әлемде алдыңғы орында. Менделеев кестесіндегі 105 элементтің 99-ы қазақ жерінде. Оның 70 %-ы зерттеліп, 60 %-ы өндіріске енгізілген. Кен орындары жердің бетіне жақын орналасқандықтан, оларды игеру біршама оңай.
Елде 35-ке жуық химия және мұнай өндірісінің кәсіпорындары жұмыс істейді. Түрлі-түсті металлургияда 30-ға жуық кәсіпорын металл қорытып, шикізат өңдейді. Қорғасын және мырыш шикізатын өңдеумен айналысуға 15 кәсіпорын маманданған. Лондонның түрлі-түсті металл биржасында Қазакстанда жасалған өнім бірнеше рет эталлон ретінде бағаланды. Қазақстанда темір және тас көмір қорын игерумен 24 кәсіпорын шұғылданады.
Әлемдегі уран қорының төрттен бірі Қазақстанда. Уран бейбіт мақсатта электр стансаларында қолданылады. Соның ішінде әлемдегі тұңғыш нейтрон өндіріс реакторы Каспий жағалауында орналасқан. Ол электр энергиясын ғана өндіріп қоймайды. Сонымен бірге Ақтау қаласы үшін теңіз суын тұшытады.
Қазақстанның болашағы мұнай, газ кешенінің дамуына байланысты. Қазақстан үшін мұнай мен газ - аса маңызды стратегиялық сала. Мамандардың мәліметтеріне қарағанда, бүгінде Қазақстандағы мұнай мен газ шикізатының қоры - 2,8 млрд. тонна болса, табиғи газдың қоры 1,9 млрд. текше метрді құрайды. Қазір Қазақстан нақты дәлелденген мұнай қоры бойынша әлемде 9-орында. Табиғи газдың қоры бойынша әлемде 15-орында, ал ТМД елдері бойынша 4-орында.
Республика шабындық және жайылымдык жерінің аумағы бойынша Австралия, АҚШ, Қытайдан кейінгі орынды иеленеді. Бидайдың қатты және күшті сорттары астық дақылдарының 60 пайызын құрайды. Мал шаруашылығы ауыл шаруашылығының дәстүрлі өрі жетекші саласы. Қазақстанда балықтың бағалы тұқымдары өндіріледі, олар шетелдерге экспортталады.
Қазақстан тек шикізат өндіретін ел болып қалмау үшін экономиканың түрлі секторларын дамытуды мақсат тұтады. Мысалы, табиғи ресурстарды игеру және өндеу, коммуникациялар мен ақпарат жүйесін дамыту, жеңіл және тамақ өнеркәсібін, машина жасаудың шағын салаларын, қызмет көрсету саласын, туризмді дамыту. Ол үшін шетелдік инвесторларды тарту көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |