1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет19/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

1-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз.

1.Мен үйге хат жаз ... 2.Біз теледидарды күнде көр... 3.Сен мына әдемі үйде тұра... 4.Асан үйге сүт әкел... 5.Сен бізге күнде кел... 6.Сендер диктант жаз... 7.Мен Медеуге коньки теб... 8.Түсте олар сөйлес ...




2-тапсырма. Мына сөйлемдерді аяқтаңыз.

1.Марат диванда ұйықта... 2.Бала қатты жыла... 3.Сен ағаштан не жаса ... ? 4.Сіз қайда қара ...? 5.Біз тәрелке жина ... (собираем). 6.Сіздер не қала… (выбираете)? 7.Шай қайна… (кипит).




3-тапсырма. Төменде берілген жоспар бойынша «Кім боламын ?» деген тақырыпта әңгіме, сұхбат құраңыздар.


Пікір талас: Мамандығым – мақтанышым

1. Мен ұнататын мамандық.


2. Ол мамандықтың ерекшелігі.
3. Ол мамандықты қалау себебім.
4. Сол мамандықта еңбек етіп жүрген ардагерлер.
5. Олардың ел құрметіне бөленуі.
6. Өз мақсатыма жету үшін алдағы жоспарым мен ойларым.


4-тапсырма. Мына сөйлемдерді аударыңыздар, жаттап алыңыздар.
1. Адал еңбекпен мал іздемек – арлы адамның ісі. (Абай).
2. Оқымаған маманның ойы шабан.
3. Сүйіп істеген іс шаршатпайды.
4. Жаның сүйген еңбегің – жан рақаты.
5. Игілік кілті – еңбекте.


5-тапсырма. Мәтінді оқыңыздар.


Мамандықты дұрыс таңдай білу керек

Мамандық таңдау - әрбір мектеп бітіруші түлектің мақсаты. «Армансыз адам, қанатсыз құспен тең», - дейді халық. Барлық адам баласының арманы болады. Арманшыл адам болашақта дегеніне жете алады. Мамандық пен өнерді адам өз жүрегінің қалауымен, өз қабілетіне қарай таңдап алады. Мамандықтың түрі өте көп. Біреулердің арманы - әнші немесе адам өмірінің арашашысы – ақ халатты дәрігер болу. Енді біреулері – шәкірттерді білімге жетелейтін ұстаз, сөзбен өрнек салатын жазушы болуды армандайды.


Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз бетінше ізденеді. Көп оқиды. Түрлі мамандықта еңбек етіп жүрген адамдардың өмірімен танысады. Сондықтан да балалық шақ пен болашақ әрқашан үндесіп жатады. Сөйтіп, болашаққа апаратын тура жол бала шақтан басталады.

***
Белгілі бір мамандыққа, кәсіпке адамның бала кезінде-ақ қабілеті, икемділігі байқалады дедік. Осы қасиеттерді ары қарай дамыту – ата-аналардың, ұстаздардың міндеті. Ал ержете келе адам өзінің қабілетін әрі дамытуы керек. Ата-бабаларымыз: «баланы жастан» - деп, сынай қараған.


Шешен болар балаңды,
Сөз қатқаннан танисың, - дейді жыраулар толғауында.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет