1-Сабақ Көптік жалғаулар 6


-тапсырма. Мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз. Алматы



бет16/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

4-тапсырма. Мәтінді оқып орыс тіліне аударыңыз.


Алматы

Алматы туралы көне жазба деректердің бірі XVI ғасырда түркі тілінде жазылған «Бабыр наме» атты шығармада кездеседі. Бұл шығарманың авторы – Захирадин Мухамед Бабыр. Ол қазіргі Өзбекстанның Әндіжан қаласында туып өскен. Кейін Кабул аймағын билеп, Үндістанда Ұлы моғол империясының негізін қалаған. Бабыр әулеті Үндістанда ағылшынар жаулап алғанға дейін 300 жылдай билік құрды.


Бабырдың жоғарыда аталып өткен еңбегінде Алматы қаласының ертеректе Алмату деп аталғандығы және ол қаланың монғол шапқыншылығы кезінде қирап қалғандығы айтылды. Сол сияқты Алмату жөнінде қазақ тарихшысы Мұхамед Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты шығармасында да деректер келтірілген. Бір қызығы Бабыр мен Мұхамед Хайдардың аналары апалы-сіңілісі болған.
Алмату немесе Алматы атауы «алма өсетін тау» деген мағынаны білдіреді. Е.Қойшыбаев деген ғалымның пікірінше «ту» лексемасы көне түркі тілінде «тау» деген мағынаны білдірген. Кейін ол ұсақ трансформацияның әсерінен «ты» формасында қолданылады.
1979, 1990 жылдары Алматыдағы шекарашылар учелищесінің аумағында күміс теңгелер табылған. Ғалымдар оны зерттеп, Жетісу өңірінде XIII ғасырда теңге сарайы болған деген болжам айтты. Теңгелерде теңге сарайының аты Алмату деп көрсетілген. 1854 жылы көне Алмату қаласының орнына Верный бекінісі салынды. 1921 жылы Верный қаласы Алма-Ата деп аталды. Ал 1993 жылы ҚР-ның Конституциясына сәйкес қала өзінің тарихи атымен Алматы деп аталды.


5-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

Захирадин Мухамед Бабыр кім?


Бабырдың еңбегінде көне Алматы туралы қандай дерек келтірілген?
Мұхамед Хайдар Дулати деген кім?
Алматы қаласының атауы туралы Е.Қойшыбаев қандай пікір айтқан?
Қазіргі Алматының аумағында қандай көне заттар табылған?
Верный бекінісі қашан және қайда салынған?
Бұл бекіністің аты кейін қалай өзгерген?
Алматы өзінің тарихи атауына қашан ие болды?


6-тапсырма. Аударыңыз. 10-15 сөйлем құрастырыңыз.

Жазба дерек, түркі тілінде жазылған шығарма, «Бабыр нама» атты шығарма, қазіргі, аймақы билек, билік құру, негізін қалау, Бабыр әулеті, жаулап алу, жаулап алғанға дейін, жоғарыда аталып өткен, шапқыншылық кезінде, бір қызығы, апалы-сіңілі болу, әсерінен, Жетісу өңірі, ....деген болжам айту, заңды түрде бекітілу.




7-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, көрсетілген мерзім ішінде Алматы қаласының тарихында қандай оқиғалар орын алғанын жазыңыз.

1979, 1990 жылдары ________________________________________________


XIII ғасырда ______________________________________________________
1854 жылы ________________________________________________________
1867 жылы ________________________________________________________
1921 жылы ________________________________________________________
1993 жылы ________________________________________________________




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет