1-Сабақ Көптік жалғаулар 6



бет60/74
Дата01.08.2022
өлшемі1,08 Mb.
#147906
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74
Байланысты:
5 Metodichka dla izychenia kazahckogo iazika

2-тапсырма. Сөйлемдерді көшіріп жазып, баяндауыштың астын сызыңыз.

1.Қар жауады. 2. Астана –астанам. 3. Баласы Алматыда оқып жүр. 4. «Әсем» тұрмыс үйі көрікті. 5. Мен жиырмадамын. 6. Ағаш көркі -жапырақ, адам көркі –шүберек. 7. Тұрмысымыз жылдан-жылға жақсаруда.




3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті пысықтауышты қойыңыз.

1.Менің әкем ... істейді. 2. Саған ... барамын. 3. Тексті ... жаттап ал. 4. ... қар ериді. 5. Мен ... жылы тудым. 6. Біздің ... базар бар. 7. Мен ... жақсы сөйлеймін. 8.Біз Жаңа жылды ... қарсы алдық. 9.Киім сататын дүкенде ... адам бар.




4-тапсырма. Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.

Автомобиль тарихы


«Автомобиль» сөзі өзі қозғалатын деген мағына береді. Автомобиль пайда болмай тұра механикалық қозғалғыш құралдар болған. 1752 жылы Леонтий Шамшуренков Петербургте «өзі жүретін коляска» ойлап тапты. Бұл колясканы 2 адам педальмен жүргізген. Ал 1791 жылы Иван Кулибин үш доңғалақты, педальмен жүретін маховигі бар үш жылдамдықтағы өзі жылжымалы қондырғыны» ойлап тапқан. Оның жылдамдығы – 10 км/сағ болды.


Кейін оның орнына бу автомобилі мен аккумулятор (электромобиль) ойлап табылды. Ал әлемде ең бірінші іштен жанатын двигателі бар автомобиль 1886 жылы пайда болды. Оны неміс инженерлері К. Бенц пен Г. Даймлер жасаған.
Ал бірінші ресейлік автомобиль 1896 жылы шығарылды. Оны автоконструктор Е.А.Яковлев пен инженер П.А.Фрезе шығарғал. 1902 жылы П.А.Фрезе Ресейде бірінші рет жүк автомашинасын жасаған. Двигатель қуаты – 6 ат күші, ал жылдамдығы – 15 км/сағ.
Ал 1903 жылы Америкада Г. Форд автомобиль серияларын шығара бастаған.


5-тапсырма. Сұраққа жауап беріңіз.
а) «Автомобиль» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
ә) Автомобильге дейін қандай құралдар болған?
б) Леонтий Шамшуренков қай жылы, қандай колясканы ойлап тапқан?
в) Иван Кулибин қай жылы, қандай қондырғыны ойлап тапқан?
г) Ең бірінші іштен жанатын двигателі бар автомобилді кімдер, қай жылы ойлап тапқан?
д) Ресей автомобилін кім, қай жылы ойлап тапқан?


6-тапсырма. Мәтінді пайдаланып, толықтырыңыз.
1752...................................................................
1896...................................................................
1791...................................................................
1902...................................................................
1886...................................................................
1903...................................................................




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет