Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин) Сәлемдесу; Назарды сабаққа аудару



Дата19.11.2016
өлшемі101,75 Kb.
#2114
түріСабақ

Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі


ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

АШЫҚ САБАҚТЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕСІ

Пәннің аты: «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу»

Тақырыбы: Мінездеме

Әзірлеген: Оразалы Ж.Ж.

.

Шымкент 2014 жыл



Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі: (5 мин)

  • Сәлемдесу;

  • Назарды сабаққа аудару;

  • Оқу журналын толтыру;

  1. Жаңа сабақты түсіндіру:

Ойын сабағы: (67 мин)

  1. Кіріспе бөлім.

  2. Жаңа сабаққа шолу:

  3. Мінездеме

  4. Екі топ бір - біріне өткен сабақтардан 10 сұрақ жасырады.

  5. Өткен материалмен жұмыс.

  6. Екі топ бір - біріне сөзжұмбақ жасырады.

  7. Сұхбат мазмұны бойынша қажетті сұрақтарды жазады.

  8. Сөздіктерді пайдаланып, сөйлем құрайды.

  9. Сұрақтарға жауап береді.

  10. Тапсырма

  1. Бағалау: ( 5 мин)

  2. Үй тапсырмасын беру: (3мин)

Сабақтың тақырыбы: Мінездеме
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Өткен сабақ материалын пысықтап, тақырып

бойынша негізгі ұғымдар мен ережелерді меңгерту,

үлгісін толтыру арқылы бекіту алған білімдерін

практика түрінде қолдануға үйрету.



Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу тілін, қисынды және

шапшаң ойлау қабілетін, жазба сауаттылығын

жетілдіру, ой-өрісін, шығармашылық

белсендігін дамыту.



Тәрбиелік: Оқушының ынтасын көтеру, адамгершілікке,

инабаттылыққа, сыпайы сөйлей білуге тәрбиелеу,

әр бір істі саналы түрде орындауға, дұрыс шешім

қабылдауға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: алған білімді жүйелеу мен жинақтау, білік пен дағдыны

практикалық қолдану сабағы.


Сабақтың типі: ойын - сайыс сабағы.
Пәнаралық байланыс: әдебиет, кәсіптік қазақ тілі, этномәдениет,

педагогика.


Оқытудың әдістері және тәсілдері: дамыта оқыту технологиясы бойынша

өзара білім алмасу.


Сабақтың әдістемелік көрнекі құралдары: оқулықтар,

сөздік, слайдтар.



Әдебиеттер:

    1. «Қаз Рес-да іс-қагаздарын жүргізу» оқу құралы

    2. А.Ә. Жұмаева «Іс-қагаздары жэне олардың үлгілері»

    3. «Мектептегі тәрбие сагаттары» №6. 2012жыл журнал

    4. Ғаламтордан алынган материалдар жинагы

    5. «Информатика негіздері» № 5. 2012 жыл журналы


Оқытушы: Баймахан А. Қ.

Өткізілу орны: 318, ____ тобы.

Жоспар

  1. Ұйымдастыру кезеңі:




  1. Кіріспе бөлім:

Оқытушы: Сәлеметсіздер ме, құрметті шәкірттер, отырыңыздар. Бүгін кім кезекші? Орныңыздан тұрыңыз. Сабақта кімдер жоқ? Себептісі кімдер? Себепсіздер кім? Тақта мен бор, сүрткіш дайын ба? Дайын болса отырыңыз. Біз бүгін жаңа сабақты өтпес бұрын, үйге берілген тапсырманы тексерейік. Олай болса үйге не берілді.

Назарларын аудара отырып, дайындығын тексеру.


Жаңа сабақты түсіндіру: Мінездеме

Мінездеме – түрлі мекеме, ұйым, бірлестік, оқу орындарында белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, кәсіптік, адамшылық тұрғыда жазбаша сипттау мақсатында жиі жазылатын ісқағазының бір түрі. Мінездеме түрлері:

а) Қызметтік мінездеме,

ә) Аттестациялық мінездеме,

б) Жеке мінездеме.

Қызметтік мінездеме – мінездеменің айрықша кең тараған және әмбебап формасы. Қызметкерді обьективті әрі нақты мінездеу қажет болған жағдайда жазылады. Қорытынды бөлімі еркін стильде жазылады және құжат мазмұнын түйіндейді. Мінездеме қызметкерді басқа бір ваканцияға қажет деген мінез-қасиетттері, кәсіптік шеберлігі айтылады.

Аттестациялық мінездеме – белгілі бір адамның атқарып отырған қызмет орнына лайық, лайық еместігін тексеру мақсатында жүргізілген аттестация қортындысына орай жазылады. Мұндай мінездеме қортындысында «Атқарып отырған қызметіне лайық», «Қызмет бабында жоғары қызметке ұсынуға лайық», немесе «Атқарып отырған қызметіне лайық емес» деген түйінді сөздер жазылады.

Жеке \ функциональды\ мінездемелер – адамнаң жеке басының мінезін, білімін, шеберлігін, икемділігін т.б. сипаттай жазылады. Қорытынды бөлімінде мінездеме не мақсатпен жазылғандығы атап көрсетіледі. Мысалы: Еңбек келісімін ұзарту үшін т.б. Мінездеменің көлемі 1 беттен аспау керек. Мінездеме ресми стильде, бейтарап тонмен жазылады.

МІНЕЗДЕМЕ деректемелері:



  • құжаттың аты – МІНЕЗДЕМЕ;

  • мінездеме берілетін адам туралы қысқаша мәлімет;

  • мәтіні;

  • қорытынды;

  • мінездеме талап етуші ұйымның аты;

  • мерзімі;

  • мінездеме берушінің аты –жөні, тегі, қолы.

Ережеге сәйкес мінездеменің мәтіні екі бөлімнен тұрады:



Кіріспе бөлімде - фамилиясы, аты, әкесінің аты, туған жылы, туылған күні, білімі, қызметі, еңбек өтілі көрсетіледі.

Негізгі бөлімде – іскерлігі, жұмысына жауапкершілігі, алған марапаттаулары, ұжымдағы адамдармен қарым-қатынасы, қызметтегі өсуі жазылады.

Мінездемеге мекеме жетекшісі, жетекші маман, қоғамдық ұйым жетекшісі қол қояды, мөрмен куәландырылады. Мінездеме 2 (екі) данада жазылады.



ЖАҢА СӨЗДЕР

Жұмыс істеу мерзімі – срок работы

Қызмет бойынша өсу – повышение по должности

Мамандануы – специализация

Тұрмыстағы тәртібі – воспитание в быту

Тәртіпті – воспитанный

Еңбекқор – трудолюбивый

Жауапты қызметкер – ответственный работник

Әріптестерінің сыйлауы – уважение коллег

Уақытында орындай білу – выполнить своевременно


2-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. «Қазақ тілінің жанашыры» құрмет белгісіне лайықты тұлғаға мінездеме беріңіз.

Наурыз айында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Тіл комитеті және Республикалық ақпараттық-сараптамалық «Тіл» журналының ұйымдастыруымен «Қазақ тілінің жанашыры» құрмет бетісін табыстау рәсімі өтпек. Бұл құрмет белгісі мемлекеттік марапаттау немесе кезекті бар науқанның нәтижесі емес. Бұл – тәу етер жалғыз киеміз Тәуелсіздігіміздің қолға тигелі бері, қазақ тілінің қанатын кеңге жайып, өз дәрежесінде қолдануына үлес қосып жүрген, шын жан-тәнімен осы тілдің ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген жандардың еңбегін ескеріп, олардың жұмыстарына жаңа серпін берсек деген ниеттен туындаған дүние.

«Тіл» журналы


3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Сөйлем құрылымын жазба ресми стильде жазыңыз.

Әсем Халыққызы Оспанова – біздің басшымыз. Ол кісі өте іскер, мәдениетті, білімді, тәрбиелі, ұйымдастыру қабілеті зор. Ұжымдағы қызметкерлердің әрқайсысымен тығыз іскери қарым-қатынас жасай алады. Біз Әсем Халыққызы Оспанова ханымды, менің ойымша, облыстық мәслихатқа депутаттыққа кандидат ретінде әбден ұсынуға болады. Халық қамын ойлай білетін, күрделі мәселелерді шеше білетін депутат болады деп сенеміз.

...................................

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

............................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................


4-тапсырма. Өлеңді оқыңыз. Сипаттау ерекшелігіңе қарай әрбір шумаққа атау беріңіз. Қарамен жазылған сөздерге мән беріңіз.
.................................................................

Барлығына үлгі болар, қарақтар,

Байсалды да, ақылды да Марат бар.

.................................................................



Жеке басым ең алдымен, Мараттың,

Жасы үлкенді сыйлағанды жараттым.

.................................................................



Сенбейсің бе күнделікті парақта:

Талай бестік қойылыпты Маратқа.

.................................................................



Батыл емес дей алмайсың Маратты,

Сол үйретті ауылдағы бар атты.

.................................................................



Алғыссыз күн болған емес Маратта,

Жетеді онда ынта, жігер, талапта.

.................................................................



Қай өнер де табылады Мараттан,

Ән салғанда жұртты өзіне қаратқан.

.................................................................



Міне, сондай жақсы бала Маратпен

Дос бала алмай жүргендер де бар, әттең!

(Қ.Мырзалиев)




  1. Аудитория белсендігін көтеру:

Ой сергіту сәті:

  1. Әсел—ара балы

  2. Әскер—мемлекеттік қарулы күш

  3. Әтір—жағымды иісті, жұпар иіс су

  4. Әулет—бір атаға жататын үрім-бұтақ

  5. Әумин—дұға оқып, бата қылу үстінде «қабыл болсын»

  6. Ант—серт , уәде, шарт

  7. Арғымақ—сымбатты да жүрден асыл тұқымды жылқы

  8. Арбакеш—арба айдаушы, арба жүргізуші адам

  9. Аспаз—ас даярлаушы

  10. Асаба—той ағасы, дастархан бастаушы

  11. Баға—заттың құны

  12. Бағбан—бау-бақша күзетуші, баптаушы

  13. Бақ-бақ—жапырақсыз сарғылт гүлдің сабағы қуыс өсімдік

  14. Бақыр—шұңғылдау келген сапты темір ыдыс

  15. Аманат—сақтау үшін немесе екінші бір адамға табыс ету үшін берілетін зат




  1. Екі топ бір - біріне өткен сабақтардан 10 сұрақ жасырады.

  2. Екі қатарды сәйкестендіріңіз:

  3. Екі топ бір - біріне сөзжұмбақ жасырады.

  4. Сөздіктерді пайдаланып сөйлем құрастырыңыз

ІІІ. Жаңа сабақты қорыту:

  1. Сөздіктерді пайдаланып, сөйлем құрайды. (қай топ көп табады)

Оқу - учиться

  • бітіру - закончить

  • жұмыс істеу - работать

  • міндетті - обязан

  • ұлт - национальность

  • түйіндеме - резюме

  • үлгі құрастыру - составить образец

  • мәлімет - информация

  • білім - знание

  • жоғары білім - высшее образования

  • орта білім - среднее образования

  • сала - сфера

  • жағдай - положения

  • ауыстыру - поменять

  • үйленгенмін - женат

  • қосымша мәліметтер - дополнительные сведения

  • әскери қызметті өтеу - выполнять воинскую службу

  • ауысу - перейти




  1. Сұрақтарға жауап береді. (қай топ көп табады)




  • 1.Өмірбаян қандай құжат?

  • 2.Өмірбаянда қандай мәліметтер жазылады?

  • 3.Түйіндеменің өмірбаяннан айырмашылығы неде?

  • 4.Түйіндеме жазудың ерекшеліктері?

  • 5. Түйіндеме не үшін жазылады?



Төмендегі мақал-мәтелдерді дәптеріңізге көшіріп жаттап алыңыз.

Еңбектің наны тәтті.

Жалқаудың жаны тәтті.
Еңбек – ырыстың бұлағы,

Еңбек – бақыттың шырағы.


Еріншектің егіні піспес.
Кәсібі молдың

Нәсібі мол.


Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей


Бағалау:

VІ. Үй тапсырмасын беру:

Мінездеме тақырыбын оқып, құжат үлгісін жазып келу.

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Оразалы Жұмаділла Жолдыбайұлы
Қазақ тілі мен әдебиеті оқытушысы

Ф ОҚПК Әдістемелік әзірлеме



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет