Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
30 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Оқушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау арқылы бағалау
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып қосымша ақпаратпен танысады.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
1. «Дүниежүзілік шаруашылық модельдері» мәтінді оқып, сұрақтарға жауап беріңдер. Дүниежүзілік шаруашылықтың екімүшелі моделін түсіндір. Дүниежүзілік үшмүшелі модельдің ерекшелігі қандай?
Орталық, перифериялық, жартылай перифериялық елдер ұғымдарын түсіндір.Онмүшелі модельдің қалыптасу кезеңдері қандай?
«Дүниежүзілік шаруашылық модельдері» мәтінді және карталарды пайдаланып, дүниежүзі елдер топтары мен әр топқа жататын елдерді анықтап, кесте толтырыңдар.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1.-«Дүниежүзілік шаруашылық модельдері» мәтінді оқып, сұрақтарға жауап береді
-Орталық
-Перифериялық
-Жартылай перифериялық
-ЖИЕ (жаңа индустриалды елдер)
-Парсы шығанағы елдерін анықтайды.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
Тапсырмалар айдарындағы 2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
Қазіргі дүниедегі дүниежүзілік шаруашылықтың он өлшемді моделін орналастырыңдар.
|
Дескриптор: Жалпы -4 балл
2. Қазіргі дүниедегі дүниежүзілік шаруашылықтың он өлшемді моделін орналастырады.
|
ДК экраны
9-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|