Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.
Сұрақтар:
1.Функцияның екінші ретті туындысын қалай табуға болады?
2.Функция графигінің иілу нүктесінің анықтамасын білесіңдер ме?
3.Функция графигінің дөңес аралықтарын қалай табуға болады?
|
1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.
2. Өзгенің пікірін толықтырады.
Мақсаты: Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
|