Қарым-қатынастың түрлерi: 1. Маскiлi қарым-қатынастар; бiр күннiң iшiнде бiрнеше маска кию. Формалды қарым-қатынас, яғни мұнда маскiлердi пайдаланып сұхбаттасушылардың тұлғалық ерекшелiгiн түсiнiп ескеруге талпынамыз (сыпайлық, қаталдық, тұйықтық). Шынайы сұхбаттасушыға деген сезiмдерiн, эмоцияларын қарым-қатынас барысында көрсетпейдi.
2. Формалды рөлдiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының тұлғасы мен әлеуметтiк рөлi маңызды болып табылады.
3. Iскерлiк қарым-қатынас – мұнда сұхбаттасушының iске деген тұлғалық ерекшелiгi, мiнезi, жасы, көңiл-күйi ескерiледi. Сонымен бiрге оның iске деген қызығушылығы мәндiк маңызды орын алады.
4. Достардың рухани және тұлғалық қарым-қатынасы – мұнда кез келген тақырыпқа әңгiме қозғауға болады, тек сөз арқылы ғана емес жест, мимика арқылы бiрiн-бiрi жақсы түсiнедi.
5. Маникулятивтiк қарым-қатынас сұхбаттасушыдан белгiлi бiр пайда табуға бағытталған. Ол үшiн сұхбаттасушының тұлғалық ерекшелiгiне байланысты түрлi әдiстер пайдаланады.