Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты С нұсқа есептерін сипаттап көрсетеді.
|
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып бөліп шығару мүшелерімен танысады.
|
|
1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
1-тапсырма
1. Саяхатшы 1,2 сағатта 5,52км жол жүрді. Саяхатшының жүру жылдамдығын табыңдар.
Шешуі: Саяхатшының жүру жылдамдығын табу үшін,
5,52:1,2 бөліндісін табу керек. Бөліндінің негізгі қасиетін пайдаланып,1,2-ге бөлуді натурал сан 12-ге бөлуге келтіреміз. Бөлгіш 1,2-де бір ондық таңба бар. Сондықтан бөлінгіш 5,52-ні де , бөлгіш 1,2-ні де 10-ға көбейтеміз.
5,52:1,2꞊(5,52*10):(1,2*10)꞊55,2:12
5,52:1,2꞊55,2:12 55,2:12꞊4,6
Сонда ондық бөлшекті бөлуді натурал санға бөлуге келтіріп орындауға болады.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл
1. Саяхатшы 1,2 сағатта 5,52км жол жүрді. Саяхатшының жүру жылдамдығын табады.
|
ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
|
2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.
|
2-тапсырма
1. Жеміс сусынын дайындау үшін 7 бөлік кепкен алма, 3 бөлік өрік және 2бөлік жүзім алынды. Ондағы кепкен алма өрік пен жүзімнен 0,6 кг артық. Жеміс сусынын дайындау үшін барлығы неше килограмм жеміс-жидек алынды?
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл
1. Жеміс сусынын дайындау үшін 7 бөлік кепкен алма, 3 бөлік өрік және 2бөлік жүзім алынды. Ондағы кепкен алма өрік пен жүзімнен 0,6 кг артық. Жеміс сусынын дайындау үшін барлығы неше килограмм жеміс-жидек алынды?
Шешуін табады.
|
ДК экраны
5-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
Слайд.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
|
|