Қысқамерзімді жоспар
№26-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
Бөлім:
|
Мәтінді есептер
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сыныбы:
|
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты
|
5.1.2.30 ондық бөлшекті натурал санға және ондық бөлшекке бөлуді орындау;
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар үшін:
Ондық бөлшекті натурал санға бөлу ұғымын біледі есеп шығаруға пайдаланады.
Көпшілік оқушылар үшін:
осы тақырыптар бойынша алған теориялық білімдерін есептер шығаруда қолдана алады,ондық бөлшектерді бөлу тақырыбын толық меңгереді;
Кейбір оқушылар үшін:
практикада білімдерін нақты қолдана білу дағдыларын, логикалық ойлау қабілеттерін шыңдай отырып шығармашылық қабілеттерін, білім мен білік дағдыларын шыңдау.
|
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту.
7 мин.
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді. Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.
|
Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы
ДК экраны
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.
Өзгенің пікірін толықтырады.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
|
1. Ондық бөлшек дегеніміз не?
2. Ондық бөлшекті натурал санға қалай бөледі?
3. Егер ондық бөлшектің бүтін бөлігі бөлінгіштен аз болса, қалай бөлінеді?
4. Ондық бөлшекті бөлу барысында қалдық қалса не істеу керек?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |